Бап. Кеме капитанының апатқа ушырағандарға көмек көрсетпеуі
1.Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ушыраган адамдарга кеме капитанының көмек көрсетпеуі, егер осы көмекті өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі ңауіп төндірмей көрсету мүмкіндігі болган болса -
2.Теңізде немесе су жолында соқтыгысқан кемелердің бірінің капитанының басқа ке-мені қүтқару үшін абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан тиісті шаралар ңолданбауы, егер бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажи мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкіндігі болган болса -
Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеу-лі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі - қылмыс деп саналып, кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 357-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.
Бұл қылмыстық құкық бұзушылық құрамы Қылмыстық кодекске 1910 жылғы 23 ақ-пандағы Халықаралық Конвенцияға (теңізде күгқару жэне көмек көрсетуге байланысты ережелердің қолданылуы) сэйкес енгізілген.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, ал қосымша тікелей объектісі — бір немесе бірнеше адамның өмірі немесе денсаулығы.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — кез келген санатгағы жэне бағытгағы теңіз немесе өзге де су көлігі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушісі болып теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған кез келген адам танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан әрекетсіздік күйде яғни кеме капитанының теңіз немесе басқа да су жолында апатқа ұшырағандарға заңда көрсетілген жағдайларға жэне шарттарға сэйкес көмек көрсетпеуі арқылы сипатталады.
Себепті жағдайларға байланысты (қатты дауылдың эсерінен) немесе көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп төндіретін (өрт, жа-рылыс болуы, суға бату қаупі төну) жағдайларда көмек көрсетпеу - қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзбейді. Көмек корсету немесе көрсетпеу мүмкіндігі техникалық сарапшылық қорытындысы негізінде анықталады.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, сондықтан да ол көмек көрсетпеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыстың зардабының болуы (адамдардың апатқа ұшырауы) немесе болмауының қылмысты саралауға эсері жоқ, бірақ жаза тағайындағанда сөз жоқ ескеруге жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының міндетті белгісі - қылмыстың жасалу орны болып табылады. Мұндай орынға - теңіз немесе өзге де су кеңістігі (өзен, көл, шығанақ, бұғаз т.с.с.) жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналық нысан-да жасалады. Кінэлі адам теңіз немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндігі бола отырып, көмек көрсетпегенін (эрекетсіздігін) сезеді жэне көмек көрсетпеуді тілейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы меншік түріне қарамастан, кез келген су көлігінің (теңіз, өзен, жолаушылар немесе жүк таситын) кемелердің капитаны. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі Қазақстан суларында жүзіп жүрген шетел кемелерінің капитаны болуы да мүмкін. Егер көмек көрсетпеу ашық теңізде орын алса, онда Халықаралық Конвенцияға сэйкес кеме капитаны қай елдің азаматы болса, сол елдің заңымен немесе оны үхтаған мемлекеттің заңы бойынша жауапқа тартылады. Егер кеме капитанының өзі апатқа ұшырап, басқа экипаж мүшелері көмек көрсету мүмкіндігі бола тұра көмек көрсетпесе, онда ол қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін (ҚК-тің 119-бабы) жауаптылыкка тартылады.
Теңізде немесе су жолында соктығысқан кемелердің бірінің капитанның басқа кемені қүтқару үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса, егер Бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкін болса - ол үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағында көрсетілген. Бұл жерде соқтығысқан екі кеменің біреуінің капитанының өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушьшарына елеулі қауіп төндірмей, басқа кемені қү_тқару үшін мүмкіндігі бола тү_ра тиісті шараларды қолданбағаны туралы сөз болып отыр. Егер мұндай мүмкіндігі бола тү_ра кеме капитаны көмек көрсетпесе, одан заңда көрсетілген зардап - кеменің апат болуы немесе өзге де ауыр зардаптарға (адам өліміне, дене жарақаты т.б.) экеп соқса, ол баптың осы бөлігі бойынша кінэлі болып, жауапқа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 357-бабының 2-тармағы материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың бірі нақты орын алған сэттен бастап аяқталған деп та-нылады.
Бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру неме се осындай адамның басқаруына жол беру
1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы не осындай кемені басқаруды алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамга беру, сол сияқты алкогольден, есір-ткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның осындай кемені басқаруына лауа-зымды адамның немесе осы кеменің меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -
2. Абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқңан іс-әрекеттер -
Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы не осындай кемені басқаруды алкоголь-дік, есірткілік немесе уыткумарлық масаң күйдегі адамға беру, сол сияқты алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның осындай кемені басқаруына лауазымды адамның немесе осы кеменің меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -жаңа Қылмыстық кодексте дербес қылмыс құрамы ретінде қарастырылған. Қылмыс объ-ектісі эуе, теңіз, өзен, кемесін басқаруда реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объ-ективтік жағынан белсенді эрекеттер арқылы: 1) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйдегі адамға әуе, теңіз, өзен немесе шағын көлемді кемені басқаруды; 2) немесе аталған адамдарға көрсетілген көлік құралдарын басқаруға жол беруі жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыс субъектісі - заңсыз іс-эрекетке жол берген лауазымды адам немесе кеменің меншік иесі; не иеленушісі.
Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дэл сол іс-эрекеттер үшін жауаптылык ҚК-тің 358-бабынын, 2-тармағында көзделген.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 3-тармағы);
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 4-тармағы);
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 5-тармағы) осы құрамның аса ауырлататын түрі болып табылады.