Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.

Жоспар бойынша әрі қарай сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.

Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, үш бидің шешендік сөздері жазылған қағаздарды таратамын. Оны 5-7 минуттай оқып, ой қорытуға уақыт береміз. Осыдан кейін олардан не түсінгенін сұрау керек. Оқушылардың өз беттерінше талдау жасауына бағыт беріп, ойларын тыңдаймыз. Осы аркылы қара қылды қак жарған билердің шешендік өнеріне оқушылардың көздерін жеткізу.

Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын

Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.

Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.

Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.

Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.

Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.

«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.

Тапсырмалар:

1."Тарихи бас қатырғыш" Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)

2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)

3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")

4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)

6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)

2.Кім жылдам?
1.Ұлы жүздің биі?
2.18 жасында мәмілегер қызметін атқарған кім?
3.Қазыбек би Жоңғар хандығына барып, қай ханды босатып алып келеді?
4.Әйтеке би кімдердің тәрбиесінде болған?
5.“Жеті жарғы ” қай ханның тұсында жасалды?
6.Қабанбай батырдың шын есімі
7.Тархандық атақ кімдерге берілді?

8.«Ақтабан шұбырынды, алқакөл –сұлама» қасіреті қай жылы болды?

9.Дарабоз атанған батыр?

10.М.Жұмабаев шығармасының кейіпкері болған батыр?

3– тапсырма. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын. (5 минут)

Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

728 * 2 + 226 = 1682 (Әйтеке би дүниеге келді)

415 * 4 + 104 = 1764 (Қазыбек би қайтыс болған жыл)

560 * 3 + 76 = 1756 (Төле би қайтыс болған жыл)

680 + 3000 / 3 = 1680 (Қанжығалы Бөгенбай дүниеге келді)

860 * 3 – 953 = 1627 (Есім хан ойрат қалмақтарын жеңді.)

920 * 2 – 130 = 1710 (Қарақұмда қазақ жүздері бас қосты)

ІV. Сабақты бекіту:

Наши рекомендации