Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
Менеджмент— дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұлталассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б.) басталған мезетте пайда болды.
Басқару практиқасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісіне жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уағында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасыныд болғандығын дәлелдейді.
Үлкен Клод пен кіші Джордтың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000 мың жыл бұрын, шумерлер сына жазуды (клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады.
Көне египеттіктер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерт-кіштер қалдырадьь Онда әңгіме басқару туралы болады- Осы-дан 4 мың жылдай бұрын жазылған «Птаххотепа үйретуі» кі-табында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпа-ған мынадай ойлар айтылады: «Егер сец басшыболсанбайсал-ды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сезін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мә-селесін дүрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштсті шерін тарқатқанды жөн санайды».
Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл белді. Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әре-кеттің (мемлекетті, еңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.
Жүмыскерлер арасындағы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу, сейлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағидалар Марка Тулия Цицеронның «Шешендік өнер жөніндегі уш трактатында» қамтылады,
Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жунесіндегі қызмет сатысында темеи шелділердің жоғарғы шеиділерге бағыну тәр-тібі енгізілген. Үлкен Қатбн басқару міндетін әділ атқару тура-лы пікірлер айтқан. Жер қожасы өзінің басқарушысыңа бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын (калспдарлык жоспарлау) беріп, міндетті айқын қоюы, белгілеген жоспарды нәтижесімен үиемі салыстырып отыруы, талдауы және корытынды жасауы тиіс. Әсіресе, жедел түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген. Бас-қарушыдан; «Жұмысшының біразы ауру, басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа райы бөгет жасады….» деген секілді баяндаманы алғаннан кейш, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдайды: тапсырмаға түзету енгізеді, жұмыс істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т. б.
Көне Үнді ғалымдары «Артхамастра» трактатында (IV— III гасыр) шаруашылық және басқару туралы біркатар. қызғылық-ты ой-пікірлер айтады. Басқаруга қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зияи ұғымдары зерттеле-ді. Шығыс ғалымдары басқаруды күш қолданумен байланысты-рады: санекритте (ежедаі жоне орта ғаеырдағы үнділердің әде-би тілі) «басқару өнері» «данданити» ден аталады, мұны дәл-ме-дәл аударғанда «таяқпен (данда) төпелеп басқару» болады.
Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор кб)н,іл бөледі («Сиасет-намэ» кітабы).
Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы Б Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік биліктің және терең экономикалық өзгерістің біркатар реформасын жү-зеге асырды. Петр самодержавиелік басқарудың бас идеясын усынды. «Государь өз ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жа-уап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қальштасыруда Габелидін, рангтар туралы пікірі ерекше орын алады. Бірақ сол кездіқ өз-інде де күштеп, әміршіл-ектем әдіс қана қолданылып қойған жоқ. Сол кездегі өндірісті басқару туралы Сібір мен Уралдың бас заводтарының бастығы В. И- Гениннің «Урал және Сібір заводтарының жазбасы» атты кітабында қызғылыкты матери^л келтірілген. Онда былай деп жазылған: «Басқарушы мейірімді, қамқоршы, еңбекқор, салауатты болуы, істі жан-жақты білуі, қарамағындағы мастерлерге Қольшан келетін істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатта орындалуын қадағалауы тиіс». Атал-ған кітапта осы уақытқа сәйкес келетін ой-пікірлерде бар: «Бас-шы нақты істен гөрі бұйрыктың алынғандығы және орындал-ғандығы, жауабы мен. түсіиіктемесі туралы бірыңғай рапорт қабылдаумен шүғылданса — бүдан келер ешқандай пайда жоқ… Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады».
Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіп-орынға ауысқан өнеркәсіптік революцйя күшті қозғау салды. қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердін, орнына. көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жүмысшылар келді