Ор қайтарымының өзгеруіне себептердің әсерін есептеу

Рет № Бірігіп әсер ететін жеке көрсеткіштер Қорытынды көрсеткіші Алдыңғы есептен ауытқуы, теңге Ауытқу себебі
Есептеудің Ауыстыру дың Белсенді бөлігінің үлесі Белсенді бөлігінің қайтарымы, теңге Қор қайтарымы, теңге
1. - Базистік 0,298 Базистік 13,06 Базистік 3,89 - -
2. 1 Нақты 0,476 Базис 13,06 Есептеу 6,22 2,33 Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігі нің үлес салма ғының артуы
3. 2 Нақты 0,476 Нақты 6,04 Нақты 2,90 - 3,32 Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігінің қайтарымының төмендеуі

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң ықпалын тигізді. Алайда негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қайтарым деңгейнің төмендеуі бірінші себептің әсерін басып тастады, ол қор қайтарымының өткен жылмен салыстырғанда 0,99 теңгеге азаюына әкеліп соқты, ауытқулар балансы осыны дәлелдейді:

2.90 – 3.89 = 2.33 – 3.32 = - 0,99

Арнайы әдебиетте қор қайтарымын талдағанда, оған экстенсивтік және интенсивтік факторлардың әсерін ашып көрсететін толық моделді пайдалану ұсыналады. Бұл моделдің формуласы мынадай:

f = Fa ´ DN ´ ТСМ ´ 1 ´ Т ´ N

F Fa Qg C TCM T


Мұндағы F – істеп тұрған машина мен жабдықтың құны;

ТСМ – істелген станок ауысым саны;

Qg - істеп тұрған жабдықтар саны;

Тч – істелген станок-сағат саны;

N – босатылғна баға бойынша шығарылған өнімі.

Бұл формула қор қайтарымының динамикасына мына себептердің әсерін анықтауға мүмкіндік береді: қордың жалпы құны ішіндегі белсенді бөлігінң үлесінің

FA - негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің құнындағы істеп тұрған машина

F мен жабдықтардың үлесін

Fg жабдық жұмысының ауысымдық

Fa

коэффициентін

TCM жабдық бірлігінің орташа құныны (с), станок ауысымның

Qg


ұзақтығын Т4 жабдықтың бір станок-сағатта өндірген өнімін N

ТСМ Tч


Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңзыды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол таура өнімі құнының жұмсалған материалдық ресерстар құныныа қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Осы қатынастар тнәтижесінде алынған бөлім жоғарыда қаралған материалдық ресурстардың айналымдылық көрсеткіші болады. Сондықтан оны қаталау артық болар. Осы жерде бір айта кететіні, басқару талдауын жүргізгенде материал қайтарымдылығы көрсеткішіне кері – ол өнімнің материал сыйымдылығына үлкен назар аударылатындығы, өндіріс тиімдлігін арттырдың маңызды бағыты болып табылады. Материал сыйымдылығы көрсеткішіне, жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды. Талдағанда, ең алдымен оған құндылық себептерінің әсерін болдырмау қажет. Осы мақсатта материалдар мен өнім оның барлық талдау кезеңінде салыстыру бағасымен бағаланады. Одан кейін жеке себептердің әсері зерттеледі.

Материал сыйымдылығын талдау, материал құрамынан оның басты түрлерін бөлу (машина жасауда - металдың), жалпы материал шығынына оның жеке құрамдастарының – таза салмғының және қоспасының әсерін анықтау жолымен жіктеледі.

Материалдың орташа үлес шығыны бөлек саналады, өйткені жүргізілген ұйымдастыру-теникалық шаралары мен үнемдеу тәртібі, кооперацияға кірген кәсіпорындардың жартылай фабрикаты мен сатып алынған бұйымдарға кеткен шығындарына емес, материлдардың шығындалуына көбірек әсерін тигізеді.

Кейбір біртекті шикізатты пайдаланатын өндірісте қорытындылаушы нақты көрсеткіштер есептеледі, олар шикізатты пайдалы қолданғандығын сипаттайтын, осы шикізаттан шыққан өнім коэффициенті түрінде бейнеленеді (қант қызылшасынан қанттың шығуы мөлшері, қоспа жүн немесе мақтадан алынған жіп өнімі).

Әртүрлі шикізаттар ішінен алынатын осы өнімнің шығу көлеміне әдетте, тек лимиттік материал әсер етеді, сондықтанол бірінші кезектегі талдау нысаны болуы керек. Бір қатар жағдайларда шикізаттың бұл түрін жеткілікті мөлшерде ала алмаса, оны басқасымен ауыструға болады. материал сапасының өзгеруі өндіріс процесіне әртүрлі әсер ете береді. Егер материал сапасы өнім шығымын анықтаса, онда ол оның көлеміне де ықпал етеді. Мысалы, рудадағы металдың мөлшері одан шығатын металға, қант қызылшасының қанттылығы – қанттың шығымына әсер етеді.

Төменгі сапалы материал қосымша технологиялық процестерді қажет етеді, бұл өнім көлемін өзгертуі мүмкін, бірақ та оның өзгеруі құнының артуын әкеліп соғады. Мысалы, жиһаз фабрикасына түскен ылғал ағаш кептіру камерасына жіберілуі керек, бұл қосымша жанармай, көлік, еңбекақы шығынын қажет етеді. Алайда егер кептіру камерасының өткізу қабілеті жеткіліксіз болса, ол өндірісті шектейді, сонда төменгі сапалы материал, шығатын өнім көлемін де азайтады.

Сайып келгенде, материалдың сапасыздығы өнім көлеміне де, өзіндік құнына да әсер етпеуі мүмкін, ал оның сапасына сөзсіз ықпал жасайды (тігін, аяқ киім өндірісінде және басқа). Өңделген шикізаттың сапасызыдғын білген соң, оның себептерін зерттеу керек, сапалы материал алу үшін кәсіпорынның басшылығы бар мүмкіндікті пайдаланғандығын анықтап, осы себептердің өнім көлеміне, сапасы мен өндірістік құнына ықпалын жан-жақты талдау қажет.

Шикізат пен материалдарды пайдаланудың қорытындылау көрсеткіші қатарына, жұмсалған материал құнына қатынасы бойынша қалдықтар пайызы да жатады. Бұл көрсеткішті талдаған кезде жоспардан тыс қалдықтарды анықтау қажет (технология барысында пайда болған сығынды, кебек және басқаларын санамағанда), қалдықтың арту себебін, бұл құбылысты болдырмау үшін қандай шаралар жүргізілгенін тексеру керек.

Жоспардан тыс қалдықтың, өнім көлемінің азаюына әсерін өлшеу үшін бастапқы құны бойынша бағаланған осы қалдықтың шамасын, тауар өнімінің бір теңгесіне жұмсалатын жоспарлық шығынына бөлу керек. Қалдықтың құны:

а) шикізат бағасы бойынша – 55 мың теге;

б) мүмкін пайдалану бағасы бойынша – 11 мың теңге болды дейік.

Сонда 1 теңге тауар өніміне орташа жоспарлық үлесті материал шығыны 0,025 теңге құрайды.

Жоспарлық өзіндік құны бойынша нақты шыққан қалдықты оның мүмкін болатын пайдалану бағасымен есептегенде 12 мың теңге құрауы керек еді, ал іс жүзінде 14 мың теңге, яғни 2 мың теңгеге артық (14-12) болды. Шикізат бағасы бойынша бұл 10 мың теңгені құрайды.

Жоспардан тыс қалдықтар мүмкін болатын тауар өнімі көлемін 400 мың теңгеге (10000:0,25) қысқартты.

Өнеркәсіптің көптеген салаларында калькуляция парақтарында калькуляцияланған өнімді дайындауға кеткен материалдар, жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар туралы мәліметтер келтіріледі. Өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық дамуның жоспарының орындалуы, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету шаралары, кәсіпорынның өз немесе жабдықтаушылар кінәсінен өндірістің технологиялық процесінің бұзылуы сияқты себептердің, нақты өндіріліген өнімге жоспарлық норма бойынша шығындардың, шикізат пен материалдардың нақты шығынының ауытқуларына қалай әсер ететіндігн анықтау өте маңызды.

Өндіріске кеткен шығындарды дұрыс ұйымдастырылған нормативтік есептеу жағдайында, жоспрда қарастырылған және шикізат пен материалдың немесерецептураның (қымбат, тапшы материалдарды жартылай немесе толығымен алмастыру) жұмсалу мөлшерін азайтуға әсер ететін техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізу себептері бойынша ағымдағы шығындар нормасының өзгеру түрінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

Белгіленген шығын нормасынан ауытқулар себептері бойынша ұғындырылады. Ол үшін мүмкін нормалардың өзгеру мен одан ауытқулардың себептерінің классификаторы құрастырылады, әрбір бөлінген себепке жеке код беріледі.

Машинограммаларда шикізат пен материалдың жеке түрлерінің нақты шығыны мен оның мөлшерден ауытқуы және өзгеру көрсетіледі, соның ішінде кодталған себептер бойынша да белгіленіп жазылып қойылады. Осы мәліметтерді даму қорытындысымен жинақтау, жоспарлы шараларды орындаудың барысын жинақы басқаруға және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды бақылауды іске асыруға мүмкндік береді.

Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдадық.

Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олрадың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділгін арттыру резервтерін кеңірек ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар жасауға, оның қаржылық жағдайның жақсарып, бекуне мүмкіндік береді.

Наши рекомендации