Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

Дәріс №39

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

Республиканың саяси өмірі

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретнде қалыптасуы ең алдымен, оның саяси жүйесін реформалауды қажет етті, Кеңестік биліктен ажырап, демократиялы, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет орнықтыруға бет алған еліміз үшін оның қоғамдық құрылысындағы аса маңызды жетістіктердің бірі - Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы саяси жүйедегі өзгерістер тәуелсіздікке дейін-ақ басталған еді. Олар ең алдымен, Қазақстан Республикасында президенттік институттың пайда болуы мен Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болатын.

1990 жылы 24 сәуірдегі Қазақ ССР-інің «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда президентгік институттың іргесі қаланды. Аталмыш заңда Президент қызметі Республикада жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық өзгерістердің одан әрі дамытылуын қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты, азаматтардың праволарын, бостандықтары мен қауіпсіздігін нығайту, Қазақ ССР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында тағайыңдалатыны айтылған.

1990 жылғы 24 сәуірде Республика Жоғарғы Кеңесінің Қазақстанның тұңғыш Президенті - Н.Назарбаевты сайлаумен байланысты мемлекет тарихында бұрын болмаған рәсім жүзеге асты. Мемлекет басшысы жоғары Қызметке сайланысымен реформаланып отырған Кеңес Одағы шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдарды жүзеге асыруға кірісті және сонымен бірге Қазақстанды мекендеген халықтар арасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тарихи байланыстардың ыдырауына жол бермеу үшін ерлік-жігер мен табандылық танытты. 1990 жылғы 25 қазанда Қазак КСР-інің Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Осы маңызды кұжатты талқылау мен қабылдау іс жүзінде демократияның алғашқы мектебі болды. Декларация кейіннен шын мәнінде Қазақстанның болашақ дамуы моделінің жобасын айқындап берді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіз саяси даму жолын ұстанатындығын дәлелдеп, мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны негізге ала отырып, «Қазакстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдады және мемлекеттің тәуелсіз дамуының алғашқы кезеңдерін оларды нақтылай және дамыта отырып конституциялық тұрғыдан бекітті. Президенттік басқару нысаны алғашқы кезден бастап ақ мемлекет құрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндіқ жасады.

Елде құқықтық реформаны жүзеге асыру, елдің саяси жүйесін жетілдіру мен жаңа заңдар қабылдаудың конституциялық негізі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезендегі Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау болды. Осы кезеңде ел Президенті қолға алған батыл саяси қадамдар Ресейде болған билік дағдарысын біздің елде болдырмауға мүмкіндік берді. 1993 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша крсымша өкілеттіктер беру туралы» Қазақстан Республиксының Заңы қабылданды. 1994 жылы 7 наурызда сайланған Қазақстанның тұңғыш кәсібі Парламенті Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 1995 жылы 10 наурыздағы шешімі мен заңсыз деп танылды.

1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында 1994 жылы Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық орган - Қазакстан Халықтарының Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап мемлекет басшысына өтініш білдірді. Аталған өтінішті қабыл алған Елбасы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 94,46 пайызы дауыс берді және Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын дәлелі болды.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

1998 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 сәуірдегі республикалық референдуммен белгіленген өкілеттік мерзімін қысқарту және 1999 жылдың 10 қаңтарында жаңадан Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес, 1999 жылдың 10 қаңтарында тұнғыш рет баламалы Президент сайлауы өткізілді. 79,8% дауыс алған Н.Назарбаев қайта сайланды.

2001 жылдың күзіне қарай үкімет мүшелері және ірі бизнестін бір топ өкілдері «Қазакстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің құрылғандығын жариялады және қазіргі билік пен елдегі жүргізіліп жатқан реформалармен келіспейтіндіктерін білдіреді. Олар алдағы уақытта саяси жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде Бірақ билік олардың еркін әрекет етуіне мүмкіндік бермеді және ұсыныстарын қарамады.

2003 жылдың күзінде өткен мәслихаттар сайлауы мен 2004 жылдың 19 қыркуйегіңде өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы да еліміздегі саяси реформалар мен демократияландыру үрдісіне халықтың бір бөлігінің көңілі толмайтындығын көрсетті. Парламент Мәжілісі сайлауының әділетсіз өткендігіне наразылық білдірген «Ақ жол» партиясы депутаттық мандаттан бас тартса, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ж.Түяқбай «Отан» партиясының құрамынан шығатындығын мәлімдеді. Сонымен бірге, көп ұзамай «Ақ жол» партиясы да екіге бөлінді. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президент сайлауы қарсаңында демократиялық үштер «Әділетті Қазақстан» қозғалысы төңірегінде топтасып, Президенттікке өздерінің бірегей кандидатын ұсынды.

2004-2005 жылдары Грузия, Украина және Қырғызстанда түрлі-түсті төңкерістер болып өтіп, бұрынғы билік жеңіліске ұшырады. Кейбір саясаттанушылыр кезекті түрлі-түсті революция Қазақстанда болуы мүмкін деген болжамдар айтты. Қазакстандық оппозиция қандай да бір жағдайда болмасын халықты көшеге шығаруға шақырмайтындығын, күш қолдануды қолдамайтындығын, тек сайлаудың әділ етуіне мүмкіндік жасалуын талап ететіндігін мәлімдеді. Дегенмен де билік алдын-ала сақтық шараларын жасады.

Елбасының 2005 жылғы Жолдауы да негізінен әлеуметтік мәселелерге арналды және барлық ақпарат құралдары елдегі тұрақтылық пен елдің экономикалық өркендеуін, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруын насихаттаумен болды. Бұл да өз жемісін бермей қоймады. Бес үміткер қатысқан сайлауда Н.Назарбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Н.Назарбаев 91%-дан астам дауысқа ие болса, оппозициялық күштер қатарынан түскен үміткер Ж.Түяқбай 6%-дан сәл астам дауысқа ғана ие болды.

2005 жылғы 4 желтоксандағы президент сайлауы халықтың басым көпшілігінің Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған саясатты қолдайтындығын, елімізде жүргізілген реформалармен келісетіндіктерін білдірді.

Қазақстанда демократиялық үрдістерді енгізу және оған қоғам өкілдерін қатыстыру мен халықтың пікірін, ұсыныстарын ескеру мақсатында 2003 жылдың басында «Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын Тұрақты Кеңес» құрылды. Оған барлық саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестік Жетекшілері, заңгерлер және т.б. қатыстырылды. 2004 жылы 2 қарашада Елбасы Жарлығымен «Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия» құрылды. Ұлттық комиссия саяси жүйені реформалауға бағытталған шараларды әзірлеу мәселелері бойынша кеңесші орган ретінде жұмыс істеді. Комиссияның алғашқы отырыстарына оппозициялық партия жетекшілері қатысқаны мен, кейіннен оның жұмысына қатысудан бас тартты.

Ұлттық комиссия бір жылдан астам уақыт аралығында еліміздің барлық облыстарында болып, демократиялық реформалар бағдарламаларының негізгі ережелерін талқылады. Комиссия қызметінің шеңберінде бірқатар заң жобалары, тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірленіп, олар демократияландыру үрдістерінің түрлі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, Парламенттің рөлі мен өкілеттігін күшейту, әкімдердің сайланбалығы, алқа билер институтын енгізу, азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Ұлттық комиссияның бастамасының азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді. Жобада билік пен азаматтық қоғам институттары карым-қатынасының негізгі қағидаттары, Қазақстандағы азаматтық қоғам үлгісі, сондай-ақ қалыптасу кезеңінде мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарға, кәсіподақтарға, түрлі қоғамдық бірлестіктерге, ассоциациялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы бағыттар қамтылды. 2006 жылдың екінші жартысы елдің қоғамдық өмірінде саяси партиялардың бірігуімен ерекшеленді. Қазақстандағы ең ірі екі партия «Отан» және «Асар» партияларының бірігуімен бұл үрдіске «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялар да қосылды. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс съезі өтті. Съезде жеті маңызды мәселеден тұратын күн тәртібімен бірге партияның атауын өзгерту туралы ұсыныс та қаралды. Бір топ партия делегаттарының ұсынысы бойынша партияның атауын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы деп атау туралы шешім қабылданды. Ірі партиялардың бірігуі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы өзінің құрамында 1 миллионға жуық адамды біріктірді.

2006 жылы 20 қазанда Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 2006 жылғы 6 маусымдағы Жарлығына және «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 22 тамыздағы қаулысына сәйкес Республикадағы 49 аудан мен 10 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болып өтті. Әкімдер сайлауы жанама сайлау кұқығы негізінде, яғни мәслихат депутаттарының отырысында депутаттардың жасырын дауыс беруі арқылы өтті.

2007 жылы 19 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың торағалық етуімен Қазақстан Республикасындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті. Отырыста мемлекеттік комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары зерделеніп, айтылған ұсыныстар өкшеленді. Атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын және Есеп комитетін қалыптастыруда Пре-зиденттен Парламентке бір қатар өкілеттіктерді алып беру ұсыныстары қабылданды. Сонымен бірге Үкіметті қалыптастырудағы Парламенттің рөлін арттыру, Премьер-Министр өз лауазы мын алмастан бұрын Парламенттегі көпшілік партияның қолдауына ие болу керектігі туралы ұсыныс та өтті. Сенат депутаттығына Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұсынған адамдар үшін қосымша орын беру мәселесі де қаралды. Сонымен бірге сот, құқық қорғау органдары және жергілікті басқару органдары мен мәслихаттардың рөлін күшейту мәселелері қаралып, Елбасының Өкімімен еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

Қоғам өмірін одан әрі демократияландыру және саяси жүйені жаңарту реформалары Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясымен қатар жүреді. Аталған стратегияның орындалуы жан басына шақкандағы кіріспен немесе жалпы ұлттық өнімнің көлемімен ғана өлшенбейді. Қазакстанның алдағы он жылдағы дамуы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өлшемдерден де тұрады.

2.Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала бастағанына байланысты қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану болды.

Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік қызмет орғандарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазақстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.

Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайында ол, әсіресе, реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада топтар жатады. Қазақстанда және бұрыңғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардын пайда болуы ескі тоталитарлық, жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.

Міне, осындай себептердің нәтижесінде 1990 жылдан бастап Қазакстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгілері — құқық органдарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т. б.

Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған, бұрыңғы одақтас республикаларда да құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар - социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партия құқық органдарынан тіркеуден өтті.

1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуык саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой көтерді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін-бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның өзі Казақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінІң дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығы, өздерінің қызметінде тек Президент, республика үкіметін қолдай-тындығы жөніндегі мәлімдемелері байқатады.

Мұндай жағдай қазіргі кезеңде саяси партиялардың елді басқарудағы нақты мүмкіндіктерін, республика аддында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдегі билік жүргізу партиялардан тыс сипатта іске асырылып, үкіметтің саясаты белгілі бір партияның, ғылыми тұрғыдан ойластырылған бағдарламасы негізінде іске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкімет құрылымдарының өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының болмай отырғандығын айту керек.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынтымақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі төмен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрыңғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мыңдаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бүгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Отан», «Ақ жол», «Коммунистік партия» т. с. с. саяси партиялардың құрамының өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.

Бұған қосып айтатын тағы бір жәйт, осы саяси партиялардың құрамындағылардың басым көпшілігі бұрыңғы Қазақстан Коммунистік партиясында қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыркүйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болыл, белгілі бір буындарында қызмет істеген адамдар.

Өздерінің бағдарламаларында атап көрсеткеніндей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бірқатар саяси партиялардың қол жеткізген едәуір табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның - 12, Шаруалар одағының, - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.

1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қаспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С. Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә. Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ. Е. Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.

1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға Республика бойынша 4833 таңдаушының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл тандаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат депутат болып сайланды.

Казақстан Конституциясының талабына сай 2002 жылы 8 қазанда Республика парламентінің жоғарғы палатасы — Сенаттың босаған орындарына қосымша сайлау жүргізілді. Оның барысында жоғарғы палата құрылымының үштен бірі жаңартылды. Барлық бос орындарға 30-дан астам кандидаттар дауысқа түсті, олардың 16-сы Сенат депутаты болып сайланды.

1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау елімізде бірінші рет тек кана бір мандатты округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тізімдер бойынша да өтті. Сайлау кезінде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тізімін тіркеді. Дауыс беру қорытындысында Қазакстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіммен Отан партиясының төрт өкілі, Қазақстан Аграрлық, Қазақстан Азаматгық және Қазақстан Коммунистік партиясынан екі-екіден өкілдері депутат болып сайланды.

Мұның өзі Парламентте саяси партиялардың депутаттары да ресми әрі жеткілікті түрде болатьшдығын білдіреді. Бұл Қазақстандағы нақты көппартиялы демократияның, қалыптасу кезеңінің жаңа бір қадамын көрсетеді. Мұндай өзгеріске басқа мемлекеттер мен елдер және халықаралық демократиялық ұйымдар өздерінің оң көзқарастарын білдірді.

Бұл жағдай еліміздің дамуына, өркендеуіне, қоғамымыздың, одан әрі демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономикамыздың, әл-ауқатымыздың, тұрмыстіршілігіміздің жақсаруына игі-ықпал тигізетініне сенімімізді күшейтеді.

Атап айтқанда, еліміздің экономикасы мен мемлекеттік құрылыстағы жетістіктері қоғамды одан әрі демократияландыру процесін тереңдете түсуге жағдай жасауда. Қазіргі кезде мемлекет бұл саланы одан әрі реформалаудың қалай болатынын қалыптастырды. Демократиялық өзекті мәселелер бойынша саяси партиялардың рөлін күшейту, сайлау заңнамасын жетілдіру, жергілікті жерлерге өзін-өзі басқару, үкіметтік емес ұйымдардың және тұтастай алғанда азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, баспасөз бостандығын нығайту т.б. институттар өздерінің тиісті мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы жанында алдағы уақыттағы демократияландыру мен азаматтық қоғамды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Тұрақты Кеңес 2003 жылдан бастап қызмет істеп жатыр. 2003 жылдың бірінші жартысында біздің елімізде Ұлттық кеңес, Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды

Наши рекомендации