Азақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы. 3 страница

Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бұзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арам шөптермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.

Бекіту сұрақтары:

1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?

2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?

3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі неде болды?

Лекция №6 Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері /11-12/

Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.

Мақсаты: Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1. Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.

2. XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.

1. Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда бЬлған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты йжерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жуйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, Муелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп кеңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Төуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы евінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Айгап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалып-тасуы мен дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет белуының стратегиялық мівдеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Казақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.

Бұдан кейін мемлекет алдында бой кетерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған "Қазақстанның болашағы - қоғамдық идеялық бірлігінде" -деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақ-тастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.

Алайда, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжі-рибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда дәрменсіздік көрсет-кен С. Терещенко басқарған (1992 ж. бастап) Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оньщ орнына Ә. Қажыгелдин бастаған жас саясаткерлерден тұратын жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып жатқан реформаларды іске асырудың жаңа б»-дарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә. Қажыгеддиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған себеп, аддымен, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің салдары болда^ содан соң елімізде әлеуметтік әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады.

Ә. Қажыгелдин Үкіметінің орнына Н. Балғымбаев басқарған төртінші үкімет келіп екі жыл (1997-1999 жж.) қызмет етті. Бұл үкіметте қиын кезедде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығары латын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсер» көзінде жұмыс істеуге тура келді.

Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ак, бұрынғы заемдарды төлеуде,мемлекеттің ішкі жөне сыртқы міңцеттемелерін орындауды Н. Балғымбаев басқарған үкімет бірқатар айтуға тұрарлыкқ қызмет атқарды.

1999 жылы караша айында Қазақстан үкіметі басына Қ. Токаев басқарған бесінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет Республика Парламентінде өзінің 2000-2002 жыддарга арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен "Қазақстан ­­- 2030" стратегиялық бағдарламадан туындағанды.

Бірінші. Еліміздегі қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер болып жатса, оны түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни қаржы көзін, оны қолданудың әдістәсілдерін жете пайдалану. Екінші. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.

Үшінші. Елге инвестицияның кажеттілігін ескеріп, белгілі және салиқалы инвесторларды іздеп табу, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын арттыру.

Төртінші. Сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту.

Бесінші. Өндірісті жандандыру, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.

Алтыншы. 2000-шы жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан құтылу.

1999 жылдың қараша айынан 2002 ж. қаңтар айына дейін қызмет істеген Қ. Тоқаевтың үкіметі өзінің алдына қойған іс-кимыл бағдарламасын орындауда бірқатар әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын жүр-гізді. Олардың бірсыпырасы жүзеге асты, дегенмен кейбір мәселелер аяғына дейін орындалмады.

2002 жылы қаңтар айында Қазақстан Үкіметі басына И. Тасмағамбетов басқарған алтыншы үкімет келді. Жана үкіметтің алдына бірқатар күрделі міндеттер қойылды:

• біріншіден, экономикалык диверсификацияға қол жеткізу арқылы өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру;

• екіншіден, қор рыногын дамыту;

• үшіншіден, аграрлық сектордағы реформаларды одан әрі жалғастыру;

• төртіншіден, биліктің әр деңгейіндегі өкілеттіктің ара жігін айқындау.

И.Тасмағамбетов басқарған үкімет өзінің қызметінде еліміздің экономикасын дамытуға айырықша кеңіл бөлуді одан әрі жалғастырды. Осы бағытта 2002 ж. мемлекеттің бюджетін бірнеше рет талқылап, еліміздегі экономикалық және кейбір күрделенген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін шара қолдануды қолға алды. Үкімет Ел басының тапсырмасымен 2003 ж. бюджеттен бөлінетін қаржыны білім беру саласына 33 пайызға, денсаулық саласына - 38, мәдениетті қаржыландыруға — 27 пайызға көбейтті. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жалақы деңгейі 12 пайызға есірілді. Сондай-ақ, азаматтардың бұрынғы КСРО жинақ банкісіндегі "жоғалған" салымдары қайтарылу жөнінде шешім қабылдап, жүзеге асырыла бастады.

Алайда, 2003 жылғы 11 маусьш күні И. Тасмағанбетов ез өтінішімен үкімет басынан кетті. Бір жыл бес ай уақыт ішінде жұмыс істеген бұл үкімет тұсында республикада экономика-лық реформаларды дамыту барысында бірсыпыра істер атқарылды. Әлеуметтік даму мәселесіне де ерекше назар аударылып, халықтың әл-ауқат деңгейі өсті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңці қамтитын Стратегиялық бағдар-ламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған елдін индустрия-лық-инновациялық даму бағдарламалары қабылданды.

2003 жылғы 13 маусым күні Президенттің жарлығымен И. Тасмағамбетовтың орнына жетінші Премьер-министр болып Д. К. Ахметов тағайындалды.

1991 және 2003 жыдцар аралығында Егемен Қазақстан-ның жоғары заң шығарушы органы — Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12-ші шақырылумен сайланған Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады.

Одан кейін 13-ші шақырылумен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасынын 1993 жылғы желтоқсанда бекіткен сайлау Кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша сол жылдың желтоқсан айында жаңа парламент сайлауы өткізілді. Ал 1997 жылдың қазан айында Парламенттің жоғары палатасына сайланған депутаттардың құрамының жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді.

Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен Кеңестерді қосып, оларды бір адам — Кеңес терағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін -әкімдер, өкілдік органдарды - Мәслихат басқаратын болды.

Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық Үкімет қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жерлердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.

Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың дамуындағы релі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық екілеттілігінің органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары қүрылтайында қабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі орга-нының баламасы бола алмайды - деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға тиісті емес еді. Үзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің, этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарының пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесінде ол өз қызметінің жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның беделін өсірді.

1992 және 2003 жылдар аралығында Қазақстан халықтары Ассамблеясының тоғыз сессиясы өтті. Сессияларда біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен үлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық зандарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейтесті маңызды мәселелер талқыланды.

1985 жылдан кейінгі қоғамды кайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партаяның үстемдік етуінен бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге кешу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей өзектес еді.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала баста-ғанына байланысты қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану бодды.

Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкей-кесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік кызмет органдарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазакстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінін, сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.

Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайывда ол, әсіресе, реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада топтар жатады. Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескі тоталитарлық жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты. Міне, осындай себептердің нәтижесінде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы қалыптасты. Олардың кұрылуының басты белгілері — құқық орган дарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке үжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т.б.

Кеппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттықтәуелсіздігін алған, бұрынғы одақтас республикаларда да құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар - социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократия-лық және Азат партиялары. Сайлау еткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партия құқық органдарынан тіркеуден өтті.

1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер қүрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой көтерді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін-бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық эконо-микаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның езі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінің дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығы, өздерінің қызметінде тек Президент, республика үкіметін қолдайтындығы жөніндегі мәлімдемелері байқатады.

Мұндай жағдай қазіргі кезенде саяси партиялардың елді басқарудағы нақты мүмкіндіктерін, республика аддында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдегі билік жүргізу партиялардан тыс сипатта іске асырылып, үкіметтің саясаты белгілі бір партияның ғылыми тұрғыдан ойластырылған бағдарламасы негізінде іске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкімет құрылымдарының өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының болмай отырған-дығын айту керек.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынты-мақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі темен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрынғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мындаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бұгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Отан», «Ақ жол», «Коммунистік партия» т. с. с. саяси партиялардың құрамынын, өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.

Бұған қосып айтатын тағы бір жәйт, осы саяси партия-лардың құрамындағылардың басым көпшілігі бұрынғы Қазакстан Коммунистік партиясында қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыркүйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болып, белгілі бір буындарында қызмет істеген адамдар.

Өздерінің бағдарламаларында атап көрсеткеніндей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері, республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бірқатар саяси партиялардың қол жеткізген едәуір табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар

саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда еткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның -12, Шаруалар одағының - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.

1995 жылғы желтоқсанда еткен бірінші қаспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.

1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау етті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға Республика бойынша 4833 тандау-шының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл тавдаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің

Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат депутат болып сайланды.

Қазақстан Конституциясының талабына сай 2002 жылы 8 қазанда Республика парламентінің жоғарғы палатасы -Сенаттың босаған орындарына қосымша сайлау жүргізілді. Оның барысында жоғарғы палата құрылымының үштен бірі жаңартылды. Барлық бос орындарға 30-дан астам кандидат-тар дауысқа түсті, олардың 16-сы Сенат депутаты болып сайланды.

1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау елімізде бірінші рет тек кдна бір мандатты округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тізімдер бойынша да етті. Сайлау көзінде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тізімін тіркеді. Дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіммен Отан партиясының төрт өкілі, Қазақстан Аграрлық, Қазақстан Азаматтық және Қазақстан Ком-мунистік партиясынан екі-екіден өкілдері депутат болып сайланды.

Наши рекомендации