КСРО-да ХХ ғасырдың ІІ жартысында еуразияшылдықты насихаттаған ғалымдар. 3 страница
Жалпы алғанда, оның мұрасы қоғамдық-саяси ойлаудың тиімді бағыты ретінде терең негізделген еуразиятанушылық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуразия университетіне1994 жылы Лев Николаевич Гумилевтің атын берді.
46. Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға қосқан үлесі.
Л.Н.Гумилев - Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарастыруға болмайды.
Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі.
Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.
Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады.
1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил».
Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.
47.Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі көшпенді халықтар тарихының зерттелуі.
Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.
Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі. Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.
Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л.Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.
48. Н.Я.Данилевскийдің «россия и европа» еңбегіндегі көтерілетін мәселелер.
«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.
Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.
Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.
49. Лев Гумилевтың этногенездік Пассионарлық теориясы
тарихтағы оқиғаларды этностардың дамуы мен сол ландшафттың және басқа этностардың арасындағы қарым - қатынас ретінде сипаттайды. Негізінен мақала ретінде рецензиялық журналдарда басылып шығарылды, кейін диссертация негізінде көрсетілді, өзінің докторлық степендиясын қорғау мақсатында, бірақ ЖАК - мен қабылданған жоқ.
Лев Гумилевтың гипотезасы этнос ұғымын (дәлірек, этникалық жүйелердің бірнеше түрін) анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар Пассионаризм ұғымын енгізеді және типикалық этногенез процессін және этностар арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Этногенездің Пассионарлық теориясы КСРО - да және басқа мемлекеттерде түсініспеушілік пен қолдау таппады.
Қазіргі уақытта ол теория Ресей, Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің жоғарғы оқу орнындарында этногенездің даму теорияларының біреуі ретінде оқытылады.
50 Л.Н. Гумилев және оның этногенез теориясы
Әлем халықтарының өзара байланыстылығы мен халықтарды «тарихи» және «тарихи емес» деп бөлетін евроцентризмге өмір бойы күрескен Л. Гумилев Еуразияның ерекше географиялық аймағы – Ұлы даланың тарихының Еуропа тарихынан әсте кем еместігін зерттеп қана қойған жоқ, жаңаша тұжырымдар жасап, тарихи ақиқатты жақындататын зерттеулер әдістерін жаңартып, этногенездің жаратылыстық ғылыми теориясын жасақтады.
1976 жылы жазылып аяқталған «Этногенез және жер биосферасы» атты еңбегін, 15 жылға дейін жариялауға тыйым салынды.
Кеңестік ғалымдар Гумилев тұжырымдарын қолдамады. Мұның басты себебі – Кеңес этнографтары этносты – әлеуметтік құбылыс деп қарастырса, Гумилев этностың табиғи құбылыс екендігін дәлелдеді.
Ұлт немесе халықтың бұрынғы анықтамасы бойынша, ортақ тілі, территориясы, ортақ тегі, экономикалық байланыстары, саяси бірлестігі және мәдени ерекшеліктері, діні, сана-сезімі сияқты белгілер негізге алынып, этногенез аяқталған процесс боп саналса, Гумилев этносты аяқталмаган процесс ретінде көрсетті.
Этногенез – ұлттың, халықтың пайда болуы, дамуы және жойылу процесі.
Л. Гумилев этносты-ұлтты анықтайтын бұрынғы белгілердің қате екендігін дәлелдеп, этногенезді – этностың пайда болуы мен дамуын – жаратылыстық ғылым тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Яғни этностың қалыптасуы адам қызметінің нәтижесінде емес, Жердің биосферасындағы процестер арқылы жүзеге асады деген тұжырым жасады. Бұл бір қарағанда жаңалық емес сияқты, өйткені географиялық фактордың адам қызметі мен шаруашылығына, мемлекеттердің сипатына ықпал ететіндігі туралы пікірлерді араб ғалымдарынан бастап, еуропалық гуманистер, ағартушылар айтқан болатын. Л. Гумилев еңбегінде бұл идея теория түрінде ғылыми негізделді.
Л. Гумилев этногенез процесінің энергетикалық табиғатына назар аударды. Тарихтағы қызметтің қайнар көзі, Гумилевтің айтуынша, биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы. Биосфераның биохимиялық энергиясын кезінде В.И. Вернадский ашқан болатын.
Этнос – бір-біріне ынталылығы мен мәдени деңгейле1рі жағынан ұқсамайтын әртүрлі адамдардан құралады. Адамдар қоршаған ортадан тұрақты түрде қабылдайтын биохимиялық энергиясы деңгейімен ерекшеленеді.
Ұлттың қалыптасуының шешуші факторы – «пассионарлық» –биохимиялық энергияның сапалық көрінісі. Осы пассионарлық энергия Жердегі биосферадағы әртүрлі этникалық жүйелердің пайда болуы мен өмір сүруіне әсер етеді. Осындай фактормен біріккен адамдар ұжымдар0ының ортақ мінез-құлқы болады, сонысымен өздерін өзгелерден ажыратады.
51. Этногенез және пассионарлық терминдеріне анықтама
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс. Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан. Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Осыған орай, отандық тарихнамадағы қазақ халқының қалыптасуына қатысты ой-пікірін айтқан ғалымдарды автохтондық және миграц. бағыттарды қолдаушылар деп екіге бөлген жөн. Қазақ халқының Этногенез үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қоныс аударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың (Н.Масанов, Б.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі. Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, К.Ақышев, О.Смағұлов,Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған. М. Мұратқазин
Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту, жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажет- тіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады. Сонымен қатар пассионарилердің айналадағы адамдардың мінез-құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адам ұжымдарының белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып, жекелеген пассионарилердің белгілерін сипаттай келе Л.Н. Гумилев әр дәуірлерде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Александр Македонский, Ганнибал, Корнелий Сулла, Шыңғысхан, Жанна д'Арк, Ян Гус, Протопоп Аввакум және басқа да тарихи түлғалардың өмірі мен қызметін талдай келе Гумилев белсенді өмірге деген ішкі құлшынысы материалдық құндылықтарды іздеуден де, әлеуметтік ортаның шарттарын таңуынан да тұрмайтын оларды біріктіретін барлығына тән ортақ белгілер кешені бар екенін анықтады. Керісінше, көптеген пассионарилердің жоғары белсенділігі айналасындағылардың айыптауына ұшырап, түсініспеушілігін тудырды, ақыр соңы қазаға да әкелді. Пассионарлықты популяциялық деңгейде (этникалық ұжымдардың белсенділігі ретінде) және индивидуалды деңгейде (мінез - құлық шабыты) сипаттай отырып, Л. Н. Гумилев бұл феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды.
52. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Л.Н. Гумилев Еуразияның дала халықтарының алдымен саяси, одан кейін этникалық тарихын зерттеу арқылы дәстүрлі филологиялық немесе әлеуметтікэкономикалық шығыстану ғылымының шеңберінен шығып кетті. Ол кез келген ғалымның бағына бұйырмайтын аймақтық (еуразиялық) тарих деңгейіне, содан барып әлем тарихының концептуалды деңгейіне көтерілді.
53. Л.Н. Гумилев - жаңа еуразияшыл ғалым
Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды. Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады.
54. Л.Н. Гумилевтің "Дала трилогиясы" еңбегі
Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.
55. Л.Н. Гумилевтің ғылыми тұжырымдамаларының теориялық ерекшеліктері
56. Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің өмір жолы
57. Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы
58. Олжас Сүлейменовтің "Аз и Я" еңбегі: тағдыры мен тарихи мазмұны
59.Олжас Сүлейменов - тілтанушы ғалым ("Аз и Я", "Мың бір сөз", "Жазу тілі", "Атамзаманғы түркілер (Тарихқа дейінгі түркілер)") еңбектеріне шолу)
60.Олжас Сүлейменов еңбектеріндегі түркі-славян мәдени байланысы
Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған.
1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.
Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).
1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.
1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Ал шын мәнінде Олжас Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен “Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жақындасумен, бауырласумен өткенін, халықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпараттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің “товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезінен “ура” сияқты сөздер ғана ауысады. “АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше аударғанының басты себебі – менің “Игорь жасағы жайындағы жырдың” ең алғашқы қостілді оқырманы болғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал келтірейін. Жырда “Се уримъ кричатъ подъ саблями половецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудармашылар оны “се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде “третий Рим” деп атағанын еске түсірген. Одан да болмаған соң Переяслав княздігіндегі Римов деген қаланы еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз бәрі оп-оңай орнына келе қалады. “Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі. Әйелдің өрім шашы. Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда әйелдердің шашын кескен, сөйтіп қорлаған.