Олда бар техниканы жаңғыртуда техника-экономикалық негіздің қажеттілігі
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент, 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасы
ЕСБОЛОВА А.Е., МУТАЛХАНОВА Г.Ш.
5В072400- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығы студенттеріне диплом жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2014 ж
ӘӨЖ 67.05 (083.13)
Құрастырғандар: Есболова А.Е., Муталханова Г.Ш. 5В072400- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығы студенттеріне диплом жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқау .– Шымкент: М.Ауезов атындағы ОҚМУ, 2014.- 28 б.
Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының талаптарына және 5В072400-- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығының мемлекеттік стандартына сәйкес, дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімін орындауға қажетті барлық талаптар мен мәліметтерді қамтыған.
Әдістемелік нұсқау 5В072400-- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығы студенттерінің дипломдық жұмысының технико-экономикалық бөлімін жазуға арналған.
Пікір жазған: М.Әуезов атындағы ОҚМУ « Маркетинг және экономикалық теория» каф.меңгерушісі э.ғ.д., Бейсенова М.У.
«Бизнес және коммерцияландыру» кафедра мәжілісінде талқыланған және баспаға ұсынылған (хаттама №____. «___»___________2014__ж.)
Экономика және қаржы факультетінің әдістемелік кеңесі (хаттама № « » 2014ж.)
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға шығаруға рұқсат етілді, хаттама № « » 2014 ж
©М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 2014
Шығаруға жауапты: Муталханова Г.Ш., Есболова А.Е.
Мазмұны | ||
Кіріспе | ||
Қолда бар техниканы жаңғыртуда техника-экономикалық негіздің қажеттілігі | ||
Өндіріске жаңа техниканы ендірудің экономикалық тиімділігінің есебі | ||
Жаңа техниканы ендіруге күрделі шығындар есебі | ||
Жаңа техниканы ендіруге ағымдағы шығындардың есебі | ||
Жылдық экономикалық нәтиженің есебі | ||
Қаржылық шығындардың өтелу мерзімінің есебі | ||
Қолда бар жабдықты жаңғыртудың экономикалық тиімділігінің есебі | ||
Жабдықты жаңғыртудағы қаржылық шығындардың есебі | ||
Жабдықты жаңғыртудағы ағымдағы шығындардың есебі | ||
Жылдық экономикалық нәтиженің есебі | ||
Қаржылық шығындардың өтелім уақытының есебі | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
Кіріспе
5В072400- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығы студенттеріне диплом жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттерге техника-экономикалық әдісті жүргізу негізін уйрету және қолда бар техниканың ұйымдастырушылық- техникалық іс шараларын жаңғырту мақсатында техникалық мінездемелерін жақсарту, яғни сенімділігін және сапасын арттыру және т.б.
Жұмыста өндірістің технологиялық бөлігін дайындауға қажетті экономикалық есептер мен көрсеткіштер қарастырылған. Бөлімдердің ұзақтығы мен еңбек сыйымдылығын қалай есептеу, орындаушылардың саны, технологиялық үдерісті ендіру және жобалау жұмыстарының шығыны, орындалып жатқан жұмыстың өзіндік құны, жоспарланып отырған экономикалық әсері және технологиялық үрдісті жаңғыртудан түсетін пайданы болжау қарастырылған.
Жаңа технологиялық, техникалық, ұйымдастыру мәселелері инвестицияны талап етеді. Бітірушілердің басты біліктілігі болып технологиялық үрдісті ұйымдастыруда және жаңғыртудан күтілетін әсеріне дұрыс және нақты сенімді баға беруі: өнімнің техникалық параметрін жақсарту, бұйымның сапасын және өнімділігін арттыру, технологиялық мүмкіндігін кеңейту, өндірістік персоналды және энергосыйымдылық процесін қысқарту.
Әдістемелік нұсқау дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінін бағалаудың бір құралы ретінде қызмет етеді.
Әдістемелік нұсқау 5В072400- «Техникалық машиналар мен апараттар» мамандығы студенттеріне диплом жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған.
олда бар техниканы жаңғыртуда техника-экономикалық негіздің қажеттілігі
Технико-экономикалық негіздің мақсаты- қолда бар техниканың мақсатты түрде жаңғыртылуындағы техниканың мүмкіндіктерінің дәлелдеу болып табылады.
Бұл сұрақтары келесі реттілікте қарастыруға болады:
- Өнімге қысқаша мінездеме беру, өнімнің пайдалы құрамы, өндірістің көлемін ұлғайту немесе сапасын жақсарту, кіші өндіріске техника құру қажет;
- Техниканың жағдайын мәлімдеу, осы уақыттағы өнім өндіретін кәсіпорында технология және еңбек ұйымын ұйымдастыру.
Құрал-жабдықтарды жаңғырту барысында бастап нұсқа ретінде қолда бар техниканың ең жақсы нұсқасы алынады. Бір түрдегі пайдалану машиналарының сапасының мінездемесі бірнеше көрсеткіштер арқылы жүргізіледі (1 кесте).
1Кесте – Пайдаланылатын машиналардың сапасының мінездемесі
Көрсеткіштері | өлш.бірлігі | Бір түрдегі машиналардың атауы | ||
Машинаның өндірісі | т./сағ | |||
Қызмет көрсететін жұмысшылардың саны | адам | |||
1 жұмысшының смендегі өнім өндіруі | т. | |||
1бір. Өнімнің еңбек сыйымдылығы | адам.- сағ/т | |||
Өндіріс орнының алып жатқан жер көлемі | м2 | |||
1 сменде 1 м2 жер көлеміндегі өнімді ору | т. | |||
Машинаның құны | теңге | |||
1 өнім бірлігінің пайдалану шығындары | теңге | |||
1 өнім бірлігінің күрделі қаржы шығыны | теңге |
Қолда бар техниканың кемшіліктерін және өндіріс үрдісінде, техникалық жағдайында, экономикалық жағдайдағы себептерін көрсетіп жаңғыртудың қажеттілігін туындату керек.
Қолда бар техниканың жаңғыртуда нақты іс-шараларды ұсыну қажет. Не үшін және қалай орындалатынын көрсету:
1. Машинаның салмағы мен бағасының төмендеуі (габариттерінің азайуы, жеіл және арзан металдарды пайдалану және т.б.);
2. Қажетті механикалық, электрлік және магинттік құрылымдардың төзімділігін арттыру;
3. Еңбек өнімділігінің артуына қол жеткізу ( машина өнідірісінң артуы, жұмысшылар санын қысқарту және т.б.);
4. Өнімді өндіруге кететін шығындардың қысқаруы (шикі затты жоғалтудың азаюуы, энергиялық шығындардың төмендеуі, еңбек ақы шығындарының қысқаруы және т.б.);
5. Машинаның қызмет көрсетуінің жақсаруы.