Бап. Сайлау қуқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмы-сына кедергі жасау
1. Азаматтың өзінің сайлау қуқықтарын немесе рефервндумга қатысу қуқыгын ер-кін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе рефе-рендум өткізу жөніндегі комиссиялардың жумысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауга және сайлаудагы не-месе референдумдагы дауыс беру нәтижелерін айқындауга байланысты міндеттерін атңаруына кедергі жасау -
2. Мынадай:
1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен уласқан;
2) адам өзінің лауазымдық жагдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаган;
3) алдын ала сез байласу арқылы адамдар тобы немесе ңылмыстық топ жасаган;
4) электрондық сайлау жүйесі жумыс істеуінің белгіленген тәртібін бузу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
Азаматтардың ең маңызды саяси кұқьіқтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мэжіліс депу-таттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бір-дей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек кана сот іс-эрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі. Республика Конститу-циясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді. Мрідай әрекеттер Заң бойынша, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құкық бү-зушылық объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедер-гі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жү_мысына заңсыз араласу жэне дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға жэне сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырыла- ды. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мэліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне түрлі кедер-гілер жасау, депутаттыкқа кандидаттарды ұсынуға жол. бермеу, дауыс беруге, оның нэтижелерін анықтауға эр түрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мэліметтер беруге тырысу.
Қылмыстық құқық бұзушылык формальдық күрамға жатады жэне ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру эрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.
Қылмыстық қүқық Бұлушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасқаналықпен істе-леді.
Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға эсері бол-майды.
Қылмыстық кодекстің 150-бабының 1-тармағындағы эрекеттер:
а) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;
б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе қылмыстық топпен;
г) электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тәртібін бү_зу арқылы жасалса — онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (150-баптың 2-тармағы).
Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жұмысына ке-дергі келтіруге байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уэде беру сатып алу деп танылады.
Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе ре-ферендум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссия-сы орналасқан жерге шабуыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау қүқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жэбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жүмысына кедергі келтірулерді айтамыз.
Күш қолданамын деп қорқытуға, жэбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау қүқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жүмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тэсілі болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың «а» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады.
Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған эрекетгерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-тармағындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалган қылмыстың түсінігі қылмыстық құқық бүзушылықтың кодекстің 31-бабының 2, 3-тармақтарында берілген. Сайлау туралы заңға сэйкес электрондық сайлау жүйесінің тэртібі осы заңның 9-1 тарауында 50-1-50-8-баптарда арнайы белгіленген.
Қылмыстық қүдық бұзушыльщтың кодекстің 146-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.