Туризмдегі көліктік қамтамасыз ету
Көліктік тасымалдар дегеніміз – туристті тұрғылықты жерінен белгіленген жеріне жеткізу және кері бағытта жеткізу болып табылады.
Туристерге көрсетілетін көліктік қызмет көрсету 3 бөлімнене құралған:
1) Жергілікті жерінен туристік орталыққа жеткізу;
2) Трансфер қызметі;
3) Экскурсиядағы көліктік қызметті ұйымдастыру.
Транспорт халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді. Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды.
Туристтерге транспорттық қызмет көрсету туризм өндірісінің құрамдас бөлігінің бірі. 1990 жылға дейін өзіне автокөлік, сулы, теңіздік, теміржолдық және әуе транспортын қосатын және ішінде халықаралық туризмнің қажеттілігін қамтамассыз ететін туризмнің біртұтас транспорттық жүйесі болған. Туристтік қызметтер құрылымында трнаспорттық қызмет көрсету үлесі 40% құрады. Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне жауап табуымыз керек.
Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.
Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда автокөлік маңызды роль атқарады. Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекшелігі болып, олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылардың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.
Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық, су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.
Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады. Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.
Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.