Сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

Стандарт, үлгіқалып (ағылш. стандард – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т.б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық құжат; кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель; мүдделі жақтардың келісуі негізінде дайындалған және әр түрлі іс-әрекеттің немесе оның нәтижесіне қатысы бар ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды жалпыға бірдей және дүркін-дүркін пайдалану үшін белгілейтін таңылған стандарттау, метрология мен сертификаттау женіңдегі органмен бекітілген құжат.

Стандарт ғылым, техника, өндіріс, практик. тәжірибе саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді көрсетеді және сонымен бірге оларды тиісті қызмет салаларында енгізудің директивасы болып табылады. Мемлекеттік стандарт тың міндетті талаптары меншік нысандары мен идаралық бағыныстылығына қарамастан барлық кәсіпорындарға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға да қойылады. Халықаралық стандарт халықар. ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы негізгі талаптарды, нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік-тех. құжат болып табылады.

Жалпы техникалық талаптар, техникалық шарттар, қабылдау ережелері, типтік технологиялық процестер, тексеру әдістері мен жабдықтары стандарттары, тағы басқа болып бөлінеді.

Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттаын қолдану.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар ретінде Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қолданылуы мына әдістермен жүзеге асырылады:
1) растау;
2) қайта басу.
Халықаралық стандарттар талаптарына мемлекеттік стандарттар талаптарының мынадай сәйкестік дәрежелері қолданылады:
1) ұқсастығы (баламалығы);
2) өзгерістер енгізу (түрлендіру);
3) балама еместігі.
Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай индекстермен белгіленеді:
IDT - талаптары ұқсас болғанда;
МОD - өзгерістер енгізілгенде (түрлендірілген стандарттар үшін);
NEQ - талаптардың балама еместігі кезінде.
Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі міндеттер мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына және (немесе) бағдарламасына кіреді.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарға растау әдісін қолдану кезінде стандарттар көрсеткішінде (каталогта) ұйымдық - өкімдік құжатты жариялау арқылы мемлекеттік стандарт статусы беріледі.
Бұл әдіс мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аударма нұсқасы болған және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер енгізу қажеттігі болмаған жағдайда мемлекеттік стандартқа сәйкестіктің балама деңгейімен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт үшін қолданылады.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік стандарт түрінде қайта басылу әдісі:
1) аудару;
2) жаңа басылымын құру жолымен қолданылуы мүмкін.
Аудару әдісін қолдану кезінде халықаралық стандарттың мемлекеттік және орыс тіліндегі ресми аударма жүзеге асырылады.
Аудару әдісі сәйкестендірілген немесе түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.
Сонымен қатар халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартты басу кезінде атауы және аударма жүзеге асырылған ресми тілдің әріптік белгілеуі көрсетіледі.
Жаңа редакцияның құрылуы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми нұсқасының болуы жағдайда немесе ресми аудармасы негізде және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер, техникалық ауытқулар енгізу және (немесе) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт құрылымында айырмашылықтар болған жағдайда түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады.

Наши рекомендации