Президенттің 1997 жылғы Жолдауындағы Еуразияшылдық идеясы
Негізгі түсініктер: еуразияшылдық тұжырымдама, қазақстандық жоба, еуразиялық миссия
Әдебиеттер тізімі:
Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы, 1997.
Назарбаев Н. Ә. Тарих толкынында. Алматы. 1999.
Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: «Атамұра», 2003.
Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.
Назарбаев Н. Ә. Қазақстандық жол. Алматы, 2007.
Назарбаев Н. А. Евразийский Союз: идей, практика, перспективы 1994-1997. Москва; Фонд содействия развитию социальных и политических наук, 1997. 480 с.
Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде // Саясат, 2000, ақпан-наурыз. 52-53 бб.
1.Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады.Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.
1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде» орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялық жағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген: біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұнда өзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында «ортадағы» жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобаға көзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға негізгі дайындық болды.
Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын»түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.
Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Қазақстан Президенті «жаңа ықпалдастық бірлестікке» төмендегідей анықтама береді: «ЕАО – әрбір қатысушы елдердің ұлттық-мемлекеттік мүддесін іске асыруға бағытталған және тұтас бірігу әлеуетіне ие, тең құқылы тәуелсіз мемлекеттердің одағы. ЕАО егемен мемлекеттердің ықпалдасу нысаны болып табылады». Бұл тұжырым егемендік туралы принципті мәселеде ешбір күдікке орын қалдырмайды. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы мемлекеттердің егеменділігін сақтай отырып ықпалдасу тұрғысындағы бастама. «Еуразиялық одақ» жобасының негізіне алынған саяси қағидалар да осымен байланысты: теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, егемендігін сыйлау, территориялық біртұтастық пен мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы. Осы өзекті қағидалардың әр қайсысы қатысушы мемлекеттердің өз егемендігін сақтауына бағытталған. Атап айтқанда, «Еуразиялық одақта» жалпы немесе қос азаматтық қарастырылмаған – әр адам нақты ұлттық-мемлекеттік азаматтығына ие болуы тиіс. Егеменді мемлекеттердің «Еуразия одағына» кіруі ерікті түрде жүзеге асады, дегенмен жобада принципті бір пункт бар, ол жаңа қауымдастықтың іс әрекет қабілеттілігіне мүмкіндік туғызатын – «ЕАО-ға мүшелікке қауымдасқан түрде кіруге жол бермеу». Жобаның негізгі ережелерінің ішінде, қабылданған шешімдердің орындалуының өзара «міндеттілігі» туралы мәселенің ерекше мәні бар (Н.Ә. Назарбаев бұл жайында кезекті пікірталастар барысында үнемі ескертіп отырды). «Еуразиялық одақ» қағаз жүзінде қалмау үшін, жобада ұлттық ұйымдардан тыс құрылымдар айқындалған (мемлекетаралық ұйымдарда қабылданғандай): Елбасылар және үкімет басшылары Кеңесі, ЕАО Парламенті, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, мемлекетаралық атқару комитеті. Сонымен қатар «Еуразиялық одақта» «біртұтас экономикалық кеңістік» қалыптастыру ойластырылғанымен, біртұтас саяси кеңістік қарастырылмаған. Бұл өте қисынды, өйткені қатысушы мемлекеттер экономикаларын кіріктіре отырып, саяси егемендігін сақтап қалады. Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық ұсыныстарына сай, еуразиялық аймақтық бірлесу – Қазақстан үшін де, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдері үшін де, «ішкі әлеуетті» дамытудың тиімді құралы. Мұндай нәтижелі даму (дағдарыстан шығу және экономикалық өсу) «жаңа нарықтық негізде елдердің экономикалық кірігуі жағдайында» ғана мүмкін. Жобаның басым бағыты – прагматикалық (өзара тиімді) экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б. сол сияқтылар. Қазақстан Президенті, 1990-шы жылдары шешілуге тиісті, бірқатар өткір мәселелерді көрсетті. Атап айтқанда, - «біртұтас экспорттық саясатты» жасау, және оны «барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне сай» жүргізу. Сондай-ақ, ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын жетілдіру мен жақындастыру жөнінде прагматикалық (өзара тиімді) мақсаттар қойылды, өйткені «олардың арасындағы айырмашылықтар, экономикалық бірлесу үдерістерінде айтарлықтай кедергі келтірді». Жалпы алғанда, ТМД аумағында «жаңа экономикалық тәртіп» орнықтыру, «экономикалық саясатты келісіп жүргізу» және «экономикалық реформаларды жүргізудің бірлескен бағдарламасын» қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, Еуразиялық жоба экономика саласымен ғана шектелмейді, онда, күш біріктіруді қажет ететін: ғылым, мәдениет, білім, қорғаныс, қауіпсіздік, экология мәселелері өз орнын тапты.
Н.Ә. Назарбаев 1994 жылғы жобада Еуропалық мүддеге жергілікті, аймақтық мүдде тұрғысынан ғана қарап қоймайды. Қазақстан Елбасы нағыз болашақты болжаушы саясаткер ретінде, экономикалық бірлесудің ғаламдық дәрежедегі мәселелерін де көре білген. Осы орайда «тарих қисыны мынадай, яғни әлемдік қауымдастыққа бірігу тек жұмыла кіріскенде ғана мүмкін болмақ». ТМД елдері үшін «алыс шет елдердегі қандайда бір аймақтық экономикалық бірлестіктерге қайта бағыт алу әрекетінің жүзеге аспайтындығы айқын болды». Бірақ аймақтық бірлесу – бұл бүкіл әлем елдерінен тасалану амалы емес, керісінше, жобаның эпилогінде көрсетілгендей «XXI ғасыр қойнауына өркениеттік жолмен ену» (мүмкіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық ықпалдасу жобасы, Қазақстан Республикасының және басқа да әлем елдерінің ішінен Еуразия Одағына қатысам деушілердің, шынайы мемлекеттік егемендігінің күшейуіне бағытталған. Егеменді мемлекет және аймақтық ықпалдастық жаңа Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін екі қажетті қозғаушы күш ретінде елестейді.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық даму тұжырымдамасы Еуразиялық жоба жарияланған соң үнемі дамытыла берді. Еуразиялық бастама әлеуетін тәжірибеде жүзеге асыру да қатар жүргізілді. Жоба аймақтық мәселелерді парасаттылықпен ұғынудың қуатты көзіне айналды.
Жобаны белсенді түрде талқылау 1994 жылы өтті. Жобаны жариялаған соң үш күннен кейін, яғни маусымның 11 күні, Н.Ә. Назарбаев «Независимая газета» да кең көлемді сұхбат берді. Мәскеу қаласында 14 маусым күні РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында өткен «Еуразиялық ықпалдастықтың болашағы» атты дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық – сараптау орталығының бастығы М.М. Тәжин баяндама жасады. Ал, шілденің 5 күні РФ Мемлекеттік Думасында өткен тыңдауда, жобаның мәні туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Т.А. Мансұров баяндап берді. Сондай-ақ, Мәскеу қаласында шілденің 18 күні Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Кеңесі мәжілісінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаев арнаулы хабарлама жасады. Осылайша ТМД елдерінің зияткерлік өміріне жобаның енуі басталды. Еуразиялық жобаның түсіндірілуі мен одан әрі дамуында, әсіресе үлкен роль атқарған Қазақстан Президентінің, яғни автордың баяндамалары, мақалалары, сұхбаттары болды. Ол өткен 15 жыл (1994 жылдан бастап) бойына халықаралық кездесулерде, сондай-ақ әр түрлі ғылыми конференцияларда, баспасөз бетінде Еуразиялық ықпалдастық тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Н.Ә. Назарбаев 1994 жылдың қыркүйек айының 20 күні Алматы қаласында өткен «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы» деген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, Еуразиялық жобада «ұлттық мемлекеттік құндылықтар мен жаңа негізде ықпалдасу қажеттілігі үйлесімінің, әсіресе экономика саласында, өркениеттік формуласы табылғанын» атап көрсетті. Мәскеу қаласында Әлеуметтік ғылымдар Академиясында 1994 жылы қазан айының 22 күні жасаған «Еуразиялық одақ: идеялары, проблемалары, болашағы» атты баяндамасында Қазақстан Президенті былай деді: «Еуразиялық жобада «нарықтық қатынастарға негізделген жаңа ықпалдастық, жаңа одақ туралы әңгіме өрбиді». Еуразиялық жоба бұрынғы бірлестіктерді қайталау емес, түбегейлі жаңа ықпалдастық болып табылады.
1995 жылдың басында, баспасөз толық негізде, Н.Ә. Назарбаевты «еуразиялықтың идеологы» және жаңа заман еуразисі, яғни өткенге емес, болашаққа – XXI ғасырға назар аударушы деп атады. Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы еуразиялықты рухани зияткерлік тұрғысынан тиянақтауға үлкен мән берді. «Россия» газетіне (1995 жылдың қазаны) берген тұжырымдамалық сұхбатында Президент былай деген болатын: «Еуразияда бірқатар елдер бар – «Солтүстікте Ресейден бастап, оңтүстікте Үндістанға дейін», әзірге олар «Шығысқа да, Батысқа да жатпайды» дей келе, бұл кеңістікті «аңдысын аңду белбеуі» деп атады. Еуропаның, әсіресе Азияның болашағы едәуір дәрежеде осы геосаяси белбеу елдерінің өз бағытын қалай анықтауына тәуелді болмақ. Оларға Ресеймен бірлесе отырып, «қауіпсіздіктің жаңа жүйесін» құруға болар еді. Көрініп тұрғандай, Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, тек Еуразиялық жоба ғана осы аймақты геосаяси «аңдысын аңду» саясаты жағдайынан алып шығатын сындарлы күшке ие.
Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық» үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп Қазақстан Президенті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді, «ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді.
Ықпалдастықтың жаңа стратегиясы бірқатар ережелерге негізделінуі тиіс: 1) «бірыңғайланған», «стандартталған» ықпалдастықтың орнына жағрафиялық жағынан неғұрлым жергілікті және неғұрлым іс-әрекетке (практикаға) ерекше мән берілген жолмен жүру, яғни бұл егеменді мемлекеттердің экономикалық құндылықтарын ескеруге мүмкіндік береді; 2) посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес, КСР- ны қалпына келтіруге шақыру егеменді мемлекеттерді онан сайын бір-бірінен алшақтата түседі; 3) «ықпалдастық туралы бос ұрандатудың қажеті жоқ», мақсаттар айқын болуы тиіс, яғни, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалыстағы «біртұтас нарығы»; 4) ТМД мемлекеттерінің ықпалдастығын сыртқы саясаттағы басымдылық ретінде тану.
«Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің еуразиялыққа «пісіп-жетілуін»күтпейді», «еуропалық» вектор мен «орталық-азиялық» – негізгі екі бағытта көптеген байланыстар орнатады» - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Нақ осы бағыттарда, «екі жылдамдықпен», Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, 1990 жылдың орта шенінде ТМД елдерінде ықпалдастық «ядросының» қалыптасу үдерісі жүрді. Сол кезде, 1996 жылдың басында, ықпалдастыққа ұмтылыстың жаңа толқынында, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен жүргізген келіссөз барысында, тұңғыш рет аймақтық ықпалдастықтың ортақ валютасы ретінде – «алтынды» ұсынды, өйткені бұл ұғым «славяндарда да, түркіліктерде де қолданылыста болған».Еуразиялық жобаның дамуындағы жаңа тұжырымдамалық қадам, аймақтық ықпалдастықтың «ықпалдастық ядролары», «векторлары» және «жылдамдықтары» туралы идея болды. 1996 жылы Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық жобаның барлық тұжырымдамалық (және іс-әрекеттік) диверсификациясын 1990 жылдардың шынайылықтарына сәйкестендіре отырып жүзеге асырады. Мұндай диверсификация Еуразиялық ықпалдастықтың Кедендік одақ көлеміндегі ықпалдастыққа қайшы келмейтіндігіне салмақты дәлел болды. Бұл екі мемлекетаралық бірлестіктер неғұрлым кең көлемдегі ықпалдастықтың аймақтық компонентері, яғни болашақ Еуразиялық одақ құрылымының «бейне-үлгісі» болды. Қазақстан Президентінің 1996 жылы жасаған жалпы қорытындысы: «Ықпалдасушылық, теңдікке, еркіндікке және прагматикалық құндылыққа негізделсе, – бұл Еуразияның лайықты болашағы, ол тек осы жағдайда ғана әлемдік экономика мен XXI ғасыр саясатының жаһандық факторына айналмақ».
Н.Ә. Назарбаевтың жаңа тұжырымдамалық көзқарастары бірте-бірте іс-жүзіне асырыла бастады. Соның мысалы, 1996 жылдың наурыз айының 29 күні жасалған Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы шарты бола алады. Бірақ, ықпалдастық үдерісі тура жолда, бір мәнділікте болмады және бұл болашақта ықпалдастық іс-әрекетін дамыту мен қоса, еуразиялық ғылымды да дамыту қажеттілігінің куәсі іспетті еді. 1996 жылдың мамырында Қазақстан Президенті Еуразия университетін құру туралы шешім қабылдады. Бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, яғни 1994 жылдың қыркүйек айының 20 күні «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастықтың әлеуеті, және оны іске асыру» атты халықаралық конференцияда Н.Ә. Назарбаев Еуразия университетінің идеясын ұсынды. Ол тек қана білім беру емес, «әдіснамалық» мақсаттарды да шешуі тиіс болатын.
Қазақстан Президенті жаңа үлгідегі университетті Астана (ол кезде әлі Ақмола) қаласында құруды дұрыс деп тапты. Ол кезде қала әлі астаналық мәртебеге ие болмаса да, болашақ астананың тәуелсіз Қазақстанның болашақ аймақтық стратегиясында алар орны зор екенін байқатқандай еді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа 1996 жылы мамырдың 23 күні қол қойылды. Бұл бірегей шешім олқылықтың орнын толтырды (ТМД елдерінің ғылыми қауымдастығында көпшілік үшін тосын жағдай еді) және Қазақстанға келген шет елдік оқымыстыларға үлкен әсер етті. Шындап келгенде Еуразия университеті Астананың рухани зияткерлік қара шаңырағына, ғылым мен білімнің ордасына айналды.
Еуразиялық ұлттық университеттің құрылуы көп салалы мәнге ие. Біріншіден, жаңа астанада аса ірі университет құрылды, мұның өзі өсу үстіндегі мемлекет үшін төтенше маңызы бар. Екіншіден, жаңа университет тұжырымдамалық атауға ие болды. «Еуразиялық» - XX ғасырдағы аса көрнекті еуразия тарихшысы Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілді. Ғалымның 90 – жылдығына орай, 2002 жылы ЕҰУ – де Л.Н. Гумилевтің мұражай кабинеті ашылды, оған әйелі Наталья Викторовна Гумилева Лев Николаевичтің Мәскеудегі түпнұсқа жұмыс кабинетін түгелдей әкеп берді. Атап айту керек, мұндай университетті құру абсолюттік жаңашылдық болды және ТМД кеңістігінде теңдесі жоқ. Үшіншіден, Қазақстан университеттік дәрежеде қазіргі заманғы еуразияшылдықтың ғылыми талдамасына негіз қаланды (2002–2007 жылдары ЕҰУ–нің қабырғасында алты рет халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді, оларды әртүрлі елдердің ғалымдары қазіргі заманғы еуразияшылдықтың өзекті мәселелерін талқылады). Төртіншіден, ЕҰУ – нің құрылуы еуразиялық идеяны білім беру саласына енгізудің, қолданудың іс – жүзіндегі қадамы болды. Бесіншіден, тек ЕҰУ-нің негізінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандық бөлімшесі табысты жұмыс атқаруда. Бұл Қазақстан Президентінің ынтасымен құрылып, еуразияшылдықтың іс-жүзіндегі бір көрінісі болып табылады.
Айталық, Астана қаласында 1996 жылы рухани зияткерлік қазақстандық еуразияшылдықтың көрнекті және тиімді нышаны пайда болды. Президент Н.Ә. Назарбаев еуразиялық идеяға үміткерлерді бұл тұста да басып озды (оң пайымдау мағынасында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің құрылғаннан бері, оның қабырғасында ондаған мемлекет басшылары, көптеген белгілі шет елдік саяси, қоғамдық қайраткерлер мен оқымысты-ғалымдар студенттердің алдында сөз сөйледі. Солардың әрқайсысы, университет табалдырығын аттағанда да, оның мінберіне көтерілгенде де, сөз жоқ, Қазақстанның Еуразиядағы, ғаламшардағы алатын орны туралы ойланбай-толғанбай қалмайды.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық ықпалдасушылыққа жете зерттелген теория қажеттілігін де көре білді. Сондықтан да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар алдында, Қазақстан Президенті қазіргі заманға сай «ықпалдастықтың біртұтас үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық – 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы, Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған, нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастық үдерісінде айтарлықтай ілгері басушылық байқалды.
ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық- мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды.
2. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей: еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет, сондай мүмкіндіктердің бірі «біздің еуразия аймағындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан жағрафиялық жағдайымыздан шығады», және бұны «ғаламдану үдерісі... шешуші факторлардың бірі ретінде алға шығарды». Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы сауда-саттық Жібек Жолы арқылы жүргізілген болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта да сауда, қаржы ағымы жүйелері және Еуропа мен Азия арасындағы көші-қон барған сайын күшейе түспек. Тек осы себепке байланысты, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті, – басқа да көптеген саяси тұрақтандырушы факторларды айтпағанда, мен еуразия идеясын алға шығардым, оның стратегиялық болашағына сенімдімін».
Маңызды мәселе, Н.Ә. Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін кеңейте түсті – енді еуразияның келелі мәселелер жиынтығы ТМД елдерін қамтып қоймай, Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігін де қамтыды. Қазақстан Президенті «Еуразия құрлығында түгелдей тату көршілік, сенім арту қатынастары» орнатылуы қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Қорытындысында, Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның белортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». Еуразиялықтың мән-мағынасын түсіндіруде аса маңызды – приципті және жаңашыл – қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда жүретін жолына сәйкестігі туралы 1997 жылғы Жолдауында айтылды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әр түрлі жол бар: батысеуропалық, шығыс азиялық, ресейлік, жаңатүркілік.
Елдің нышаны ретінде қар барысын таңдай келе, Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Азиялық жолбарыс тұқымдас бола тұра, Қазақстан Барысының «өзіндік ерекшелігі бар» - ол ең үздік ұлттық, батыстық және шығыстық сапаларға ие болуы тиіс. Қазақстан Барысының мұндай сапалық үйлесімі, Қазақстанның «еуразиялық ел» ретіндегі қасиетті нышандардың тоғыстырылуы еді.
Сонымен, Еуразиялық жоба және кең мағынадағы еуразиялық – доктриналық (ілімдік) деңгейге тұжырымды көтерді.
Дәріс 10.