Факторлары мен географиясы 2 страница

1. ..................................................................

2. Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru .................................................................

3. Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru .................................................................

4. Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru ..................................................................

5. ..................................................................

17-тапсырма. Еңбек туралы айтылған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мағынасын түсініп, оны өздеріңізге өмірлік ұстаным етіп алыңыздар.

Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, Елге қылған жақсылық

Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. Еленбей қалмайды.

* * * * * Еңбек еткен ерінбей

Ерте тұрған еркектің Кенелмей қалмайды. Ырысы артық. * * * * *

Ерте тұрған әйелдің Адамның қолы – гүл,

Бір ісі артық. Маңдай тері – гүл.

* * * * *

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

(Абай)

18-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын беріңіздер.

Ү л г і : Келбет – дидар, өң, ажар, әр, бет, әлпет, кескін, т.б.

Туған жер, дүниежүзі елдері, құлдырау, баяу, даму, жәрдемдесу, қалыптасу, құрметтеу, қызмет ету.

19-тапсырма. Өлеңнің үзіндісін оқып, өз туған жерлеріңіз туралы әңгімелеңіздер. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып, өлеңді жаттаңыздар.

Мына өлке,

Мына аймақ,

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етем қашан да

Осы бір Отанда туғанға.

(М. Мақатаев)

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстандағы машина жасау саласының тарихы, оның даму деңгейі және 1990 жылдардағы жалпы өнім шығару мәселелері жөнінде материал дайындап, конспектілеу.

Әдебиет: Нег.: 6[12-13]

Бақылау сұрақтары:

1. Машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан КСРО-да нешінші орында болды?

2. Қазақстанда машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыта алмауға не кедергі болуда?

3. Қазіргі уақытта елімізде қандай кәсіпорындар бар?

4. Машина жасау саласының дамуына кімдер ықпал ете алады?

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

20-тапсырма. Мәтіннен машина жасаудың ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудегі алатын орны туралы мәлімет ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудегі

машина жасау саласының орны

Адам өміріне қажетті машиналардың тұрлаулы құрылымын ойлап шығару, оларды кеңінен қолдану белгілі бір ғылым саласының дамуының негізінде ғана мүмкін болады. Оны машина жасау технологиясы деп атайтыны белгілі.

Машина жасау технологиясы деп машина шығару барысында туатын заңдылықтарды зерттеп, сол заңдылықтарды неғұрлым керегінше сапалы, арзан, өнімді және пайдалануда қауіпсіз машиналар жасауға бағыттайтын ғылымның бір саласын айтады.

Қазіргі еліміздің бетбұрыс дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарының алдына қойған негізгі мәселелері мейлінше жаңа технологиялық процестер мен операциялар ашу және халық шаруашылығындағы осы уақытқа дейін ашылған, пайдаланылып келе жатқан технологиялық процестер мен операцияларды ұтымды қолдану болып отыр.

Бұл мәселенің негізгі мақсаттары мынадай:

– елімізде шығаратын өндірістік бұйымдардың сапасын дүние жүзінде шығарылатын бұйымдардың сапасынан арттыру немесе соларға пара-пар етіп шығару;

– бұйымдарды шығаратын өндірістің экологиялық тазалықты сақтауы және өндірістің қауіпсіз жағдайда қызмет етуі;

– өндірісті барынша ынталандырып, жоғары сапалы өнімдер алу;

– бағдарламамен басқарылатын станоктарды пайдалану;

– бұйымдар шығаратын өндірістің ресурс сыйымдылығын, шығынын (еңбекке, материалдарға, энергияға, негізгі қорларға, өндіріске жұмсалған негізгі қорларға кететін шығындар, т.б.) азайту.

Осы мақсатта машина жасау салаларының өте маңызды бағыттары төмендегідей деген пікір айтуға болады:

– машина жасау кешенін, ең алдымен станок жасауды, есептеу техникасы өндірісін, аспап жасауды, электр техникасы және электроника өнеркәсібін түпкілікті қайта құрып, озық үлгіде дамыту;

– машина жасау кешенін дамытуға жұмсалатын күрделі қаржының көлемін едәуір арттыру;

– жаңа техника жасау мен игеру мерзімін қысқартудың көптеген техникалық және экономикалық мәселелерін шешу;

– машиналар мен жабдықтардың өлшемді қуаттарын экономикалық жағынан ақтай алатындай шекте арттыру;

– қайта реттелетін икемді өндірістер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері, автомат желілері, микро-процессорлық техника құралдары орнатылған машиналар мен жабдықтар, сандық бағдарламамен басқарылатын көп операциялы станоктар, роботтар, техникалық, роторлы және роторлы-конвейерлі кешендердің кеңінен енгізілуіне жол ашу;

– өндірісті өнім шығару, бөлшек шығару және технология жөнінен мамандандыру мен кооперациялауды кеңейту;

– механикалық құрастыру кәсіпорындарының мамандандырылған зауыттармен тиімді ұштастырылуын құрастыру;

– бірыңғайланған блоктық-модульдік және базалық құрылымдар негізінде машиналар, жабдықтар мен аспаптар жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

– техниканың көп функциялы түрлерін шығару.

Машина жасауда прогресті құрылымдық материалдарды, оның ішінде: қоспасы аз илемді, иілген, бір қалыпқа келтірілген және дәлме-дәл кескіндерді, металл ұнтақтарын, композициялық материалдар мен пластмассаларды қолдануды кеңінен енгізу.

21-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

Сөздік:

станок – білдек

негізгі қор – основной ресурс

сайман – снаряжение

шек – предел

торап – узел

мамандандыру – специализация

бірыңғайлау – унификация

илем – прокат

дәлме-дәл кескін – точная отрезка

сыйымдылық– вместимость; емкость

өндірістік бұйымдар – производственное изделие

жоғары сапалы өнім – высоко качественный продукт

есептеу техникасы – вычислительная техника

икемді өндіріс – гибкое производство

сандық бағдарлама – числовое программирование

металл ұнтақтары – металический порошок

22-тапсырма. Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і :Ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қана қоймай, барлық қазақ елінің саяси, мемлекеттік қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.

Ешқандай, бүкіл, өзімнің, ешбір, бәрі, сонау, бұл, қандай, қанша, олар, сен, кейбіреу.

23-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Білдек– әр түрлі материалдарды жонып, кесіп өңдейтін машина.

Станок–машина для обработки различных материалов.

Орнық – бет немесе беттер сәйкестігі, сызық (өс), нүкте дайындамаларды немесе бұйымдарды орналастыру үшін пайдаланылады.

База – поверхность или сочетание поверхностей, линия (ось), точка, принадлежащие заготовке или изделию и используемые для базирования.

24-тапсырма. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і : ж – дауыссыз, ұяң;

к –

б –

ш –

д –

н –

қ –

т –

р –

л –

з –

ғ –

в –

с –

г –

м –

25-тапсырма. Берілген сөйлемдерді түсіндірме сөздіктің көмегімен қазақ тіліне аударыңыздар.

Промышленные роботы станут использоваться на сборке агрегатов узлов ряда изделий – муфт сцепления, редукторов дифференциала моста ведущих колес, узлов. Для сборки топливной аппаратуры, шестеренчатых насосов, дозаторов, узлов жатки комбайнов, узлов двигателей предпологается создание гибких сборочных линий.

Роторными и роторно-конвейерными сборочными линиями будет производиться сборка рукавов высокого давления, корпусов подшипников, роликовых цепей.

26-тапсырма. Берілген сөздермен шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Білім алу – оқу – үйрену – білу; Оқушы – шәкірт – тәлімгер;

Ғылым – білім – ілім; Іздеу – табу – зерттеу;

Ғалым – ғұлама – оқымысты; Ұстаз – мұғалім – оқытушы

Тыңдау – құлақ түру – ұғу – зейін қою;

27-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

– Сен қандай жоғарғы оқу орнында оқисың?

– .......

– Сен оқитын оқу орны басқа оқу орындарынан несімен ерекшеленеді?

– .......

– Таңдаған мамандығың сені несімен қызықтырды?

– .......

– Келешектің жоғарғы оқу орындары сенің ойыңша қандай болуы керек?

– .......

28-тапсырма. Сөйлемдегі септік жалғауларының астын сызып, олардың түрлерін көрсетіңіздер.

Ү л г і : Келешектің –ілік септігінің жалғауы.

Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маманның жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады.

29-тапсырма. Білім туралы берілген мақалдардың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Білімсіз адамның сөзі білектей,

Білімді адамның сөзі жібектей.

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Білмеген надан емес,

Білгісі келмеген надан.

Асылды қайрақ ұштайды,

Ақылды білім ұштайды.

Әдістемелік ұсыныс:Машина жасау саласының ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметін талқылау, өзара пікір алмасу.

Әдебиет: Нег.:6[5-8]; 15[7], 17; Қос.:9.

Бақылау сұрақтары:

1. Машина жасау технологиясы дегеніміз не?

2. Еліміздің бетбұрыс кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогрестің алдына қойған негізгі мәселелері қандай?

3. Машина жасау салаларының өте маңызды бағыттары қандай?

2-апта. 4 -тәжірибелік сабақ

30-тапсырма.Машина жасау саласына берілген мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Машина жасау – салмақты сала

* * * * *

Машина жасау саласы

Бүгінгі заман талабы ғылыми-техникалық прогресті және әлеуметтік міндеттердің ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ететін салаларды неғұрлым жоғары қарқынмен дамыту, тұтыну мен қор жинаудың оңтайлы арақатынасына, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіруге аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің салалары арасындағы пропорцияларды жақсартуға күш салуды қажет етеді. Еліміздің экономикасы дүние жүзіндегі ең жетілдірілген және қуатты экономикаға айналдырудың экономикалық күш-қуатының негізі – ауыр индустрияны одан әрі дамытуды қажет етеді.

Ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерiн iске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Оның өсу қарқынын жеделдету – халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестiң және елдiң қорғаныс қабiлетiн тиiстi дәрежеде ұстаудың негiзi, болашақта экономиканы дамытудың сара бағыты. Машина жасау өндiрiсiнiң технологиясы мен ұйымдастырылуында революциялық өзгерiстер жасауды, еңбек өнiмдiлiгiн еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемiтудi, өнiмнiң сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсiрудi қамтамасыз ететiн техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі машиналар, жабдықтар мен аспаптар жүйелерi мен комплектiлерiн шығаруға тиiс. Ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетудiң шын мәнiндегi тездеткiштерi – станок жасау, электротехника өнеркәсiбi, микроэлектроника, есептеу техникасы мен прибор жасау, бүкiл информатика индустриясы басым дамытылатын болады.

Қазақстанның машина жасау саласының негізгі міндеті: қосылған құны жоғары түпкi өнiм өндiрудi ұлғайту есебiнен iшкi нарықтың қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту.

Машина жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанда машина жасау саласы металл өңдеу және машина жасау деген екі бағытта жұмыс істейді. Негізгі жабдықтар Ресейдің машина жасау зауыттарынан келіп отырған, ал оларды қолданған кезде кішігірім жөндеуден өткізуге, кейбір бөлшектерді өзгертіп, жаңалау қажеттігін өтеуге арнайы цехтар, шеберханалар кейде кішігірім зауыттар ұйымдастырылған.

Бұлар негізінде темірден жасалатын бұйымдар, ыдыстар және басқа да халық шаруашылығына қажетті жеңіл-желпі тауарлар жасау болған.

Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан ауыл шаруашылық ауыр және электротехникалық машина жасау өндірістері мыналар:

Бұлар «Қазақсельмаш», Павлодар трактор зауыты, Алматының «Поршень» зауыты, «Ақтөбесельмаш», «Манкентживмаш», АЗАМ (АЗТМ), Қарағандының машина жасау зауыты, Өскеменнің конденсатор, Кентаудың трансформатор, Шымкенттің «Электроаппарат», «Семейкабель», Алматының төменгі вольт аспаптар, Үштөбенің жөндеу-механика, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев тәжірибе-сынау зауыттары. Осылармен қатар кұрал-жабдық жасайтын «Ақтөберентген», Өскемен мен Көкшетаудағы зауыттарды, құрылыс, жол және коммунальдық машиналар жасайтын, Кентаудың экскаватор, Тараздың құю-механика зауыттарын атауға болады.

Сөздік:

машина жасау – машиностроение

құю механика – литейная механика

ауыл шаруашылығы – сельское хозяйство

тұтыну заттары – потребление вещей

жабдықтар – средствы

ұлғайту – преувеличение

31-тапсырма.Төмендегі сөздерді аудармалармен сәйкестендіріңіздер.

Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru 1. машина жасау а) промышленный комплекс

2. ғылыми техникалық прогресс ә) социальные объязанности

3. әлеуметтік міндеттер б) машиностроение

4. құбылыстар в) законность

5. заңдылықтар г) обеспечить

6. қамтамасыз ету ғ) явление

7. өнеркәсіптік кешен д) производственные аппаратуры

8. өндіріс құрал-жабдықтары е) научно-технический прогресс

32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап жазыңыздар.

1. Бүгінгі заман талабы нені қажет етеді? 2. Қазақстанның машина жасау саласаның негізгі міндеті қандай? 3. Машина жасау кешеніне қанша сала кіреді? 4. Қазақстанда машина жасау саласы қандай бағыттарда жұмыс істейді? 5. Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан өндірістерді атап беріңіздер.

33-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і: Станок жасау.

Қор, өндіріс, станок, автомобиль, ауыл, электр, прибор, тұтыну, есептеу, темір, экспортты, аспаптар, ауыр, көптеген, машина.

34-тапсырма. Мәтінде берілген сөздердің синонимдерін табыңыздар.

1. бүгінгі 3. қажет 6. болашақ 9. жұмыс

2. дамыту 4. қуат 7. алда 10. жөндеу

3. ауыр 5. халық 8. жетістік 11.бағыт

35-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып шағын мәтін құрастырыңыздар.

Қазақстанның машина жасау саласы, темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы.

36-тапсырма. Мамандыққа қатысты берілген термин сөздерді жаттап алыңыздар.

Мөлшер (мера) –берілген өлшеммен физикалық шаманы жаңарту үшін эталон ретінде қолданылатын өлшеу құралы.

Өндіріс түрі (вид производства) –бұйымды жасаудағы қолданылатын тәсілдер бойынша анықталатын өндірістің жіктелу категориясы.

Қысыммен құятын машина (машина для литья давлением) – суық және ыстық камералы баспалау машиналары болып бөлінеді. Бұл машиналарда сұйық металл автоматты дәл мөлшерлегіш жәрдемімен престеу камерасына құйылып, гидравликалық плунжермен баспақалыпта басылып тапталады.

Доңғалақ (колесо) – көптеген жұмыс және көлік машиналарының бөлшегі; пішіні диск шабақты тоғын тәрізді; айналмалы қозғалысты өзгертетін негізгі жабдық.

Әдістемелік ұсыныс:Қазақстандағы машина жасау саласының негізгі міндеттері мен бағыттары, ондағы негізгі жабдықтармен қамтамасыз ету өндірістерін толық меңгеру үшін ғылыми әдебиеттерді, интернет желісі материалдарын пайдалану керек.

Әдебиет:Нег.: 2[10-12]; 15[12], 17; Қос.:9.

Бақылау сұрақтары:

1. Республикада машина жасау саласында ең алда келе жатқан салаларды атаңыздар.

2. Бүгінгі заман талабы қандай?

3. Қазақстанда машина жасау саласы қандай бағыттарда жұмыс істейді?

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

37-тапсырма. Машина жасау кешенінен мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

Машина жасау кешені

Машина жасау кешенінің өнімі республиканың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 8% құрайды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары балға-тығыздау жабдықтарын (Шымкент қ.), металл кесетін станоктар (Алматы қ.), аккумуляторлар (Талдықорған қ.), центробежді сорғыштар (Астана қ.), рентгендік жабдықтар (Ақтөбе қ.) және т.б шығарады. Қазіргі кезде республикада жаңа өндірісті ұйымдастыру мақсатында және медициналық жабдықтар, ауыл шаруашылық техникалар, дизельдік қозғалтқыштар, азық-түлік өнеркәсібіне арналған жабдықтар, электро қозғалтқыштар және басқа да өндірістік-техникаға арналған бұйымдар жасау үшін машина жасау кешенінің дамуына шет елдер инвестициясы қатыстырылуда.

Республика халық шаруашылығының мұқтажын өтеу үшін, жан-жақты дамыған машина жасау кешенін құрған жөн, себебі қазір негізгі қажетті машиналарды, жабдықтарды, механизмдер мен қосалқы бөлшектерді сырт елдерден тасымалдап халықтың талап-мүдделерін қамтамасыз етеді.

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді: 1. машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару); 2. металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3. кіші металлургия (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Машина жасау кешені – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады.

Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да сала аралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады.

Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын жөне басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды ендіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес.

Сөздік:

балқыту – плавка қару-жарақ – вооружение

қауіпсіз – безопасный қозғалтқыштар – двигатели

өндіріс – производство өнеркәсіп – промышленность

тау-кен – горнорудный тығыз – тесно

халық шаруашылығы – народное хозяйство

38-тапсырма. Ана тілі туралы берілген өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алайық!

Ана тіліне тағзым!

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

(М.Әлімбаев)

39-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қосалқы бөлшектер, еңбек өнімділігі, машина жасау зауыттары, шет елдер, өндіріс, ауыл шаруашылық, халыққа қажетті тауарлар.

40-тапсырма.Машина жасау кешенінің құрамы қанша топқа біріктірілген? Атауларын торларға жазыңыздар.

Машина жасау кешені Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru

           
  Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru   Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru   Факторлары мен географиясы 2 страница - student2.ru

Наши рекомендации