Оғамның әлеуметтік экономиканың дамуын жоспарлаудың мәселелерімен мақсаттары
Жоспарлау — басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Жоспарлау — белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар — жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:
1. Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағыттылған.
2. Әр-түрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және өзгерістерге бейімделуі қажет.
3. Жоспарлау процессі қате істерді болдырмауға және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.
Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.
ЖОСПАРЛАУ | НӘТИЖЕЛЕР |
АМАЛДАРЫ | |
РЕСУРСТАР | |
ЕНГІЗУ | |
БАҚЫЛАУ |
1 сурет. Жоспарлау процесінің негізгі элементтері.
Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
• ЖҮЙЕЛІЛІК;
• ЖИНАҚТЫЛЫҚ;
• ҮЙЛЕСІМДІЛІК;
• ИКЕМДІЛІК:
• РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.
ЖҮЙЕЛІЛІК - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
ЖИНАҚТЫЛЫҚ - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
ҮЙЛЕСІМДІЛІК - жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
ИКЕМДІЛІК - жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
— Эконо.микалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
— Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
-Атаулы негізде. ягни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
— Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы қажет.
— Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
— Қоғамдык өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
— Жоспар көрсеткіші дегеніміз — баскару шешімінің нактылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандык және сапалық; натуралдық және құндык; абсолюттік және салыстырмалык; нормативтік (директивтік) және есептік көрсеткіштер.
Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер , мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибиесі кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі —индпкативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады:
1.Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық ставка және т.б.) мемлекеттің ролі артуда. Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару — ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.
2.Нарықтык қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика салаларында индикативтік жоспарлауды қолдану қажет (қорғаныс жүйесінде, ғылым жіне білім саласында). Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.
3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті — инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.
4. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың интеграциясы мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың ролінің артуына себеп болып тұр.
5. Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
1. Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама.
2. Жобаланған мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.
3. Макроэкономикалық саясат
3.1. Қаржылық-несиелік саясат;
3.2. Салықтық-бюджеттік саясат;
4. Құрылымдылық саясат.
4.1. Сауда саясаты;
4.2. Бағасаясаты;
4.3. Құнды қағаздар нарығының саясаты;
4.4. Инвестиция саясаты.
5. Экономика секторларын дамыту
5.1. Өнеркәсіп;
5.2. Ауыл шаруашылығы;
5.3. Құрылыс;
5.4. Көлік және бапланыс;
5.5. Қаржы саласы;
5.6. Сауда;
5.7. Ғылым және технологиялар.
6. Әлеуметгік даму
6.1. Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
6.2. Кедейшілікпен кұресу және халықты әлеуметтік корғау;
6.3. Әлеуметтік-экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;
6.4. Білім беру;
6.5. Денсаулық сактау;
6.6. Мәдениет, спорт және туризм;
7. Қоршаған ортаны қорғау.
Әлеумеггік-экономикалык мақсатгарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалык деңгейді қамтиді.
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған «Қазақстан-2030″ — жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялык, жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2.жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3. басынқылар;
4. SWOT — максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5. мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6. стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.
SWOT — ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазак тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданады.