Тақырып № 7. Кәсіпкерлік қызметінің субъектілері

Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ойпікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.

Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: бірінші — капитал деген құралжабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.

Осымен катар «капиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.

Бірінші вариант.Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.

Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс — бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан Бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.

Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуіне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толымсыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдық активтер (сатып алусату бағасы) үшін төлем болып белінеді.

Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық котифқа түрін, немесе, фирманың капиталдың бір бөлігін жалға алғаны үшін оның иесіне төлейтін сома түрін алады.

Активтің бағасы капитал бірлігінің қандай уакытта болмасын сату, немесе, сатып алу бағасы болып табылады

Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің кызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлшеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына кызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарықка (кепіддік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардьң клиенттері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.

Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструментарін, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осылардың бірбірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланыста болады:

• статусымен (акция, немесе, облигация);

• меншіктің типімен (жеке, немесе, мемлекеттік);

• ісәрекет ету мерзімімен;

• өтімділік дәрежесімен;

• қауіпқатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіпқатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).

Мысалы, АҚШтың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:

• АҚШ федераддық өкіметшің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;

• қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтщ ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;

• жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;

• жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.

Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құралжабдықтардың және материаддық қойманың (запас) кобеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.

Капитаддың жеткізушілері үй шарушалықтары,оны тұтынушылар — бизнестщ фирмалары.

Жеткізушілер мен тұтынушылардың бірбіріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер т.б. арқылы жұріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар арасында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде, немесе, заемдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды рөл атқарады.

Ісәрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері ісәрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның тіркеуге, банкте есепшот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.

Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.

Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар) қолданылады.

Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен белгіленеді:

· объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтык формасымен, шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;

· субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және оның жеке мүмкіндіктерімен.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация коры және т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік карыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие— бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі.

Қарыз капиталының қайнар көздері:

· рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай процентке өмір сүретін адамдардың капиталы;

· көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;

· кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;

· банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.

Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады.Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздаржалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодданылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

• коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;

• қаржы институтгарынан алынатын несие;

• инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар табады. Облигация— бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына қүқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы:

Бұның себептері:

• Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;

• банкі сияқты, облигацияға процент көбінесе жылына екі рет төленеді (купондық толем);

• ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.

Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бүның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.

Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы өздеріне тартады. Акция— құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық береді.

Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері болады.

Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;

сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;

екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;

үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды ынталандырады;

төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.

Кемшіліктерге жатқызу да болады:

• басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;

• акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;

• нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);

• акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін қабілетті команда күрудың кажеттігі.

Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін төмендетеді.

Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.

Наши рекомендации