Заңды тұлғалардың жеке статутын анықтаудың негізгі доктриналары
Әр түрлі елдердің ұлттық құқықтық нормалары қандай заңды тұлғаның осы мемлекетке қатысты екенін анықтау мазмұнында сәйкес келмейді, осылайша олардың заңнамасы, доктринасы және сот тәжірибесі заңды тұлғаны ұлттық деп санауға мүмкіндік беретін, құқықтық тәртіпті табу мәселесін әр түрлі шешеді. Осыған қарамастан, заң шығарушы немесе соттың белгіленген құрылымды өзінің немесе шетелдің құқықтық тәртібімен, заңды тұлғаны құқық субъектісі ретінде саралауда, басшылыққа алатын бірнеше қағидалар дайындалған. Олардың қатарына бекіту немесе тіркеу орны, заңды тұлғаның бас органдарының орналасу жері, қызмет ету орталығы қағидалары жатады. Одан басқа кейбір жағдайларда, сотпен нақты іс қаралғанда заңды тұлғаның бірнеше белгілерге бірдей иелену кезінде және олардың бірден бірі шешуші болмаған жағдайда, «бақылау теориясы» қолданылады. Бұл критерийлер доктринамен дайындалғаннан кейін оларға қатысты теорияларды да ажыратуға белгіленген.
В.П. Звековтың көрсетуі бойынша, заңды тұлғаның заңын анықтаудың келесі теориялары бар:бекіту жері бойынша, әкімшілік орталықтың орналасу жері бойынша, қызмет ету жері бойынша.[3]
Инкорпорация теориясы. Заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудыңбұл белгісі англо-саксондық жүйесі бар елдерге тән: яғни Сингапур, Филиппины, Батыс Самоа, Багам, Норманд, Виргин аралдары т.б. Сонымен бірге континентальдық құқық жүйесіне жататын елдер де, өздерінің заң және сот тәжірибесінде аталған белгіні белсенді қолданады. Мысалы, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Нидерланды, Қытай, Чехия, Словакия заңды тұлғаның заңын анықтауда, инкорпорация белгісіне қайта сілтеу жасайды. Тек қана соңғы онжылдықта, бұл белгі белгіленген мемлекеттердің нормативтік материалдарында заңды көрініс тапқан.
Теорияның және сол инкорпорация критериясының негізгі мазмұны- компания (АҚШ-қа қатысты корпорация) бекітілген елдің құқықтық тәртібіне қатысты болады. Басқаша айтқанда, қазақстандық заңнамамен құрылған және соның ұйғарымы негізінде өмір сүретін компания және т.б. Бұл теорияның белгілі бір нұсқалары бар.
Осылайша, (скандинав елдерінде) компания тіркелген елдің заңына бағынады.
Шетелдік заңды тұлғаның жеке статуты болып табылатын құқықтық тәртіпті табу мақсатында Венгрияның 1979 жылғы халықаралық жеке құқық туралы заңында коллизиялық ережелердің иерархиясы бекітілген: «Заңды тұлғаның жеке заңы болып заңды тұлға тіркелген ел болады. Егер заңды тұлға бірнеше елдің заңдарына сәйкес тіркелсе, немесе жарғыда көрсетілген тіркеуді қажет етпейтін әкімшілік орталықтың орналасқан жер заңы бойынша болса, онда ол оның жеке заңы болады. Егер заңды тұлғаның жарғыға сәйкес орналасқан жері болмаса, немесе бірнеше орналасқан жерлері болса және ол ешбір мемлекеттің заңына сәйкес тіркелмесе, онда оның жеке заңы болып, заңды тұлғаның орталық әкімшілігінің қызмет ету орны болады.
Отырықшылық теориясы немесе «тиімді орналасу жері» теориясы. Осы теорияға сәйкес, заңды тұлғаның (компания, корпорация, құқықсубъектілі серіктестік) жеке статуты болып оның орталық басқаруының (директорлар кеңесі, басқару және т.б. атқару мен бұйрық беру органдары) орналасқан жері болады.
Доктринада осындай заңды тұлғаның әрекет белсенділігі жүзеге асатын жердің маңызы жоқ деген көзқарас бар. Осы критерийді қолданатын елдер қатарына Франция, Испания, Бельгия, Люксембург, ФРГ, Украина, Польша және Еуропалық одақтың басқа да елдері жатады. Аталған белгі жарғыда бекітіледі, сондықтан осыны басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның қандай құқықтық әртіпке жататындығын анықтауға болады. Бірақ дәл осыны инкорпорация критерийіне байланысты да айтуға болады, себебі заңды тұлғаларды, компанияларды, корпорацияларды мемлекеттің тізіліміне енгізгенде оларға осы мемлекеттің заңды тұлғасы деген куәлік беріледі.
Бірақ инкорпорация доктринасын қолданатын елдер, сонымен бірге заңды тұлғаның жеке заңын анықтау үшін отырықшылық доктринасын пайдаланады. Мысалы, Қазақстан Республикасының АК 39-бабының 1 тармағында бекітілген: «Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер, оның тұрған жері болып табылады». [4]
Қызмет ету доктринасы. Заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудың тағы бір критерийі ретінде, оның негізгі қызмет жүргізу белгісі жатады. Заңды тұлғаның жеке заңы болып, оның өндірістік қызметі өтетін жер болып табылады. Бұл критерийді қолдану дамушы елдердің тәжірибесінде көптеп кездеседі, себебі олар осы мемлекеттің аумағында іскерлік операцияларды жүргізетін барлық заңды тұлғаларды «өзінікі» деп санайды. Мұның саяси, құқықтық, экономикалық сипаты бар. Тек дамушы елдер ғана, ұлттық шаруашылықты дамыту үшін шетелдік капиталды тартуға мүдделі болып келеді. Сол себептен дамушы елдер ұлттық ұйымдастырушылық-құқықты нысанға айналдырады. Басқа жағынан, шетелдік контрагенттер үшін жоғары пайда табушылықтан оларың келулері түсінікті де. Осындай заңды тұлғаларға қабылдаушы мемлекетпен қадағалауды қамтамассыз етуде, олардың осы байламды пайдаланулары жатады. Осының нәтижесінде «дамушы» деп аталынатын көптеген елдер, өздерінің корпоративтік құқыққа арналған арнайы актілерінде осы қағиданы бекіткен.
Индияның 1956 жылғы компаниялар туралы заңының “шетелдік компанияларға” арналған арнайы тарауында айтылады: шетел елінің заңдарымен сәйкес бекітілген компания «Индияда бизнесті жүзеге асыратын шетелдік компания» ретінде Индия Республикасында тіркеліне алады.
Германия заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудың «отырықшылық» критерийін қолданатын және «қызмет ету» критерийін ескермейтін ел ретінде белгілі. Осылай 1897 жылғы Герман сауда ережесінің бірінші кітабының екінші тарауының екінші параграфында:… арыздар үшін, қолтаңба үлгілері, құжат беру мен тіркеу үшін, егер шетел құқығы басқаны талап етпесе, бас бөлімнің немесе қоғамның орналасқан бөлімдеріне қатысты нұсқауларды орындайды. Сондай-ақ, Герман азаматтық ереженің бірінші кітабының бірінші тарауының 24 параграфында: «одақтың орналасу жері (азаматтар одағы – заңды тұлғалар), басқаша белгіленбесе, оның басқаруы орналасқан жері болып табылады. ФРГ-ның 1965 жылғы “Акционерлік қоғамдар” туралы заңының 5 § сәйкес: қоғамның орналасу жері оның жарғысымен анықталады. Орналасу жері ретінде, жарғыда қоғамның кәсіпорын орналасқан жері немесе қоғамның басқаруы орналасқан жері көрсетіледі.
Қоғамның орналасу жерін анықтауда, құқықтық дауларды шешкенде үлкен маңызы бар, заңи актіде немесе шартта көрсетілмегенде міндеттемені орындау жерді анықтау үшін қолданылады. Инкорпорация қағидасын ұстанатын көптеген елдер корпорацияның (компания) жарғыда көрсетілген орналасу жерін, ол заңды тұлға құрылған елдің аумағында болуын талап етеді. Осылайша, инкорпорация теориясын қолданатын Жапония елінің Сауда кодексінде бекітілген: « Серіктестіктің заңды мекен-жайы, оның бас конторасының орналасқан жері болып саналады «(54-бап). « Серіктестік, оның бас конторасының орналасқан жері бойынша тіркелген сәттен бастап, бекітілген болып табылады» (57-бап).
Осыған байланысты халықаралық жеке құқықтың ғылымы мен тәжірибесінде шетелдік заңды тұлғаларға байланысты, «орналасу жері» терминіне әр түрлі түсінік беру проблемасы туындайды. Жалпы алғанда, формальді (статутарлы)- жарғыда көрсетілген отырықшылықты және нақты (тиімді) отырықшылықты көрсетеді. Екі категория арасында айырмашылық болмайды, егер заңды тұлғаның орналасқан жері жарғы бойынша және оның басқару органдарының нақты орналасуы бір мемлекеттің ішінде болса.
Бақылау теориясы. Бұл теорияны қолдануды халықаралық жеке құқық тарихы мен ғылымында, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстармен байланыстырады. Қарулы қақтығыстар кезінде шетелдік заңды тұлғалар мәселесі «дұшпан мемлекеттер» сипатына ие бола бастады. Соғысушы елдер қарсыластармен кез келген контрактінің, әсіресе экономикалық байланыстардың үзілуінде мүдделі болды. Француз әділет министрлігінің 1916ж. 24 ақпанындағы үкімхатында осыған байланысты айтылған: азаматтық құқықтағы заңды тұлғаның ұлтын анықтайтын белгілер осы қоғамның шынайы қызметін анықтауға жеткіліксіз. Құжатта көрсетілгендей дұшпан заңды тұлға деп егер заңды тұлғаның басқаруы немесе капиталы жағымсыз тұлғалардың қолында болса[5].
Бұл теорияның бағыттылығын келесі мысалмен көрсетуге болады: 1915 ж. “Британ сотында” Daimler Co v. Continental Tyre and Rubber Co ісі қарастырылған, ол бойынша «Акциялары дұшпан шетелдіктер қолында болған британдық ұлты бар компанияны, дұшпанмен сауда жүргізуге тыйым салатын заңына сәйкес, британдық заңды тұлға ретінде қарастыруға болады ма?» деген сұрақ талданған.
Жеке статут категориясы заңды тұлғалар үшін өте маңызды, себебі осы ғана тұлғаның заңды болу сұрағына жауап береді, яғни құқықтың жеке субъектісі болатындығын көрсетеді. Осылайша кез келген шетелдік заңды тұлға пайда болу, өмір сүру, жою сұрақтарында өзінің құқықтық тәртібіне бағынады. Осы құқықтық тәртіп пен заңды тұлғаның құқыққа деген қабілеттілік көлемі реттелінеді, оның шектері белгіленеді. Заңды тұлғаның жеке заңы, сонымен бірге оның ішкі және сыртқы шаруашылық айналымына шығу тәртібі мен нысанын көрсетеді. Жеке статуттың мазмұны, қарастырылып отырған заңды тұлғаның өзінің қызметінде ұлттық юрисдикция шеңберінен шығуға құқысы бар ма жоқ па және шыққан жағдайда оның шарттары, нысаны, арнайы талаптары қандай екендігін көрсетеді. Қызметі мен мүлкі, соның ішінде жылжымайтын мүлік те шетел мемлекетінің аумағында орналасса және заңды тұлға жойылса, онда мүліктің тағдырын халықаралық жеке құқықта әдетте кездесетін, заттың орналасқан жер заңы емес( lex rei sitae), заңды тұлғаның жеке заңы байламы қолданылады. Міндеттемелік қатынастардың кейбір жағдайларында, мысалы міндеттемелердің кейбір түрлерінде тұлға жағы арнайы мәнге ие болса( акцессорлық сипаты бар кепіл берсе), жақтардың құқықтыр мен міндеттер мазмұны негізгі міндеттемелер шеңберінде өзара қарым-қатынастарды реттейтін жақтармен таңдалған заңмен емес, заңды тұлғаның жеке заңымен реттелінеді.
Заңды тұлғаның заңын анықтаудың әр түрлі қағидалары тәжірибе жүзінде олардың қызметін құқықтық реттеуде белгілі бір мәселелер туындайды. Бұл мәселені халықаралық жеке құқықта «коллизия ішіндегі коллизия» деп атайды.
«Коллизия ішіндегі коллизия» – халықаралық жеке құқықтабірдей нақты жағдайлардың әр түрлі құқықтық жүйедегі, әр түрлі реттеу жағдайын көрсету үшін қолданылатын түсінік. Коллизия ішіндегі коллизияның болуы, әр түрлі елдердің заңдарында көлемі бірдей, бірақ әр түрлі коллизиялық байламдары бар, коллизиялық нормалардың бар болуымен байланысты. Осылайша, мысалы, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін белгілеуге құқықты таңдауды анықтағанда қолданылатын коллизиялық нормалар, барлық құқықтық жүйелерде бар деуге болады.
Коллизия ішіндегі коллизияның жағымды және жағымсыз түрлері бар. Жағымды коллизия – заңды тұлғаның екі мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми түрде заңды тұлға болуымен байланысты. Мысалы, Қазақстанда тіркеледі, ал Италияда жұмыс жасайды.
Жағымсыз коллизия- заң жүзінде екі мемлекетте де заңды тұлға болып есептелінбейді. Мысалы, Италияда тіркеледі, ал Қазақстанда жұмыс жасайды. Коллизия ішіндегі коллизия мәселесін шешу үшін, заңды тұлға қызметін нақты құқықтық жүйеге бағындыру нормалары бар халықаралық шарттарды жасасуды (салық салу, акцияларды тіркеу т.б. мәселелер бойынша) алдын алу басты мәселе болып табылады.