Н.Я.Данилевскийдің “Россия и Европа” еңбегіндегі көтерілетін мәселелер.

Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген. 1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.

Н. Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.

«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.

Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.

Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.

39.Л.Н.Гумилев және оның пассионарлық теориясы.

Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қорша­ған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионар­лық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалар­дың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтық­тық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психика­сына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан бола­ды, сонымен бірге, олар іс-қимыл бары­сында өз­дерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлға­лар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, На­полеон Бонапартты жатқы­зады.

Л.Н.Гумилевтің ӛзі пассионарлық ұғымына тӛмендегідей анықтама береді: «пассионарность-

эта характерологическая доминанта, необходимое внутреннее стремление (осознание или, чаще,

неосознанное) к деятельности, направленной на осуществление какой-либо цели (часто

иллюзорной)» (Л.Н.Гумилев.Конец и вновь начало. М.,1997. с.71). Бұл жерде автор

пассионарлықты жеке тұлғамен байланыстырғанымен негізгі әңгіме ауаны жеке этносты немесе

этностардың үлкен қауымдастықтарын белгілі бір қозғалыстарға итермелейтін күш туралы болып

отыр. Күш деген сӛзді біз тарихтың даму заңдылықтары деп те түснуімізге болады. Л.Н.Гумилев

ӛзінің естеліктерінде пассионарлық теориясының түрме камерасында ғайыптан, шығармашылық

шабыт нұры сияқты келгені туралы айтады. Шын мәнінде бұл ғалымның адамзат тарихының

заңдылықтарын түсінуге ұмтылған ізденістерінің нәтижесі. Тарих ғылымының жоғары деңгейіне 2

жататын бұл бағытты Батыс Гегель мен Гердер заманында бастап және игеріп те қойған болатын

және оны «историософия» немесе «тарих философиясы» деп те атайды. Егер Л.Н.Гумилевтің

ондаған жылдарын түрмелер жеп қоймаса, егер ол түрмеден шыққаннан кейін тоталитарлық

идеологияның қатаң цензурасында ӛмір сүрмесе оның пасионарлық териясы тарих философиясы

атымен аталар еді және тарих философиясындағы кӛптеген гипотезалардың бірі ретінде ғана

қарастырылар еді.

Наши рекомендации