Бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы өзге де құзыреті

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1)техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2) уәкiлеттi органға техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;

3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;

6) осы Кодекспен айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;

7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;

8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi сынақ зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;

9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;

10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;

11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті

1.Бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Кодекстің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;

Бақылау және қадағалау органдары:

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;

4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;

6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;

7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Тарау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік кешенді шаралар түсініледі.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді.

Бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттармен жүзеге асырылады:

7) шағын кәсіпкерлік;

8) агроөнеркәсіптік кешен;

9) индустриялық-инновациялық қызмет;

10) арнайы экономикалық аймақтар;

11) инвестициялық қызмет;

12) отандық тауар өндірушілер.

Наши рекомендации