Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 2 страница. Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай/2жыл 10 ай Индекс Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері Пәндер мен кәсіби
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай/2жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалыптастыру құзыретінің коды |
ЖБП 00 | Жалпы білім беру пәндері | БҚ 3.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу | Кәсіби қазақ тілі(оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу істеуі керек | Кәсіби орыс тілі(оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) істеуі керек | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің және әр түрлі түрлерін және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 3.5 |
ЖГП 0.3 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - тарихи деректердің алу көздерін; - ерте заманнан осы күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолын. істеуі керек: - тарихи оқиғаның мазмұның жеткізуді; - картамен жұмысты; - тарихи ақпаратты талдауды; - тарихи мәселерде пікір-таласқа қатыса алуды. | Қазақстан тарихы Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының негізгі деректері мен үдірістері; Қазақстанның ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының жүйелілігі; Қазақстанның негізгі кезеңдерінің хронологиялық кестесі; Қазақстан тарихының кезеңдері. | БҚ 2.2 |
ЖГП 0.3/0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 3.8 |
ӘЭП 00 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы ұғымдарды: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдері және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу істеуі керек | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролі, оның құрылымы, түрлері және әдістері, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу істеуі керек | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру | Саясаттану және әлеуметтану негіздері; саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде: әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 3.6 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микроэкономикалық негіздерді, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясаты туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану істеуі керек | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны; стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжаудың әзірлеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ 3.2, 3.6 |
ӘЭП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы: - азаматтың құқығын және міндеттерін, оларды іске асыру механизмдерін; - Конституция мәні, биліктің бөліну принциптерін, парламент және үкімет қызметін; - құқықтың субъектілері мен объектілерін; - құқық бұзу және қылмыс туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу істеуі керек | Құқық негіздері: құқық – ұғым, жүйе, көздері; құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы; құқықтың Қазақстандағы даму тарихы; ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі; адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат; құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам; құқықтың басты салалары; ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары. | БҚ 3.3 |
ЖКП 0.0 | Жалпы кәсіптік пәндер | ||
ЖКП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесін (КҚБЖ); сызбалар және эскиздерді орындау ережелері мен тәсілдерін; сызба геометрия мен проекциялау сызуының негіздерін білуі керек; кен техникалық сызбаларды оқу, орындау және рәсімдеу істеуі керек | Сызу: проекциялау әдістері; позициялы есептер; проекцияларды түрлендіру әдістері; қиылысу және аксонометрия; сызу техникасы мен геометриялық құрулар; стандарттар категориялары; стандарттау, метрологиялау, сертификаттау негіздері; КҚБЖ; тау-кен сызбалары; техникалық сурет; сызбаларды оқу. | БҚ 3.1 КҚ 3.2, |
ЖКП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті техникалық механиканың негізгі анықтамаларын, жағдайларын, түсініктері мен аксиомаларын; машиналар мен механизмдердің бөлшектерін есептеу және таңдау амалдарын білуі керек; машиналар мен механизмдердің бөлшектерін есептеу және таңдауды жүргізу істеуі керек | Техникалық механика негіздері: Статика: байланыстар реакциясы, жазық және кеңістік жүйесі күштерінің тепе-тең жағдайы, қос күштердің теориясы, жазық фигуралардың ауырлық ортасы. Кинематика: нүктенің кинематикалық сипаттамалары, нүктенің қозғалыстарын теңдеулігі, қатты денедегі нүктенің әр түрлі қозғалысы барысындағы үдеу. Динамика: үдемелі және айналмалы қозғалысы барысында жұмыс пен қуатты анықтау, пайдалы әсер коэффициенті. Материалдар кедергісі: сыртқы және ішкі күштер, қималардың геометриялық сипаттамасы, кернеулер және деформациялар; деформацияның әр түрлерінде төзімділікке, қаттылыққа және тұрақтылыққа есептер. Машиналар мен механизмдердің бөлшектері: механизмдер мен машиналар бөлшектерінің негізгі түсініктері және анықтамалары. Берілістер: цилиндрлі, конусты, бұрамды, белдікті, тізбекті; сырғанақты және тербелісті мойынтіректер; тіректер; бұрандалы және шпонкалы қосылыстар. | БҚ 3.1 АҚ 3.1 |
ЖКП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті электртехника және электржетек негіздерін; электроника және микропроцессорлы техникасы негіздерін; электрлі өріс пен электрмагнетизм параметрлерін білуі керек; электржетек параметлерінің есебін жасау; электр схемаларын оқу және орындау; бір фазалы немесе үш фазалы, тұрақты және ауыспалы тоқтың электрлі тізбектерін тану қолынан келу керек: | Электртехника электроника негіздерімен тұрақты бір фазалы және үш фазалы синусоидалық тоқтардың электрлік тізбектері; тұрақты және ауыспалы тоқтардың электрлік машиналары; қуаттылық трансформаторлар, трансформаторлардың арнайы түрлері; электр қуатын өндіру, беру және тарату туралы жалпы мәліметтер; электроника негіздері. | БҚ 3.1 |
ЖКП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті ақпараттандыру, автоматтандыру және телемеханика жүйелерінің сандық техника элементтерін; ақпараттандыру және автоматтандыру жүйелерін құру принциптерін білуі керек; тау-кен жұмыстарына арналған техникалық құжаттаманы есептеу және толтыру барысында ақпараттандыру және автоматтандыру жүйелерін қолдану істеуі керек | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері тау-кен кәсіпорындарын ақпараттандыру, автоматтандыру және телемеханикалау туралы жалпы түсініктер; ақпараттандыру және автоматтандыру жүйелерінің құрылу принциптері мен жалпы сипаттамасы; тау-кен кәсіпорындарын ақпараттандыру мен автоматтандыру жүйелерінің құрама элементтері. | БҚ 3.1, 3.4, АҚ 3.6 |
ЖКП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті Қазақстан жер қойнауының геологиялық зерделенуінің және геотектоникалық құрылымын; аймақтық геологиялық зерттеулердің қазіргі кезеңдегі мәселелерін; пайдалы кен қазбалары орындарының суландыру жағдайларын; геологиялық және гидрогеологиялық процестер мен құбылыстар; тау-кен жыныстарының физика-механикалық қасиеттері мен олардың жіктелуін білуі керек; геологиялық шартты белгілерді сызу; масштабтан тыс геологиялық шартты белгілерін, тұрғын пункттері мен өнеркәсіп объектілерінің шартты белгілерін сызу; тау-кен компасымен жұмыс істеу; геологиялық карталардағы және кескіндердегі қатпарлы және үзілісті геологиялық бұзылуларды анықтау істеуі керек | Геология негіздері: Жер және ғарыш; экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; минералогия, петрография және кристаллография; минералдардың негізгі қасиеттері; пайдалы қазбалардың кен орындары; кен орындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері; геологиялық барлау жұмыстары; гидрогеология негіздері; пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу барысында жер асты суымен күресу шаралары. | КҚ 3.5 |
ЖКП 0.6 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті геодезиялық және маркшейдерлік құрал-саймандар құрылымын; тау-кен қазбаларының маркшейдерлік пландарын; геодезиялық және маркшейдерлік түсірілімдер нәтижелерін өңдеу тәсілдерін; тау-кен қазбаларын дұрыс жүргізуді бақылау әдістерін білуі керек; кен жұмыстарының маркшей-дерлік пландарын оқи білу; тау-кен қазбасын дұрыс жүргізуді бақылау; геодезиялық карталар мен маркшейдерлік пландардағы бұрыштар мен арақашықтықтарды өлшеу; пайдалы қазбалар қорларының есебін жүргізу істеуі керек | Геодезия және маркшейдер ісі негіздері: геодезия: координаттар жүйесі; бұрыштарды, ара-қашықтықтары мен артықтықтарды өлшеу, геодезиялық аспаптар; өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу; геодезиялық тармақтар; топографиялық түсірілімдер; маркшейдерлік іс: жерасты теодолитті түсірілім; қималы және тазарту қазбаларындағы түсірілім жұмыстары; тік түсірілім; маркшейдерлік құжаттама; тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің маркшейдерлік бақылауы; қорларды есептеу. | КҚ 3.5 |
ЖКП 0.7 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті жер асты тау-кен қазбаларында өзін өзі ұстау ережелерін; өзін құтқару және өрт сөндіру құралдарын; шығатын қосалқы жерлерін; алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын; тау-кен қазбаларындағы газдың режимін білуі керек; еңбекті қорғау ережелерін ұстану; өзін құтқару және өрт сөндіру құралдарын қолдану; қауіпті және зиянды факторларды айыра білу істеуі керек | Еңбекті қорғау: тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары; өнеркәсіп санитариясы; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; өрт профилактикасы және тау-кен құтқару ісінің негіздері. | КҚ 3.1 АҚ 3.2, 3.5, 3.7 |
АП 0.0 | Арнайы пәндер | ||
АП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын аршу мен дайындауға қойылатын қазіргі кезең талаптарын; тау-кен жұмыстарын жүргізу әдістері мен тәсілдерін, олардың негізгі параметрлерін анықтауды; кен қазбалары көлденең қимасының формаларын; кен өндірісінің объектілерін жобалаудың жалпы принциптері мен түрлерін білуі керек; аршудың технологиялық схемалары мен қазу жүйелерін есептеу; тазарту және дайындық забойларының құжаттарын құру; қазу бөлікшесі мен дайындық забойын желдету үшін қажетті ауа шығынын есептеу істеуі керек | Кен ісі: тау-кен жұмыстары, кен қазбаларын жүргізу және бекіту; пайдалы қазбалар кен орындарының аршу, дайындау және қазу жүйелері; желдету; жер асты өрттері мен кен-құтқару ісі; маркшейдерлік іс бойынша жалпы мәліметтер; кен жыныстарын қазуға дайындау процестері; кеніштік көлік; көтергі және сутөкпе; көмір мен кенді байыту. | КҚ 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, АҚ 3.3, 3.4 |
АП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті жарылғыш заттары мен қоздыру құралдарын; жару жұмыстарының параметрлерін есептеу ережелерін, тиімділігі мен қауіпсіздігін, жарылған масса сапасын қамтамасыз ете отырып, оларды жүргізуді ұйымдастыруын; жарылғыш материалдарды есептеу, сақтау, тасымалдау және жою тәртібін; жару жұмыстарын орындау барысындағы жобалау құжаттары мазмұнына қойылатын талаптарын білуі керек; бұрғылау-жару жұмыстарының құжатын құру мен есептеу; жару жүйелерінің схемаларын талдай білу; жару жұмыстарының параметрлерін есептеу; жару жұмыстарының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; жарушы және тексеруші - өлшеуіш аспаптарын қолдану; жарылмаған зарядттарды жою процесін бақылау | Жарылыс жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздігі: жарылыс теориясы мен өнеркәсіптік жарылғыш заттар қасиеттерінің негіздері; жарылғыш заттардың (ЖЗ) тиімділігі мен сапасын бағалау әдістері; зарядтарды жару құралдары мен тәсілдері; жарылғыш материалдарды(ЖМ) сақтау, тасымалдау және жою; ЖЗ зарядтарын бір-бірлеп немесе қатарынан сериямен жару арқылы кен жыныстарын қопару процестері; зарядтарды есептеудің жалпы принциптері; жару жұмыстарының әдістері; кен қазбаларындағы жару жұмыстарының ерекшеліктері; жару жұмыстарын механикаландыру; жару жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру негіздері; жарушының жұмысын ұйымдастыру. | КҚ 3.1, 3.5 АҚ 3.4, 3.7 |
АП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті гидро- және пневможетектер негіздерін; кен машиналары мен кешендерінің жұмыс істеу принциптері мен құрылымын; кен машиналары конструкцияларының ерекшеліктерін, олардың техникалық сипаттамалары мен қолдану аумағын білуі керек; қазу, үңгілеу және тиеу-тасымалдау жұмыстары механизациясының құралдарын таңдау; тау-кен техникасы түрлерінің бірін басқару; тау-кен жабдықтарына қызмет көрсету және оларды пайдалану кезінде техникалық жетекшілікті жүзеге асыру; машиналар мен механизмдердің қолдану және тарту күші есептерін жасау қолынан келу керек. | Кен машиналары мен кешендері: гидро- және пневможетектер негіздері; уатқыш балғалар мен бұрғылау машиналары; дайындық және тазарту жұмыстарына арналған жабдықтар мен кешендер; бұрғылау станоктары; қазу, тиеу және тасымалдау машиналары мен кешендері; жер асты тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар; тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы гидромеханикаландыру; тазарту және үңгілеу комбайндары; экскаваторлар; кенді және кенсіз кен орындарын өңдеуге арналған арнайы жабдықтар мен кешендер. | КҚ 3.2, 3.3, АҚ 3.1, 3.7 |
АП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті қазу және үңгілеу бөлікшелерін электр қуатымен жабдықтау схемаларын; тау-кен кәсіпорындары электржабдықтарының конструкциясы мен орындалу түрлерін; ішексымды тізбектерін іліп тарту ережелерін; кеніштік басқару, қорғау және байланыс аппаратурасының іс-әрекеті принципін; қуат үнемдейтін технология түрлерін білуі керек; электржабдықтарын таңдау және қолдану; электр қуатымен жабдықтау схемаларын есептеу істеуі керек | Кен кәсіпорындарындағы электрмен жабдықтары мен электр куатын жеткізу: кен кәсіпорындарының электрмен жабдықталу схемалары; ішексымды тізбектерінің құрылымы; ішексымдарды іліп тарту; электржабдықтарының деңгейі мен орындалу түрлері; жер асты тау-кен қазбаларын 1140 В дейін және одан да жоғары кернеулі электр қуатымен жабдықтау схемалары; жер асты машиналары мен механизмдерін электр қуатымен қамтамасыз ету; машиналар мен механизмдерді қашықтықтан басқарудың электрлік схемалары; кеніштік белгі беру және байланыс; электр тоғына түсуден сақтану; электр қуатын қолданудың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері; қуат көздерін үнемдеу технологиялары; электржетек негіздері. | КҚ 3.2, АҚ 3.2, 3.5 |
АП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті гидравликаның негізгі заңдарын; желдеткіштер, сорғылар, компрессорлар, калориферлер, көтергі машиналарының типтерін білуі керек; жылжымайтын шахталық қондырғыны таңдау және есептеу істеуі керек | Кен механикасы гидравлика негіздері; турбомашиналар теориясының негіздері; желдеткіш, сутөкпе, пневматикалық және көтергі қондырғылары, олардың түрлері, конструкциялары, іс-әрекет принципі; өнімділіктерін реттеу; жабдықтар мен жетекті таңдау, оларды қолдану. | КҚ 3.2, 3.3, АҚ 3.1, 3.7 |
АП 0.6 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті технологиялық жүк ағындарын қалыптастыру әдістерін; көлік машиналарының техникалық сипаттамаларын, оларды пайдалану есебін; кен кәсіпорындарының тиеу-көлікті жабдықтарын білуі керек; берілген тау-кен геологиялық жағдайларына арналған көлік машиналарын таңдау және оларды қолдану мен тарту есептерін жасау істеуі керек | Кеніштік көлік: көлік машиналарының теориясы; кенішті көлік түрлері; шахталық рельсті жол; дірілді, тақташалы, ысырмалы, таспалы және арнайы конвейерлер; шахталық вагонеткалар, локомотивті тасылым; жер бетінің технологиялық кешені; шахта көлігінің жұмысын ұйымдастыру; гидро- және пневмокөлік; ысырма көлік; қоймалар мен үйінділердегі көлік. | КҚ 3.3, АҚ 3.1, 3.4 |
АП 0.7 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті кен өндірісінің автоматика және телемеханика негіздерін; басқарудың автоматтандыру жүйелерінің құрылу принципін білуі керек; тау-кен жабдықтарын автоматтандыру схемаларын оқу; кен автоматикасының, оның ішінде түйіспесіз және микропроцессорлы құрылғыларының, негізгі элементтерін тану істеуі керек | Өндіріс процестерін автоматтандыру: автоматика және телемеханиканың негізгі түсініктері; сандық техника элементтері; автоматтандырудың техникалық құралдары; тау-кен машиналарын, шахта көліктерін және жылжымайтын қондырғыларды автоматтандыру; технологиялық процестерді автоматтандыру; тау-кен жабдықтары мен технологиялық процестерді автоматтандырудағы даму бағытының болашағы. | КҚ 3.2, АҚ 3.3, 3.6 |
АП 0.8 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті аса қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сапалы және сандық талдауының әдістерін; тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелерін; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану жөніндегі нормативті құжаттарды білуі керек; қауіпсіздік техникасының ұстануын және технологиялық карталар мен жобаларға сәйкес тапсырма бойынша жұмыстың орындалуын бақылау; бөлікшеде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқау беру; өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде бекітілген форма бойынша акт құру; тау-кен жабдықтарын техникалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерін ұстану; экобиқорғау техникасын қолдану істеуі керек | Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану: негативті факторлардың адамға әсері; зақымдану және зиянды факторлардың ұқсастылығы; техникалық жүйелердің және технологиялық процестердің қауіптерінен қорғану әдістері мен құралдары; тау-кен кәсіпорындарындағы қауіпсіздік техникасының нормативті және ұйымдастыру негіздері; өндірістегі зақымдану және кәсіби аурулар; жер асты өрттерін сөндіру және алдын алу; тау-кен кәсіпорнындағы - апаттарды жоюға дайындау; тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану; экобиоқорғау техникасы; табиғи ресурстарды кешенді пайдалану; ҚР заңдары және салалы ҚЕ, ТПЕ. | БҚ 3.7, КҚ 3.1, АҚ 3.4, 3.5, 3.7 |
АП 0.9 | Пәнді зерделеу нәтижесінде білім алушы міндеті өндірістік және технологиялық процестерді ұйымдастыруды; саланың (кәсіпорынның) материалды-техникалық, еңбек және қаражат ресурстарын, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін; өнім бағасының жасалу механизмдерін, қазіргі кезең жағдайларындағы еңбек төлемінің формаларын; бизнес-жоспарды дайындау әдісін білуі керек; қабылданған әдіс бойынша кәсіпорын (бөлікше) іс әрекетінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу істеуі керек | Сала экономикасы: сала және нарық экономикасы; саланың материалдық, еңбек және қаржы ресурстары; саланы басқару, дамудың экономикалық көрсеткіштері; кәсіпорын шаруашылық субъектісі ретінде; кәсіпорындарды ұйымдастыру формалары, олардың өндірістік және ұйымдастыру құрылымдары; негізгі өндірістік және технологиялық процестер; кәсіпорын инфрақұрылымы; кәсіпорын капиталы мен мүлігі; негізгі және айналымдағы мүліктер; еңбек ресурстары; еңбекті нормалау және оның төлемі; өндіріс шығындары және өнімнің өз бағасы; бағаның құрылуы; бизнес-жоспар; негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдісі. | БҚ 3.1, 3.2, 3.6, АҚ 3.6 |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 39-қосымша