Бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары
Дәріс 3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы
Сұрақтар
1.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, қажеттілігі, негізгі бағыттары мен механизмі.
2.Кәсіпкерлік инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері (бизнес – инкубаторлар, индустриалдық аймақтар және технологиялық парктер).
Сабақтың мақсаты: кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәнін, қажеттілігін, негізгі бағыттары мен механизмін және оның инфрақұрылымын қарастыру
Негізгі терминдер:кәсіпкер, кәсіпкерлік, механизм, мемлекет, қолдау, құқық инфрақұрылым
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, қажеттілігі, негізгі бағыттары мен механизмі.
Бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілерінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, соның ішінде реттеуші құралдарды пайдалана отырып орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, реттеуші құралдарды енгізу осы Кодекстің 122-бабының
2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Реттеу құралдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын рұқсаттар мен хабарламалар; осы Кодекстің 16 тарауына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар болып табылады.
Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдар мен өзге тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы Кодекспен белгіленген тетіктер түсініледі.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, соның ішінде тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті маркалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары, өзге ақпаратты, үшінші тұлғаларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы өзге ақпаратты ұсыну талаптарын белгілеу;
2) салық, статистикалық және өзге есептілікті қоса алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға тұрақты міндетті есептілігі;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ақпаратты бір реттік, соның ішінде мәлімет, үзінді көшірме, декларация, хабарлама нысаны арқылы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ұсынылатын, өзге толтырылатын құжаттарды ұсыну ақпараттық құралдар болып танылады.
бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімге, процестерге талаптарды белгілеу;
2) сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу;
3) өнімдердің жекелеген түрлерінің, процестердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;
4) кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;
5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге түрлерін беру, сондай-ақ хабарлама жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыру;
7) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
8) кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу;
9) бағаларды мемлекеттік реттеу;
10) жозықсыз бәсекелестіктің жүзеге асырылуын болдырмау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге нысандары мен құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуші құралдарды немесе реттеуді қатаңдатуды енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттеуші құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте реттеушілік ықпалды талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Реттеуді қатаңдату – реттеуші құралдарды енгізуге немесе пайдалануға байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер немесе өзге жүктемені арттыруды белгілеу.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
2. Реттеуші құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:
Рұқсат беру немесе хабарлау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 ,2 және 3-қосымшаларында көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;
Мемлекеттік бақылау және қадағалау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшаларда көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларында ғана жүзеге асырылады;
Ақпараттық құралдар тек Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен енгізіледі.
3. Реттеушілік ықпалды талдауға:
1) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;
2) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңы жобаларының тұжырымдамалары;
3) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңы жобалары;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары;
5) ақпараттық құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары жатады.»;