Нарықтық экономика жағдайында экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мәселелері.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері: өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер; сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер; капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.

2.АD-АS моделіндегі макроэкономикалық тепе – теңдік

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

3. Инвестиция, оның қазіргі экономиканы дамытудағы рөлі. Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы. Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер. Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді. Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы.

БИЛЕТ-5

1.Экономикалық жүйе теориялары: өлшемдері және модельдері.

2.Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау.

3.Халықаралық несие, түрлері. Капитал миграциясы

1.Экономикалық жүйе –бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Аралас экономикалық жүйе.Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі

Наши рекомендации