Жеделхат,категориясы,оған қойылатын талаптар
Жеделхат – телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат.
Құрылымы: • Категориясы мен нөмірі (үкіметтік, халықаралық, жедел, кезектен тыс т.б.); • Мерзімі, жіберілген уақыты; • Алушының аты-жөні, мекенжайы; • Мәтіні; • Мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның мекенжайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, күні. Жеделхаттың тапсырылғанын ескертетін, талап ету бойынша алатын, қабылдаушының өз қолына тапсырылатын, жеткізіліп берілетін, жауабына ақысы төленген түрлері де болады. Жеделхат арнайы баспахана қағазына (бланк) толтырылады, олар болмаса қажет пішімдегі жай қағазға толтырылады. Жеделхаттың екінші данасы (көшірмесі) мекеменің іс қағаздарында сақталады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі түрлері болмаса сандар сөзбен жазылады. Мәтіні қысқа жинақылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс. Екі ұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: НКТ-нүкте, ҮТ-үтір, ТР-тырнақша т.б. Халықаралық жеделхаттар орыс және латын қарпімен басылады. Мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады. Халықаралық жеделхаттың мекенжайы бөлімінде жеделхаттың категориясы туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауы көрсетіледі. Мәтінге ұйым басшысы қол қояды. Сол жақ төменгі бұқрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефоны көрсетіледі.
Жеке құрам бойынша бұйрық ,негізгі бөлімдері,күшін жою жағдайлары.Бұйрық – мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт. Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 түрлі болады:• Негізгі қызмет бойынша; • Жеке қызметкерлер құрамы бойынша. Жеке құрам бойынша бұйрық - мекемедегі, ұйымдағы кадрларға байланысты мәселелерді – оларды іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталады. Жеке құрам бойынша бұйрықтар негізгі қызметке қатысты бұйрықтардан бөлек жүргізіледі. Жеке құрам бойынша бұйрықтар мәтінінің тақырыбына жұмысқа алу, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру туралы және т.б. атаулар қойылады. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады. Мысалы: тағайындалсын, ауыстырылсын т.б. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады. Сонымен қатар жеке құрам жөніндегі бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі. Мысалы: - зейнеткерлікке шығуына байланысты; - еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты; - себепсіз жұмыстан қалуына байланысты; - денсаулық жағдайына байланысты; - отбасы жағдайына байланысты; - басқа жұмысқа ауысуына байланысты; - жүктілігіне байланысты; - бала күтіміне байланысты т.б. Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, заңгермен, бас есепшімен, кадр бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі. Егер бұйрық мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, ал бұйрық күшіне енетін басқа күн көрсетілсе, сол күннен бастап күшіне енеді. Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Бұйрыққа қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың 1- орынбасарлары немесе басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие болады.Бұйрықтың күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады немесе жоғары құзырлы орган не сот жоя алады.
Жеке іс парағы,негізгі деректемелері Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі. Деректемелері1. Тегі,аты,әкесінің аты2. Жынысы 3. Туған күні, айы, жылыТуған жер4. Ұлты5.Білімі, 5. Қандай шетел тілдерін білесіз (оқи аласыз ба, әлде сөздікпен аудара аласыз ба, түсінесіз бе, еркін сөйлей сіз бе)Ғылыми атақ-дәреж6. Ғылыми еңбек, жаңалықтарыңыз7. Еңбек жолы (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қосымша атқарған жұмысын т.б. қоса есептегенде) 8. Сайланбалы органдарға қатысуы9. Әскери қызметке қатысы және әскери атағы ҚұрамӘскер түрі(командалық, саяси, әкімшілік, техникалық т.б.)10. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы тұрмыста (үйленген) жолдасым (жұбайым)11. Мекен-жайыңыз. Телефон 11.Толтырылған уақыты қолы