Тарау. мемлекет меншiгiне алу 2 страница
51-бап. Соғыс iс-қимылдарын жүргiзу кезiнде қорғаныс
мұқтажы үшiн реквизициялаудың ерекшелiктерi
1. Соғыс iс-қимылдары жүрiп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлiмдердiң мұқтажы үшiн реквизициялауды ерекше жағдайларда әскери бөлiмнiң командирi дербес жүргiзедi.
2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүргiзiледi, ол:
1) реквизициялау үшiн негiз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргiзетiн әскери бөлiм командирiнiң лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргiзетiн болса, реквизициялауға уәкiлеттi тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi туралы, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
4) салмағы, мөлшерi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
3. Бiр данасы реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
4. Әскери бөлiмнiң командирi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабына реквизициялау туралы есеп пен актiлердi қоса бере отырып, жүргiзiлген реквизициялау туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 51-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған мүлiктiң
өтемiн төлеу
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы реквизицияланған мүлiктiң меншiк иелерiне кейiннен өтем жасау үшiн мүлiктiң алып қойылғаны туралы есептердi және реквизициялау туралы актiлердi қоса бере отырып, қорғаныс мұқтаждары үшiн жүргiзiлген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған мүлiкке өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражатынан төленедi.
3. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлкiнiң құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын
және қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған
мүлiктi есепке алу
1. Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң соғыс уақытына арналған қажеттiлiгiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялануы мүмкiн көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi есепке алуды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi есепке алу мүлiктiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттiк статистикалық байқауды жүргiзетiн мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мүлiктiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттiк статистикалық байқауды жүргiзетiн мемлекеттiк органдардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын мүлiкке қатысты ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдарға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын мүлiктi есепке алу осы мүлiктi бейбiт уақытта еркiн иелену, пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын шектеуге тиiс емес.
5. Реквизицияланған мүлiктi бастапқы есепке алуды реквизициялауды жүргiзген жергiлiктi әскери басқару органдары немесе әскери бөлiмдердiң командирлерi (мекемелердiң бастықтары) жүргiзедi, олар алып қойылған мүлiктiң тiзбесiн және реквизицияланған мүлiк пайдалану үшiн берiлген әскери бөлiмдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәлiметтердi анықтауға тиiс.
6. Қорғаныс мұқтаждары үшiн берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы ұйымдастырады.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШIГIНЕ АЛУ
54-бап. Мемлекет меншiгiне алуды жүзеге асыру принциптерi
1. Мемлекет меншiгiне алу тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшiн жүзеге асырылуы және мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсiтусiз жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Мемлекет меншiгiне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мүлiктi иелiктен шығарудың барлық өзге де мүмкiн болатын нысандары толық бiткеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
3. Мемлекет меншiгiне алу мемлекет меншiгiне алу рәсiмдерiнiң жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
55-бап. Мемлекет меншiгiне алудың негiздерi
Мемлекет меншiгiне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндiрiп алу туралы заңының (бұдан әрi – Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алу туралы заңы) негiзiнде жүзеге асырылады.
56-бап. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң құнын өтеу
мөлшерi
1. Мемлекет меншiгiне алған кезде мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.
2. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк иесiне төленетiн өтемнiң мөлшерi мүлiктiң нарықтық құнын негiзге ала отырып айқындалады.
3. Өтем мөлшерi бағалау (қайта бағалау) жүргiзген күнге айқындалады.
57-бап. Өтем төлеу тәртiбi
1. Мүлiктiң құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке меншiк құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейiн толық көлемде жүргiзiледi.
2. Өтемдi төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленедi.
3. Өтемдi төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
4. Өтемдi өзге мүлiкпен төлеуге мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүлiктiң меншiк иесiнiң арасындағы келiсiм бойынша жол берiледi. Көрсетiлген келiсiм жазбаша нысанда жасалуға тиiс.
5. Өтем төлеу бiр мезгiлде жүргiзiледi, өтемдi бөлiп-бөлiп төлеудi көздейтiн мемлекет меншiгiне алуды жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
6. Мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi iс жүзiнде беру мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншiгiне алған кезде шектелетiн меншiк иесi мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне
алынатын мүлiк құқықтарына ие болуы
Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
59-бап. Мемлекет меншiгiне алу кезiндегi мемлекеттiк
органдардың функциялары
1. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi iс жүзiнде қабылдауға байланысты барлық қажеттi iс-қимылдарды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiк туралы мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiң меншiк иесi құқықтарын жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi республикалық заңды тұлғаларға бекiтiп бередi не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң немесе ұлттық басқарушы холдингтiң немесе ұлттық холдингтiң немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерiн төлеуге бередi.
5. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен берiлген кезге дейiн жүзеге асырады.
6. Республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген, мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi берген кезден бастап жүзеге асырады.
60-бап. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк
иесiнiң құқығын қорғау
Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк иесiнiң және мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншiгiне алған кезде шектелетiн өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСIН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШIН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСIН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТI МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛIКТЕН ШЫҒАРУ
61-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың
нысанасы мен жалпы шарттары
1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару тек қана жер учаскесiне қатысты жүзеге асырылады.
Егер жер учаскесiне жеке меншiк құқығын құқықтық кадастрдағы мәлiметтердiң және (немесе) құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде растау мүмкiн болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектiлерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмдерiнiң жариялылығы сақталған кезде жүргiзiлуi мүмкiн. Алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюдан бас тартуға негiз болып табылады.
3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттiң оны сатып алуға басым құқығы болады.
4. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесiнiң құқықтарын қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
5. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдағаннан кейiн кез келген сәтте және атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгiнгенге дейiн осы Заңның 69-бабының қағидаларына сәйкес келiсiм рәсiмдерiне бастама жасауға құқылы.
6. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, жер учаскесi жеке тұлғаның немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.
62-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды
жүзеге асыру принциптерi
1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлiктi иелiктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкiн болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсiлi болған кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
3. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттiк емес мүдделердi қанағаттандыру мақсаттарын көздейтiн мүлiктi кез келген алып қою не мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтiн мүлiктi өзге де алып қою мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қою болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлiктi иелiктен шығаруға мүлiктiң меншiк иесi мен коммерциялық мақсаттарды көздейтiн тұлға арасындағы келiсiм бойынша олардың арасында жасалған мүлiктi сатып алу-сату шарты негiзiнде жол берiледi.
4. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшiн қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол берiледi.
5. Осы баптың ережелерiн орындамау жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулының күшiн жою үшiн негiз болып табылады.
63-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың
басталуы және тоқтатылуы
1. Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 84-бабында көзделген ерекше жағдайларда, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қабылданады.
2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:
1) мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың мақсаты мен негiздерi;
2) жер учаскесiнiң орналасқан жерi, алаңы, кадастрлық нөмiрi;
3) мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы;
4) мәжбүрлеп иелiктен шығару күнi көрсетiледi, бiрақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнiнен үш айдан ерте болмауға тиiс;
5) келiсiм рәсiмдерiн жүзеге асыру асыру үшiн меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының жүгiнетiн орны көрсетiледi.
Егер көрсетiлген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмi бұл қаулыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
Көрсетiлген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты өзге де мәлiметтердi қамтуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiрген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшiн, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтiру үшiн материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерiн бiлдiрудi жер учаскесi орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмiн тоқтатуға құқылы.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде тиiсiнше республикалық немесе жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
7. Егер жер учаскесiне жеке меншiк құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген болса, меншiк иесi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулы қабылданғаннан кейiн оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесiне жеке меншiк құқығын растау бойынша қажеттi iс-шараларды жүзеге асыра алады.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыда белгiленген мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару мерзiмi алты айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
64-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
туралы хабарлау тәртiбi
1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төменгi тұрған орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулы жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей, меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы жазбаша хабарламаны оған жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарттың жобасын қоса тiркеп, пошта жөнелтiлiмiн алғаны туралы хабарламаны мiндеттi түрде алатындай етiп, пошта арқылы жiбередi. Пошта жөнелтiлiмiн алғаны туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген құжаттар қайтадан жiберiледi.
2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретiнде «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жатады.
65-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару
1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыда белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының келiсiмiмен не сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Концессиялық жобаларды iске асыру мақсатында жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жергiлiктi атқарушы органдар концессия шартында көзделген талаптар мен мерзiмдерде, бiрақ концессия объектiсiн немесе концессия объектiсiнiң аяқталмаған құрылысын мемлекеттiк меншiкке беруден кешiктiрмей, олар сатып алған жер учаскелерiн концедентке беру шартымен концессионердiң қаражаты есебiнен жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт немесе соттың шешiмi жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға негiз болып табылады.
Сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген, осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күшi жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұзу жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүргiзуге негiз болмайды.
4. Жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын, сондай-ақ мемлекеттiң жер учаскесiне және өзге де жылжымайтын мүлiкке құқығын тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарттың немесе сот шешiмiнiң және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдаған органның өтiнiшiнiң негiзiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
5. Жергiлiктi атқарушы орган тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жобасын меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы жер учаскесiн немесе оған құқықтарды мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап екi ай мерзiмде табыс етедi.
Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жобасын жергiлiктi өкiлдi органның тұрақты комиссиясы ол енгiзiлген сәттен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрмей, меншiк иесiн және иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн тұлғаларды мiндеттi түрде шақыра отырып қарайды.
Мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын мүлiктiң меншiк иесiмен немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн басқа да тұлғалармен келiсiмге қол жеткiзiлген кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шартты атқарушы орган жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша бекiтедi және оған меншiк иесi немесе жер пайдаланушы қол қояды.
6. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шартта:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгiленген тәртiппен айқындалатын алып қойылатын жер учаскесiнiң бағасы және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң не меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына берiлетiн жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасы;
2) егер алып қойылатын жер учаскесiнiң бағасы оның орнына берiлетiн жер учаскесiнiң бағасынан (құнынан) жоғары болса, құнының айырмасы;
3) өтелуге жататын залалдардың, оның iшiнде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты алып қойылатын жылжымайтын мүлiк құнының мөлшерi, олар мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты келтiрiлген жағдайда;
4) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты алып қойылатын жер учаскесiнiң немесе өзге де жылжымайтын мүлiктiң бағасын (құнын) төлеу мерзiмi немесе мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына меншiк иесiне ұсынылатын жер учаскесiн (өзге де жылжымайтын мүлiктi) беру мерзiмi;
5) мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын мүлiк құрамы;
6) иелiктен шығарылатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетiн адамдардың тiзбесi;
7) мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктi сатып алуға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртiбi қамтылуға тиiс.
7. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулымен келiспеген және (немесе) онымен мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң құны және өтеуге жатқызылатын залалдардың мөлшерi туралы келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейiн, бiрақ осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иелiктен шығаруды жүзеге асыру мерзiмiнен (күнiнен) кешiктiрмей жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыздар бойынша азаматтық iстер iстi сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралады және шешiледi.
8. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арыздан бас тартылған жағдайда, талап-арыз келтiру және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулының қабылдануы нәтижесiнде меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға келтiрiлген зиян бюджеттен өтелуге тиiс.
9. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi iс жүзiнде беру мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiнде алып қойылатын мүлiкке қатысты құқығы тоқтатылатын немесе шектелетiн меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы осы Заңда айқындалған тәртiппен жүргiзiлген тең бағалы өтемдi алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының құқықтарының тоқтатылуын және мемлекеттiң осы мүлiкке құқықтарының туындауын мемлекеттiк тiркеу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға өтемнiң төленгенiн растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.