Экономикалық өсудің типтері
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
— қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
— ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
— жұмыс күшінің санының өсуі;
— капиталдың көлемі өсуі.
1. Аралас типі — факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: | Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. — Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы. — Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. — Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы. — Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. | — Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. — Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі. — Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану. |
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол5-10%-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысыдеп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.