Жоба командасын ұйымдастыру.

БЖ өңдейтін әрбір жобада өз ұйымдық құрлымы болады, олар жоба қатысушылар арасындағы жауапкершілік пен өкілеттілікті, міндеттемелер мен есеп беру қатынастарын анықтайды. Жоба кіші болған сайын, көп рольді бір ғана орындаушы атқарады.

БЖ өңдеудің типтік жобасына қатысушылардың ролі мен жауапкершілігін бес топқа бөлуге болады:

1. Талдау. Өнімге деген талартарды шығару, құжаттау және алып жүру.

2. Басқару. Өндірістік үрдістерді анықтау және басқару

3. Өндіріс. БЖ жобалау және өңдеу

4. Тестілеу. БЖ тестілеу

5. Жабдықтау. Қосымша өнім және қызмет өндірісі

6.

Талдау тобына келесі ролдер енеді:

Ø Бизнас – аналитик. Пәндік облыстық боделін құру(онтология)

Ø Бизнес – архитектор. Жүйенің бизнес – концепциясын өңдеу. Өнімнің жалпы көрінуін, интерфейсін, тәртібін және шектеулерін анықтайды.

Ø Жүйелік аналитик. БЖ функционалдық талаптарын өнім талаптарына аударуға жауап береді.

Ø Талаптар бойынша мамандар. Өнімге қойылатын талаптарды құжаттау және алып жүру

Ø Өнім менеджері. (функционалды тапсырыс беруші). Жобадағы өнім қолданушыларының мүддесін көрсетеді.

Басқару тобы келесі ролдерден тұрады:

Ø Жоба басшысы. Берілген шектеулерде жоба мақсатына жетуге жауап береді. (мерзімі, бюджеті және мазмұны), берілген қорларды және жобаны операциялық басқаруды жүзеге асырады.

Ø Жоба кураторы. Жобаны орындау және бағалау. Қорларды бөлу

Ø Жүйелік архитектор. Жүйенің техникалық концепциясын өңдеу бағдарламалық жүйенің ішкі құрлымы және техникалық интерфейстеріне қатысты жобаның кілттік шешімдерін қабылдау.

Ø Тестілеу тобының басшысы. Тестілеу стратегиясы мен мақсатын анықтау, тестілеуді басқару.

Ø Бағдарламалық өнімді жинақтау және жою, өзгерістерін, конфигурацияларын басқаруға жауаптылар.

Өндірістік топқа енетіндер:

Ø Жобалаушы. Жалпы архтектураға сәйкуес компоненттер мен ішкі жүйелерді жобалау, архитектуралық мәнді моделдерді өңдеу.

Ø Деректер базасын жобалаушы.

Ø Қолданушы интерфейсін жобалаушы

Ø Өңдеуші. Жүйенің жеке модулдерін жобалау, жүргізу және тексеру

Үлкен жобаларда жеке ішкі жүйелерге жауап беретін бірнеше өндірістік топтар болуы мүмкін. Тәртіп бойынша, жобалаушы топ көшбасшысының ролін атқарады және өзінің ішкі жобасы немесе жұмыс пакетін басқарады.жлба жетекшісі жауапкершілікті емес, өкілеттілікті таратады.

Жобадағы тестілеу тобы келесі рольдерден тұрады:

Ø Тесттерді жобалаушы. Тест сценарилерін өңдеуші.

Ø Автоматтандырылған тесттерді өңдеу.

Ø Тесттілеуші. Өнімді тесттілеуші. Нәтижені талдау және құжаттау

Жабдықтау тобының қатысушылары жоба командасына енбейді. Олар жұмыстарын өздерінің қызмет үрдістерінің жиегінде орындайды. Жабдықтау тобының келесі жобалық рольдерді жатқызуына болады:

Ø Техникалық жазушы.

Ø Аудармашы

Ø Графиктік интерфейс дизайнері

Ø Оқыту курстарын өңдеуші, тренер

Ø Рецензиялауға қатысушылар

Ø Сату және маркетинг

Ø Жүйелік администратор

Ø Технолог

Ø Инструменталды құралдар бойынша мамандар

Ø Басқалар

Жоба масштабына тәуелді бір рольді бірнеше адам орындауы мүмкі. Мысалы, өңдеушілер, тестілеушілер, техникалық жазушылар. Кейбір рольді барлы уақытта тек бір адам орындайды. Маысалы, жоба жетекшісі, жүйелік архитектор. Бір адам бірнеше рольді орындауы ықтимал. Келесі рольдерді біріктіруге болады:

Ø Жоба жетекшісі + жүйелік аналитик (+ жүйелік жазушы)

Ø Жүйелік архитектор + өңдеуші

Ø Жүйелік аналитик + тест жобалаушы (+ техникалық жазушы)

Ø Жүйелік аналитик + қолданушы интерфейсін жобалаушы

Ø Конфигурацияны басқаруға жауаптылар + жинау және қоюға жауаптылар (+ өңдеуші)

Келесі рольдерді біріктірмеген абзал:

Ø Өңдеуші + жоба жетекшісі

Ø Өңдеуші + жүйелік аналитик

Ø Өңдеуші + қолданушы интерфейсін жобалаушы

Ø Өңдеуші + тестілеуші

Жобаның кризистік мерзімдерінде менеджер – өңдеуші кезекті жұмыстарын керемет қызығушылықпен басқарады, ал жобаны жүргізуші команда оның арқасынан бақылап тұрады. Бұл жоба басшысына нашар мысал.

Бағдарламашылар дағдарлама жазуды біледі және жақсы көреді. Олар сонымен айналыса берсін. Бағдарламаларды өздеріне сай емес жұмыстарға жұмсауға болмайды. Әрбір бағдарламалық өнім өңдеу жобасында басқа жұмыстар да көп: бизнес – талдау, эргономиканы жобалау, графиктік дизайн, қолданушы құжаттарын өңдеу. Бұл жұмыстардың бағдарламалаумен ортақ ештеңесі жоқ.олар үшін басқа біліктілік және басқа ойлау түрлері талап етіледі.

Қарапайым бағдарлама өндірісінде бұл есептер жаза алмайтын және жақсы көрмейтін бағдарламаларға жүктеледі. Бұл қымбат әрі нашар жол. Мұндай жағдайда бағдарламашы өз бағдарламасын бөтен көзбен – қолданушылар көзімен көре алмайды. Сонымен ешкім де технологиялық парагдимасына соңғы қолданушы интерфейсі қолданылған бағдарламамен жұмыс істегісі келмейді. Яғни қарапайым бағдарламашы өнімі – ал жүйемен жұмыс істеу үшін оның қалай құрылғанын міндетті түрде білу қажет. Бұл бағдарламашының типтік жұмысы, оған оның бағдарламасының жұмысын көру маңызды, сондықтан жобалаушы командаға бизнес – аналиктерді, эргономистерді, суретші – дизайнерлерді, құжаттаушыларды тарту қажет. Еңбек және мамандыруларды бөлу – қарапайым өндірістен тиімді өнекәсіптік өндіріске өті деген сөз.

Кәсіпқой бағдарламашылардан үздік тест жүргізушілер шығады. Мен кездестірген ең үздік тестілеуші команда Luxoft – та болды. Олар бір академикалық ҒЗИ жұмыс істейтін тәжірибесі 20 – 30 жыл болған тамаша бағдарламашылар еді. Олар жаңа бағдарламалық технологияларды игерген жоқ бірақ солардың негізінде жасалғандарды тиімді қолданады. Бірақ, бір мезгілде бағдарламашы және тест жүргізуші ролін атқару – нашар тәжірибе. Жақсы бағдарламашы бағдарламаны дұрыс жазатындағына және оның психологиясында ешқандай қателіктің болмауы. Ал қателік бәрібір болады.

Жобаның ұйымдастыру құрлымы міндетті түрде тиімді есеп беру жүйесін және жобаның орындалу барысын бағалау мен шешім қабылдау жүйесін енгізу қажет әр апта сайын жоба статусы бойынша тәукелдерді талдап, жетістікке жеткен, нәтижелерді бағалап жаңа апта есептерін нақтылайтын жиналыстар өткізуді ұсынуға болады. Scrum моделінде 3тен 5 адамға дейінгі өңдеушілері бар жұмысшы тобына күн сайын жұмыс жағдайы бойынша -«Stand UPMeeting» кеңесін өткізу ұсынылады. Жобаның ұйымдастырылу құрлымы – «тірі» ағза екенін ұмытпау қажет. Ол жоспарлау стадиясында басталып жобаны жасау барысында өзгеруі мүмкін. Ұйымдастыруы құрлымының тұрақсыздығы (орындаушылардың жиі ауысуы) – күрделі бағдарлама жобасын басқарудағы байыпты мәселе, себебі жоба контекстіне ену уақыты бар, ол айлармен өлшенуі мүмкін.

Наши рекомендации