ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы

«Игілік – Фининвест» өндірістік - коммерциялық фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы қыркүйек айында, Алматы қаласында құрылған.

Фирма Қазақстан Республикасы заңдарына белгіленген шаруашылық қызметін, жүргізу шарттарын қадағалай отырып, жарғы мен құрылтайшылар келісім – шарты, ары қарай «Құрылтай құжаттары», негізінде құрылған және соны басшылыққа ала отырып қызмет көрсетті. Фирма өз аты жазылған дөңгелек мөр бұрыштама белгімен басқа да заңмен белгіленген міндетті мәліметтерге ие.

ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының мақсаты табыс табу.

Фирма қызметінің арқауы:

полиграфиялық қызмет көрсету.

Фирма заңды тұлға құқығына ие, яғни, ол оқшауланған мүлікке және мүліктік емес жеке құқықтарға ие бола алады, азаматтық қатынастарға түсуге, міндеттерге ие болуға, сот не төрелік орындар немесе аралық соттарда талапкер не жауапкер болуға құқылы.

Фирма мүліктері ақшалай қаржылар және басқа да мүліктерді еңгізу жолдарымен құрылып, оның меншігі болып есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін жүргізу үшін құралған жарғылық қордың мөлшері 1257,3 мың теңге / миллион екі жүз елу жеті мың үш жүз / теңге.

Фирма табыстары материалдық шығыстарды жабуға, салықтарды қызметкерлердің еңбекақыларын төлеуге басқа да міндетті төлемдерге жұмсалады.

Таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық қордағы үлестеріне пропорционал мөлшерде бөлінеді.

Фирма мөлшері жарғылық қордың 25 процентіне тең резерв /сақтандыру/қоры құралады. Резерв қоры жыл сайын таза табыстың 5 проценті жарияланған. Сомаға жеткенге дейін жіберіп отыру нтижесінде құралады. Мүмкін болатын шығындарды жабуға резерв қорекжетпесе, шығындарды жабу көздерін фирманың жоғарғы басқару органы анықтайды.

Фирманың басқару органдары – құрылтайшылардың жалпы жиналысы, Президент болып табылады. Құрылтайшылардың жиналысы ең кемінде жылына екі рет жиналады. Кезектен тыс жалпы жиналыс қажет болғанда Президент немесе жалпы жиналыс шақыруды фирма мүддесі талап еткенде шақырады.

Президент фирманың атқарушы органы болып табылады. Ол құрылтайшылардың жалпы жиналысы алдында есепті және оның шешімдерін орындалуын қадағалайды.

Еңбек ұжымының мүшелері болып, фирмамен жасаған еңбек келісім – шарттары немесе фирманың және қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарының басқа да формасы негізіндереттелетін түрде өзінің дербес еңбегімен фирманың қызметіне араласатын тұлғалар есептеледі.

Фирма өзінің қаржылық – шаруашылық қызметін кемінде жылына бір рет тексеруі керек, ал кезектен тыс тексеру жұмыстары кез – келген құрылтайшының талабымен жүргізілуі мүмкін. Оперативті, бухгалтерлік және жалпы есеп беру, бухгалтерлік және статистикалық есеп пен жалпы есеп беру мәселелерін реттейтін нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып ұлттық валюта түрінде жүргізіледі.Фирманың коммерциялық құпиясы ретінде, мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпараттар мен басқару, қаржылар және басқалармен байланысты, тарап кетсе фирманың коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттар түрі мен құрамы, оларды қорғау тәртібін Президент ұсынысы мен Құрылтайшылар жиналысы бекітеді. Құпияны бұзғандар үшін жауапкершілік зағ актілерімен және келісімдер мен анықталады.

Фирманың қызметі:

а/ құрылтайшылар жиналысының шешімі бойынша;

ә/ тоқтатуға өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша;

б/ құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да негіздер бойынша тоқтатылады. Сонымен қоса фирма қызметін қайта құрғанда / бірігу, қосылу, бөліну, түрлену/ немесе жойылғанда тоқтатады.

Қаржылық есеп берудің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың нақты қолдағы болуы, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің ұлғаюы, кәсіпорынның алдағы кезеңде дамуын сипаттайды.

Берілген баланс бойынша активтердің құрамы және орналасуын талдау үшін аналитикалық кесте құрастырылды. 1.1. кестеге қарап отырып валюта балансының алдыңғы жылмен салыстырғанда 2053,1 мың теңгеден 5792,7 мың теңгеге дейін, яғни, 3739,6 мың теңгеге көбейгені көрініп тұр немесе 1,82 процент. Бұл кәсіпорын жағдайының жақсы жағын куәландырады. Бірақ, міндетті түрде бұл активтердің қалай орналасқандығы және есеп беру кезінде қай нәрсеге көңіл көп бөлінгендігін анықтау қажет, кәсіпорынның өндірістік шама жағдайын негізгі құралдарын анықтау қажет. Бұл үшін бәрінен бұрын кәсіпорынның өндіріс шамасының көлемін анықтау қажет. Бұл көрсеткіштің коэфициенті Кn ≥ 0,5 болуы қажет. Егер, бұл көрсеткіш мәнінен төмен болса, ұзақ мерзімді қарыздарды тарту жөн. Өндіріс шамасының көлемі жыл басына 1665,5 мың теңге, жыл соңында 5466,7 мың теңге. Яғни, 3801,2 мың теңгеге өсті. Барлық баланс активтері құнының өндірістік шама үлесі 13,3 пункке өсті. Сондықтан бұл өндіріс шамасының жақсы деңгейін білдіреді.

Осы көрсеткіштен кейін, баланс валютасының ағымдағы активтер үлесінің анықтау маңызды. Ол коэффициенттің маңызы жоғары болған сайын үздіксіз жұмысты қамту мүмкіндігі және кредиторлармен есептесу мүмкіндігі жоғары болады. Қаржылық көзқараста оның өсуі құрылыстағы қарыздарды қайтару үлесін сипаттауы, алға жылжуы болып табылады. Мүліктер мобильді болып келеді.

Кәсіпорын активтерінің ісек қосу коэффициентінің жоғарылауы, кәсіпорын активтерінің барлық құнын анықтайды.

Наши рекомендации