Кен орнының жалпы мағлұматтары
КІРІСПЕ
Еліміздің экономикасындағы басты мәселелердің бірі - Мұнай – газды өңдіру саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында айта кеткендей; «Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, әсіресе мұнай-газ саласы да. Сондықтан да, бұл саладағы өңдірісті жылдам да, әрі тиімді етеп өңдіру қажет. Алдымыздағы 20-30 жылдың ішінде альтернативті энергоресурстарын үнемі пайдалануымыз мүмкін».
Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуына қарай, қазіргі уақытта, мұнай-газ ісі ғылымы да қарқынды дами бастайды. Әр түрлі, ресурстарды пайдалана отырып, ғылымның алға жылжығаның байқаймыз. Дүние жүзіндегі зертханаларда экологиялық таза, сұранысқа тиімді энергоресурстар шығарылыуда. Қазіргі уақыттың өзінде жанар майды қажет етпейтін автокөліктер ойлап шығарылыуда,адамзат атом реакторлары және термоядролық реакцияларды қолдануды жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаттарының бірі:
1) Қарқындылығы жоғары кен орындарды игеру
2) Кен орындарды жылдам да,әрі тиімді етіп игеру
3) Мұнай және газ саласындағы алдынғы қатарлы геологиялық бақылауды және жаңа кен орындардың ашылуын жүзеге асыру.
Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының ішіндегі ең ірі кен орындардың бірі–Жаңажол кен орны. Еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлесін қосуда.
Жаңажол кен орнында жоғары өнімді скважиналарда тиімді пайдалану үшін батырмалы ортадан тепкіш сораптар қолданылады. ЭОТСҚ мұнай скважинасынан қабаттық сұйықты шығару үшін арналған және сұйықты алуды көбейту үшін қолданылады.
Геологиялық мәліметтер
Кен орнының жалпы мағлұматтары
Жаңажол кен орны Ақтобе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан.Кен орын 1978 жылы №4 ұңғымен ашылған.Онда тұз асты түзілімдерінің жоғарғы корбонатты қабаттарынан өнеркәсіптік маңызы бар мұнай ағымы алынған.
Бұл кен орын Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына жатады.Кен орын Қандыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 130 км қашықтықта орналасқан.Облыс орталығы Ақтөбе қаласынан солтүстікке қарай 240 км жерде орналасқан, қала мен кен орын тас жол арқылы байланысып жатыр.Аудан бойынша халық саны көп емес.
Ең жақын теміржол станциясы шығысқа қарай 100 км шамасында орналасқан.Жақын жерде Жанажол совхозы солтүстік-шығысқа қарай 15 км қашықтықта орналасқан.Жем станциясы Жана Жол кен орнынан солтүстік батысқа қарай 35 км жерде Кеңқияқ кен орны игерілуде. Гурьев-Орск құбыр желісі 100 км қашықтықта өтеді.
Жана Жол кен орны 1982 жылдан бері игеру сатысында. Игерудің негізгі сатысы жағарғы корбонатты қабат.
Жана Жол кен орнынан 130 км қашықтықтағы Қандыағаш қаласында СНПС «Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорны орналасқан. Кен орын аумағында электр желісі, игеру ұңғыларын бұрғылау үшін жүргізілген.
Кен орынды қайта жандандыру 1960 жылы (Домбровский П Я, Мойсенюк Н.К) жүзеге асырып, 1961 жылы бұрғылауға өткізді. Ақтебе геофизикалы экспедитция ғалымдарының зерттеуі 1975-1980 жылы жүргізілді. Бұрғылау барысында 1-ші ұңғыма тереңдігі 3154м,ал 2-ші ұңғыма 1966 жылы 2433м терендікте болды. 1976 жылыдан 1978 жылдын 31 наурызына дейін жүргізілді. Осы бұрғылау нәтижесінде фонтанды бұрғылау алынды.
Жергілікті жер бедері әлсіз төбешікті жазық даладан тұрады және жыралармен бөлінген. Абсолют белгілер +125 тен 270 м-ге дейін ауытқиды. Минимал белгілер кен орнын территориясын оңт.батыстан шектеп жатқан Жем Жанажолінің ұзындығынына жатқызылған. Территорияның негізгі бөлігі жазақ дала. Климаты кенет континенталды ұзақ, салқын қысымен, қар қалындығы 20 см-ге дейін және салыстырмалы түрде қысқа жазымен сипатталады. Үлкен ауқымдағы жылдық және тәуліктік температура ауытқулары тен. Темперетура +40С-тан -40С-ге дейін, кеш көктемдік және ерте күздік суықтар болады.
Территорияның жазық болыуы жел күштерінің пайда болыуына жақсы жағдай тудырады. Қыста батыс бағыттағы желдер басым және борандар тудырады.Жаз мезгілінде солтүстік шығыс бағыттағы желдер басым болады, бұл ылғалдылықтың тез буланып кетуіне әсер етеді.
Гидрогеографиялық торап үш Жанажолмен көрсетілген. Оның ішіндегі ең ірісі Жем Жанажолі. Оның бастауы Мұғалжар тауларының батыс баурайынан шығады. Оның ұзындығы 712 км. Ол кен орыннан 2-14 км қашықтықта өтеді. Суы минералданған және техникалық қажеттіліктерге қолданылады. Тұрмыстық қажеттіліктерге құдық сулары алынады. Жем Жанажолі балыққа бай. Онда шортандар,майшабақтар, алабұғалар мекен етеді.
Тамды Жанажолі өз бастауын Шабаева ауылы жанындағы бұлақтан алып, Елек Жанажоліне келіп құяды.Өнеркәсіптік балықтар мекені болып келеді: сазан, алабұға,судак және т.б.
Бұлардан басқа төрт кешігірім Жанажолдер бар; Сазды,Ақжар,Қаракеш, Талды-су. Олардың тұрақты ағымы жоқ, сондықтан жиі кеуіп кетеді.
Өсімдік әлемі тек атмосфералық шөгінділер есебінен құралады.Өсімдік әлемі кедей және негізінен бетегелер тобынан құралған.
Жылдық орташа шөгінділер 170 мм. Қыс мезгілінде журдің қату тереңдігі 1,5-1,8м.
Сыртқы ауаның абсолютті минемалды температурасы +43С, -42С.Орташа айлық ауаның ылғалдылығы сағат 13:00-де.Салқын айда 77%,ыстық айда 29%
Қар қалындығы қыс мезгілінде 20 см. Өсімдік жабыны жартылай шөл далаға тән.
Стратиграфия
Жоғарғы корбонат қатқабатының қималарын салыстыру нәтижесінде үш коллектор будалар ( жоғарыдан төмен қарай А,Б,В будалары) анықталған.олар бойынша газ, конденсат және мұнай қорлары анықталған. Стратиграфиялық тұрғыдан А және Б будалары Гжель мен Касым жікқабаттарына жатқызылған. Құрылымның солтүстік күмбез маңында №10,13,50 ұңғылар ауданында В будасы анықталады.
Литологиялық жыныстары әктастармен, доломиттермен және соларға тән түрлермен көрсетілген. Әктастар органогенді, микрокристаллды, псевдоолитті. Органогенді әктастар А будасы үшін тән (Гжель жікқабаты).Олар органикалық қалдықтардан тұратын сұр түсті жыныстар.Кеуектулік бұрыс пішінді болып келеді, өлшемдері 0,005-0,5 мм, сирек 1 мм., каверналы 1-5 мм. Жарықшақтық нашар дамығын. Микрокристалл әктастар әр түрлі дәрежеде саздалған, біртекті, негізінен тығыз, жарықшақтығы органогенді әктастар арасында кездеседі, сонымен бірге гжель жікқабатының төменгі боліктерінде жеке будалар түзеді.
Доломиттер өңімді жыныстар қимасында кең тараған. Олар біртекті, массивті, қоңыр-сұрғылт жыныстар, арасында жиі битумнан қалған белгілер болады.
А,Б,В будалары керн материалдарымен қанағатты түрде қамтылған. А будасы бойынша 34 рет кеуектілік пен өткізгіштік (8 Мg) анықтау жүргізілген. Кеуектілік сонымен бірге СКҚ арқылы да анықталады. СКҚ бойынша алынған кеуектілік көрсеткіші керн мәліметтеріне жақын. Жобалау үшін 12%-ке тең кеуектілік пен 8 Мg өткізгіштік қабылданады. Мұнайға қанығу 80%-ке тең.
Б будасы бойынша 7 ұңғыдан 215 кеуектілікті есептеуге және 186 өткізгіштікті есептеуге қажетті үлгілер алынады. Мұндағы кеуектілік – 13,7%, өткізгіштік – 171 Мg. Мұнайға қанығу 87%-ке тең. Осы параметрлер жобалауға қабылданады.
В будасы 164 кеуектілік пен 82 өткізгіштікті анықтау орындалған. Мұнда кеуектілік – 10,2%, өткізгіштік – 175 Мg. Мұнайға қанығу 86%.
В1 будасы кернмен сипатталмаған. Оның параметрлері В будасымен келтірілген. Төменгі корбонатты қатқабат толық зерттелмеген, өткізгіштігі анықталмаған. Керн бойынша кеуектіліктің орташа мәні – 11 %. Мұнайға қанығу 75%.
Бірінші корбонатты қатқабат (КТ-1) әктастармен, доломиттермен көрсетілген. Сирек түрде саз қабатшалары кездеседі. КТ-1 қатқабатының қимасында үш өнімді коллектор будалары анықталған. ( А, Б, В).
Өнімді будалардың коллекторлық қасиеттері керн және геофизикалық зерттеулер кешені бойынша зерттелген. Керн бойынша орташа арифметикалық кеуектілік мәні А, Б және В будалары үшін сәйкесінше: 11,5%, 13,7% және 10,2%.
А, Б, В будалары газ бүркемесінің газбен қанығыуы 79%, 82%, 81%.
ГИС нәтижелері бойынша орташа кеуектілік: А будасы бойынша – 12%, Б- 13,8%, және В- 11,5% болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша А және Б будалары керн мен ГИС арқылы зерттеу жүргізу нәтижелері бірдей де , ал В будасы бойынша керн 7 ұңғыдан алынғаның, ал ГИС зерттеу жұмыстары 12 ұңғы бойынша жүргізілгендігін ескеріп, кеуектілікті 11% деп аламыз. А, Б және В будаларының өткізгіштік сипаттамасын негіздеу үшін тек қана керн мәліметтері алынады. Орташа өткізгіштік А, Б және В будалары бойынша сәйкесінше 0,0008 мкм 2 ,0,171 мкм 2, 0,114 мкм2. А және Б будалары бойынша бастапқы мұнайға қанығу геофизикалық зерттеулермен анықталады және сәйкесінше 80%- ға тең. В будасы үшін 86%.
В1 будасы кернмен әлсіз сипатталған. Ол бойынша барлық параметрлер В будасындай етіп алынады.
Стратиграфикалық қатынаста Г будасы Мәскеу жікқабатының нашар горизонтына жатқызылған, ал Д будасы Мәскеу жікқабатының верей горизонтына, башкир жікқабатына және серпухов жікқабатының протвин горизонтына жатады.
Жобалау үшін кеуектіліктің келесі мәндері ұсынылады: Г І-9,5%,ГвІ ІІ-12,6%, ДнІ-10,8% және Д І ІІ-9,8% .
Өңімді будалардың өткізгіштігін негіздеу үшін керн материалының, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулердің нәтижелері қолданылады. Керн мәліметтерінің шектеулі екендігі белгілі болғандықтан өткізгіштікті белгілі кеуектілік және каротаж бойынша анықтаған жөн.
Жобалауға келесідей өткізгіштіктің берілгендері ұсынылады.ГІ-0,0185 мкм2; Гв-ІІІ-0,0824 мкм2;ДнІ, ДвІ-0,0603мкм2.
Жалпы мұнайға қанығу тек ГИС арқылы анықталады және будалар үшін келесідей болып келеді:ДнІ, ДвІ және Д ІІІ үшін 89%, 85%, 73%; газға қанығу : ГнІІІ-78% және 83%.
Өнімді будалардың қалындығы өте ауқымды көлемде өзгеріп отырады.
Мысалы, КТ-1 қатқабаты бойынша негізінен 30-60 м. Болса, кейбір ұңғыларда 5, тіпті 2 м-ге дейін төмендейді.Олардың жоғары мәндері Б және В будаларында байқалады, кейбір ұңғыларда 100-109 м-ге жетеді.Будаларды бөлгіш қабатшалардың қалыңдығы ондаған метрге жетеді, тек бөлек ұңғыларда 2-5 м-ге азаяды, ал кейде 0-ге дейін түседі.
А будасының қалындығы 2,4-89,4 м, жалпы тиімді қалындығы 3,4-66,5 м, мұнайға қанығу максимум қалындығы 36 м-ге жетеді.
Орташа мұнайға қанығу қалындығы 12м .газға қанығу- 26м . Б будасы бойынша жалпы қалыңдық 4-104,8 м, тиімді қалындық 3,4-6,4 м, мұнайға қанығу қалындығы 1-ден 47,3 м-ге дейін.
Мұнайға қанаққан орташа қалыңдық кеніш бойынша 12 метр, газға қаныққан қалындық 14 метр.
В будасы Б будасы секілді кең ауытқуға ие қалыңдығы бар. Осылай, Б будасының жалпы қалындығы 10-нан 108,8 м-ге дейін өзгереді, тиімділік қаландығы 6-40 м. Мұнайға қанығу қалыңдығының максимал мәні 55м.
Мұнайға қанығу қалындығының орташа мәні оңтүстік күмбезде 13м., солтүстік күмбезде 20,9 м.
В1 будасының қалындығы 28,2-73 м , мұнайға қанығу қалыңдығы 30,8- 88,6м.
Мұнайға қанығу қалыңдығының орташа мәнің оңтүстік күмбезде 5,6 м, солтүстік күмбезде 7,4 м. КТ-ІІ карбонатты қатқабатының интервалы құрылымының оңтүстік бөлігінде 827 м-ге дейін өзгереді.Ондағы Г және Д будалары да өз қалындықтарының тұрақсыздығымен ерекшеленеді: І блокта олардың қалыңдығы солтүстікке қарағанда аз. ГвІІІ будасының жалпы қалындығы 4,2 м-ден 84 м-ге дейін, ГнІІІ будасы 4 м-ден 218 м-ге дейін өзгереді.
ГвІІІ будасының мұнайға қанығу қалындығының максимал мәні 30,2 м;ГнІІ-71,2 м ; ДвІ-115,4 м; ДнІ-83,8м.
Мұнай,газ және судың қасиеті мен құрамы.
Мұнай – тау жынысы.Ол шөгінді тау жыныстар қатарына жатады, құрамында құм,топырақ,әктас, тұздар және т.б.Тау жыныстар көбінесе қатты күйде кездеседі,бірақ мұнай сұйық болады. Мұнай жер қойнауының мыңдаған метр тереңдікте орналасады.Мұнайдың негізгі қасиеті – жаңғыш.
Кен орынның орналасуына байланысты мұнай қоры әр түрлі болады.Мұнайдың негізгі салмағында көміртегі – 79,5 – 87,5 %,және сутегі – 11,0 – 14,5 % болады.Бұлардан басқа мұнай үш элементтен құралады – оттегі,күкірт,азоттан. Олардың жалпы мөлшері 0,5 – 8 % құрайды. Мұнайдың әр түрлі консентратцияға түсіуіне байланысты құрамында; ванадий, никаль, темір, алюминий, мыс, магний, барий, стронций, марганец, хром, кобальт, молибден,бор, мышьяк, калий.Олардың жалпы көлемі 0,02 – 0,03 % құрайды. Берілген элементтер мұнайдағы органикалық және бейорганикалық қосылыстарды тудырады.Мұнайдағы оттегі және азот қосылыстары берік күйде болады.Күкірт күкіртсутегінің құрамында болады.Мұнай құрамына шамамен 425 көмірсутегті қосылыстар кіреді.Негізгі үш топ : метанды, нафтенді және ароматты көмірсутегтер құрайды.Барлық мұнай түрлері көміртегтердің; 1) метанды – нафтенді, 2) нафтенді – метанды, 3)ароматты – нафтенді, 4) нафтенді – ароматты, 5) ароматты – метанды, 6) метанды – ароматты, 7) метанды – ароматты – нефтенді. Бұл классификацияда алғашқы болып, мұнай құрамындағы көмірсутег қосылыстардың ең азы қойылады.
Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар құрамында көмірсутегі емес қосылыстары бар әртүрлі құрылымдағы көмірсутегтерінің күрделі қоспаларынан тұрады.
Мұнай құрамы өте күрделі және әр түрлі болып келеді.Ол бір кеніштің өзінде де өзгеріске түсіуі мүмкін.
Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда 200-ге жуық мұнай кенорны бар.Әр кен орынының мұнай құрамы ерекше және қасиеті де әр түрлі.
Мұнайдың қасиеті өңдіру барысында, мұнайдың қабат бойымен қозғалысында, ұңғыда және жинау мен тасымалдау жүйесінде өзгеріп отырады.
Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді ( СпН2н+2), нафтенді (СпН2п) және ароматты (СпН2п-6) көмірсутектер кіреді.
Метанды немесе парафинді көмірсутегтері (алкандар) метаннан (СН4) бастап, пентанға (С5Н12) дейін қалыпты жағдайда, яғни ( Р-,01 МПа және Т- 273 К) газ күйінде болады. Ал пентаннан бастап гептадеканға (С17Н36) дейін сұйық түрде, ал одан жоғарғысы – қатты заттар (парафиндер) күйінде кездеседі.
Көбінесе мұнайда көміртегінің пайыздық үлесі – 83-87 % , ал сутегінің үлесі -12 -14% құрайды.Ал басқа элементтер – күкірт, азот, оттегі және тағы басқалары 3-4 % аралығында кездеседі.
Күкіртті қосылыстар (меркаптандар,сульфидтер, күкіртсутегтері) метеалдарды қатты коррозияға ұшыратады және мұнайдың тауарлық сапасын төмендетеді. Еркін күкірт мұнайда сирек кездеседі және күрделі күкіртті қосылыстарға ыдырайды. Зияндық (улы) қасиеті бойынша барлық осы аталған күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутегі ең қауыпті болып табылады.
Мұнай құрамына кіретің, оттекті құрамды компоненттерге – нафтенді және майлы қышқылдар, фенолдар және т.б жатады. Нафтенді қышқылдың құрамы бірнеше пайызға дейін жетіуі мүмкін. Нафтенді қышқылдар тез жағымсыз иіс шығаратын аз ұшатын сұйықтар болып келеді, олар суда ерімейді, бірақта мұнай өнімдерінде жеңіл ериді. Сілтілі металдары бар қабат суларымен әрекеттескен кезде түзілетін нафтенді қышқыл тұздары - эмульгаторлар болып табылады.
Азоттық қосылыстар мұнай құрамында аз мөлшерде кездеседі ( 0,5 % дейін).
Мұнайдың фракциялық құрамын, айыру барысындағы әртүрлі қайнау температурасында олардан шығатын фракциялар арқылы анықтайды. Мұнай фракциларының қайнау температурасы.
30 – 205С – бензин, 200 – 300С – керосин, 120 – 240С лигроин (арлық фракция), 300С – тан астам температурада мазуттар алынады.
Айдау барысында алынған өнімдерді, егер олар 350С – қа шейін қайнаса – ашық фракция деп, ал егер қайнау шегі 350С және оданда жоғары температурада қайнаса – қара фракция деп аталады.
Жана Жол кен орнында мұнаймен газды 9 ұңғыдан алынған 9 үлгі бойынша зерттелді. Зерттеу жұмыстарын жүргізген «Эмбімұнай» бірлестігі ЦНИЛ, «Гурьевмұнайгаз геология» бірлестігінің орталық лабороториясы нәтижелері 1.1-кестеде көрсетілген.
1.1-кесте
«Эмбімұнай» бірлестігі ЦНИЛ, «Гурьевмұнайгаз геология» бірлестігінің орталық лабороториясы
Сепаратция сатысы | Қысым | Температура |
20,00 | ||
7,0 | ||
1,05 | ||
1,00 |
Сынамаларды толығымен зерттеу тек №17 және №25 ұңғыда жүргізілген.
Бұл ұңғылардан алынған мәлеметтер өзара ұқсас.Сонымен қатар эксперементтік және есептік мәліметтердің үйлесімділігі байқалған.Басқа сынамаларды зерттеу кезінде әр түрлі параметрлер анықталғандықтан, оларды есептеп алу мүмкін емес.Сондықтан 17 және 25 ұңғылар мәні бойынша алынады. Стандартты зерттеулер нәтижесі бойынша 17 және 25 ұңғы мұнайының тығыздығы сәйкесінше, 0,7215 және 0,7205 г/см3. Мұнайдың газбен қанығу қысымы қабат жағдайында – 250,0 және 263,3м/т ( газ көлемі 20С және 760 мм.с.б. бойынша) , қабат мұнайының динамикалық тұтқырлығы – 0,36 және 0,39 епз.Мұнайдың парафинмен қанығу температурасы қабат қысымы жағдайында екі бойынша бірдей және мынаған тең; 12,0х100 5 1/ам.Газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы – 0,758 және 0,743. Жеңіл фракциялар бөліктеренің сақталу есесінен жұмыс жағдайында сатылы түрде газсыздандыру кезінде мұнай тығыздығы бір рет газсыздандыру кезіндегегі қарағанда төмен.
Төменгі корбонат өнімділік қатқабаты КТ-ІІ мұнайгазының қасиеттері зерттелмеген, сондықтан КТ-І қатқабатымен бірдей етіп алынады. Жана Жол кен орнында 7 барлау ұңғысынан 9 қабат суының үлгілері алынып зерттелінеді. 23 және 3 ұңғы сулары нашар минерализацияланған болды – 63,0 г/л. Химиялық құрамы бойынша бұл сулар жоғары минерализацияланған суға жатады, сонымен бірге метаморфозды (Na/Cl 74 – 0,85) Ондағы кальций құрамы 2,6 – 4,8 г/л, магни 1 – 2,1 г/л, сульфаттар 1,3 – 2,2 г/л. Тұтқырлығы орташа есеппен 0,66 сп. Сулардың газға қанығуы – 1,75 м3т.
Тектоника
Тектоникалық жағынан аудан Каспий маңы ойпатының борт алдындағы ватолы бөлігінде орналасқан. Ол өз кезегінде Орал геосинклиналь аймағындағы Ащысай мен Сакмар – Көкпекті бұзылымдарымен бөлінген.
Геологиялық дамуының ерекшеліктерінің бірі болып, аумақтың жедел түсуі және мықты шөгінді түзілімнің қалыптасуы болып табылады. Оның негізгі бөлігін тұзасты кешені құрайды (7-10 км). Тұзасты қалыңдығының жапсарлары батысқа қарай еңкейген кезде, бір қатар жекелеген баспалдақтармен қиындатылады (жату тереңдігіне байланысты). Оларға: Жаңажолдық (5,5-6 км), Кеңқияқтық, Қоздысайлық және Шұбарқұдықтық (7- 7,5) баспалдақтары жатады, олар өз кезегінде түзу емес ақауларымен сипатталады. Шектерінде қарастырылып отырған кен орны орналасады, яғни Жаңажол баспалдағындағы ерекшеліктерінің бірі болып, брахиантиклиналды түріндегі ірі ашылымдарымен қиындатылған мықты карбонатты массивтердің дамуы табылады.
Жаңажол кенорыны Гжель-Подоль (К -1) және Кашир-Венев (КТ-2) жастағы жыныстардан құралатын карбонатты массивінің жоғарғы бөлігіне бейімделген. Құрылым үлкен емес тоқымымен бөлінген, иррационалды созылған солтүстік пен оңтүстік күмбездері бар, ірі брахиантиклинальмен сипатталған.
Барлау ұңғыларымен ауданды бұрғылаған кезде, карбонатты қалыңдығының төменгі қимасында тектоникалық ақаулар бар екендігі анықталды, олардың ішінде аса созылғандары 100-150 м ығысу амплитудасымен батыс қанаты бойынша өтеді, қалған екеуі 40-50 м амплитудасымен ығысып орталық бөлігін қиындатады (61-шы ұңғыманың ауданында). Осы ақаулардың арқасында жалпы құрылым 3 блокқа бөлінеді; 1 (оңтүстік бөлік), 2 (61-шы ұңғыманың ауданында), 3 (солтүстік бөлік), сұйықтардың қорлары негізінен 1 мен 3 блоктарда шоғырланған.
Кенорынның өндірістік мұнайгаздылығы екі карбонатты қалыңдықпен байланысады: бірінші және екінші, олар өз кезегінде қалыңдығы 206 – 417 м болатын терригенді жыныстардың жиынтығымен бөлінеді.
Мұнайгаздылығы
Жаңа Жол кен орнынның сатысында (Алибекмола, ЖаңаЖол, Ұрыхтау, Қоңғыр, Шығыс Төрткөл) 4411 м аралықтағы тереңдікте. Кеңкияқ кенорнының сатысында (Арайсай, Кеңкияқ, Көкпенде,Оңтүстік Мартук, Жантай және т.б) олар 5182 м тереңдікте – будалардың оңға жуық коллекторлары бөліп тұр ( 20 – 84 м қалындықта, мұнай қабаттарымен негізделген, газ және конденсатта кездеседі), оның құрамына: окс горизонтындағы – бір; серпухов ярусында – үш; башкир ярусында – үш; коллекторлы будаларды өз – ара аргелитті қабаттармен немесе тығыздығы жоғары корбанаттар болып бөлінеді.Әр будаларда екі – жеті қабат болады,олардың қалыңдығы 3 – 38м аралығында және буланған коллекторлармен бірге, ыдыраған және сирек булармен, булы қабаттармен, ыдыраған қабаттар түрінде.Сондықтан КТ – 1 коллекторлық құрамы, Жаңа Жол кен орнының сатылары, Кеңқияқ кен орнының сатыларына қарағанда біршама биік болады. Кеңқияқ кен орнына қарағанда, Жаңа Жол кен орнының корбанатты сатылары инфильтерленген сулардың сулануымен байланысты болды.
Жыныс өлшемдері 0,05 – 0,1 мм тұратың 13 – 15,8 %, ал қабаттықта 1,1 – 1,9 мм-ден 3%-ке дейін жыныстарда ұсақ қабықшалар жиналып қалады. КТ-1 ашық жыныстарының құрамы 9,2 – 19,5%, Жана Жол,Ұрыхтау, Қоңғыр сатысында 0,080–0,170 мкм2 өткізгіштігіндегі максималды мәні,ГИС коэффинцентінің мәні 42,7 – 46,1% жетті. Мұнай қабатының биіктігі 100 м-ге жетеді, газоконденсаттыкі – 200м. Өңімнің сыртқы қабатына сазды жыныстар мен төменгі перьм және қоңғырдың галогенді қабаты орналасқан.
КТ-1 сатысының, физикалық және мұнай өңімінің сапалы мініздемесі жақын.Олар жеңіл (833 – 836 кг/м3). Күкіртті (0,4 – 0,9%), парофинді (3,95%), шайырдың және асфальтеннің мөлшері 4,6 – 5,6%.Фракцияның шығу температурасы 200С, 32%- дейін жетеді, ал 300С 55% шамасында. Мұнайдың топтық құрамы: метанды – нафтенді.
Мұнайлы қабаттағы газдың қанығу мөлшері 263,3 м3/м3 аспайды. Бастапқы қабат қысымының өзгеруі шамамен 28,7 (А будасында) – 29,64 мПа (В,В’будасында), қабаттық температура 57- 62С.
Қабаттың мұнай және газконденсатты бөлігінде, еріген газ, құрамы бойынша ауыр және жеңіл болып келеді, құрамында этан бар бөлігі; көмірсутегтері 8,5 – тен 19,6%-ке дейін өзгереді, метан 68,2 – ден 87,3% - ке өзгереді.Құрамында күкіртсутегі 2,04 – 3,49%, азот 1,02 – 2,19%, көмірқышқыл газы 0,57 – 1,08% , құрамында гелийдің 0,01 – 0,014% мөлшері бар.
Қалыпты конденсат мөлшері газда 283 г/м3.Оның тығыздығы 711 – 746 кг/м3, күкірт мөлшері 0,64%.Топтық құрамда: метан 70%, нафтен 20%, ароматты 10% .Конденсат дебиті 34 – 162 м3/тәу.
Каспий шельфінің шығыс бөлігінде, соңғы жылдары геолого – сейсмикалық жұмыстар нәтижесінде көп деректі материалдар жиналып қалды. Осы материалдар көмегімен аймақтық ресурстарды толық зерттеп, жаңа мұнай және газ кен орындардың ашылыуына және тұзасты карбонаттар қабаттын зерттеуге негіз болды.