Бақылау сұрақтары. 1. Несие беру жүйесі оның элемменттері
1. Несие беру жүйесі оның элемменттері
2. Банк несиесі және несие беру қағидалары
3.Коммерциялық банктердің несие саясаты
1.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер - 1-9, 11, 12.
Заңдамалар мен нормативтік актлер – 1, 2, 3, 4, 8, 9.
Мерзімді басылымдар - 1-6.
Интернет - 1-7.
Тақырып. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы. Кепіл болушылық, кепілділік
Дәрістің мақсаты:Жеке және заң тұлғаның кепіл затын кепілге қою арқылы несиелік қабылетін бағалаудың теориялық, тәжірибелік есептеулерді қалыптастыру.
Дәріс жоспары
1.Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы
2.Қарыз алушының несиенің қайтарылуын ұйымдастыру
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:мүліктік кепіл, кепіл туралы келісім шарт.
1. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
- ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс;
- қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім- шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
- табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
𝐼𝐼𝐼 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша бан қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт ек жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді.
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
2. Мүліктік құқықтар кепілі;
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:
𝐼V кезең. Несие бері кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйыдастыру және техникалықшарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланыстыи әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаржаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәкес анықталады.
2. V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымы құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
- Қайтаруына қарай
- Қайтару жиілігне қарай:
- Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
.Қайтару көздеріне қарай:
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берге үкімі жазбаша да ауыза да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.
Тұжырымдар
Клиенттердің несиеқабілеттілігін түсіну және белгілері. Клиенттің қарыз алу қабілеттілігінің, қарызын өтеу үшін ағымдық қызмет барысында табыс таба білу қабілеттілігі, клиент капиталы, несиені қамтамасыздандыру, несиені жасау шарты, бақылау мінездемесі. Несиеқабілеттілігін бағалаудың әдістері мен тәсілдері. Қаржылық коэфициенттердің жүйесі. Абсолютті өтімділік коэффициенті. Жабудың арасындағы коэффициент. Жабудың жалпы коэффициенті. Тәуелсіздік коэффициенті.
Несиені қайтару. Несие қайтарымдылығының қамтамасыз етілу түрінің түсінігі. Несиенің қайтарымдылығын ұйымдастырудың механизмі. Кепіл және кепілдік механизм. Кепілдік механизмнің орындалуының кезеңі. Кепіл заты. Кепілдің жеткіліктілігі және қабылдаушылығы. Мүлік кепілі. Несие сапасының қамтамасыз етілгеніне және қаржы жағдайына байланысты несие тәуекелінің дәрежесі бойынша кәсіпорынның сыныптамасы.