Иярды ашық жерде өсіру технологиясы
Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.
Сүдігер көтерген кезде гектарына 100-120 т көң шашады және 3-3,5 ц суперфосфат еңгізеді. Көктемде мүмкін болысымен сүдігерді 2 ізбен тырмалайды. Тұқым сепкенге дейін 2 рет культивация жүргізеді: біріншісін арамшөп өскіні пайда болу үшін, ерте көктемде 12-14 см, екіншісін пайда болған арамшөп өскіндерін жою үшін, тұқым себер алдында 7-8 см тереңдікке. Бірінші культивация астына гектарына 1,0-1,5 аммиак селитрасын енгізеді.
Себуге екі үш жылғы тұқымдар алынады. Олар жаңа тұқымға қарағанда аналық гүлдерін ертерек қалыптастырады және жоғары өнім береді. Егер екі үш жылғы тұқымдар болмаса онда былтырғы жылғы тұқымды, тек 3 сағат бойы 55ºС қыздырғаннан кейін ғана қолдануға болады. Тұқымның қатты қызып кетпеуі үшін бұл жұмысты термостатта жүргізген қолайлы.
Көшеттерді егудің тәсілдері. Көктемгі ауа райының жағдайларына байланысты, топырақтың жылуы 8-10см тереңдігіне 12-13°С болғанда ерте пісетін сорттардың көшеттерін отырғызу үлгілері 90+30:2х20-25 см,орташа пісетін сорттардікі 100+40:2х20-25 см, кеш пісетіндері 11+40:2х20-25 см. Көшеттердің отырғызылу тереңдігі 3-5 см.
Қыздырғаннан кейін суланған тұқымды төмен температурамен шынықтыру үшін тәулік бойы 25ºС, сосын 3 тәулік 0-2ºС жылылықта ұстайды. Шынықтырудан кейін тұқымды сусымалы күйге дейін кептіреді және дәрілейді.
Тұқымның өну қуатын арттыру үшін әртүрлі ерітінділерде (тәулік бойы) ұстайды (мг/л): бор қышқылының (300), метил көгінің (300), күкірт қышқылды мырыштың (200), ас содасының 5 г/л С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде тұқымды соңғы екі ерітіндіде ұстағанда өнім 34-33 ц/га артқан. Егер де көшеттердің өсуін күшейту үшін көшеттерге жылу қажет болады. Бозқыруға шалдықпау үшін жабындау жұмыстарын жүргізен дұрыс болады.
Себуді топырақ 5 см тереңдікке 10оС жылығанда (орташа есеппен 20-25 мамыр) жүргізеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде себуді 20-30 мамырда жүргізгенде гектарынан 290 ц өнім алынса, 5-10 маусымда себілгенде – 194 ц/га. Ал қиярды көшеттермен отырғызатын болсақ бұл істелген шараларды пайдаланбаймыз тек қана қолмен отырғызатын боламыз.
Әдетте көкөнісшілер қиярды 2-3 мерзімде, арасына 4-5 тәулік салып себеді: ерте сепкенде құрғақ тұқыммен, кешірек – суланған және өне бастаған тұқыммен. Гектарына 5-6 кг тұқым шығындалады. Тұқыммен бірге гектарына 50-60 кг түйіршікті суперфосфат енгізу жақсы нәтиже береді. Себуді СОПГ-4,8А, СКОН-4,2, СБУ-2,4Б, СУГО-9 тұқым сепкіштерімен жүргізеді. Тұқымды біркелкі сіңіру үшін дискінің шүмегіндегі шектеуішті қажетті биіктікке қояды. Сепкеннен кейін танапты тығыздайды.
Астрахан технологиясын қолданып, қиярды қатараралығын 140 см етіп себеді; өсімдіктер жемісін жинағанда азырақ зақымданады. Біраз шаруашылықтарда таспалы қос ізді, із қатарларының арасын 50 см, таспаларының арасын 90 см етіп себеді.
Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аяқталады. Күздік қара бидай ықтырмасының қорғаныштық әсері өте жақсы, оны 8-4-11-12 метрден кейін (көкөніс тұқым сепкішінің 3-4 алымы), басым жел бағытына көлденең себеді. Ені 0,7 м. Егер топырақ құрғақ болса және 5-6 тәулікте өскін пайда болмаса суландыру керек және қабыршақтарды айналмалы шотпен немесе тор көзді тырмамен жою керек. Ең дұрысы себер алдында суландыру. Бірінші кәдімгі жапырақ кезеңінде қатараралықты 10-12 см тереңдікке культивациялайды, өсімдік қатарындағы арамшөптерді қолмен жұлады және өскіндердің бірінші сиретуін бірінен-бірін 3-4 см қашықтықта жүргізеді. Ең әлсіздерін және тым жиілерін жұлады. Екінші отауды 2-3 кәдімгі жапырақ пайда болған кезеңде қолмен жүргізеді және ерте пісетін қысқа желілі сұрыптардың өсімдіктерін бірінен-бірін 7-8 см, орташа пісетін ұзын желілерді 10-15 см қашықтықта соңғы рет сиретеді. Екінші сирету кезінде көрші өсімдіктердің тамырына зақым келтірмеу үшін артық өсімдіктерді жұлмайды, тек шырпиды. Өсімдіктерді сиретуді кешеуілдетпеу керек, өйтпесе негізгі сабақ ұзарып кетеді де, өнім қалыптасатын негізгі бүйірлік өркендердің пайда болуы кешеуілдейді.
Кейінгі өңдеулерді (қатараралықтардағы желілер түйіскенше) арамшөптер пайда болғанда және суарудан кейін топырақ қабыршағын жою үшін жүргізеді. өңдеу тереңдігін бірте-бірте саяздатып 6-7 см жеткізеді, себебі тамырлар жан-жағына таралады, терең өңдесе зақымдалынады. Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы 2-6 жапырақ кезеңінде гербицидтерді бүркеді және топыраққа жедел араластырады (кг/га); қиярдың 1-2 нағыз жапырағы пайда болғанда тарга супер (1-2), тұқым себуден 15 күн бұрын трефлан (1,8-2,4) сіңіріледі.
Қияр топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м3, ал қарықпен суарылса 400-500 м3 су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен – 70-100 м3/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен үйлестіре) әсері өте зор (30-35 м3/га).
Өсу даму кезеңінде қиярды ең кем дегенде 2 рет үстеп қоректендіреді: өскіндерді екінші рет сиреткеннен кейін (гектарына 1 ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0,5 ц хлорлы калий) және 18-20 тәуліктен кейін екінші рет ( гектарына 1,5-2,0 ц аммиак селитрасын, 1,5 ц суперфосфат және 0,5 ц хлорлы калий). Тыңайтқыштарды суландыру алдында КРН-4,2, 8МО, КРСШ-4,2, КОР-4,2 немесе КОН-2,8 қоректендіргіш культиваторларымен енгізеді.
Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе бір тәуліктен соң жинайды.
Өнімді жинағанда пішінсіз және пісіп кеткендерін жинап алу керек, себебі олар жаңа түйіндердің пайда болуын және бар жемістердің толысуын кешеуілдетеді. Жиналған қиярды сұрыптайды және жәшіктерге ұқыптап салады. Бұл жұмысты көлеңкеде немесе лапас астында өткізген дұрыс, себебі күн көзінде қалған көк түйнектер тауарлық сапасын тез жоғалтады.
Өнімді жинау – қияр өсіргенде еңбекті ең көп тілейтін жұмыс. Қолмен жинағанда гектарына 700-800 адам-сағат шығындалады. Кейінгі кездерде жинау платформалары (ПОУ-2), тіркемелер (ПТ-3,5), кең алымды транспортерлер (ПТШ-25) қолданыла бастады, сондай-ақ қиярды бір ретте жинайтын комбайндар.
Жинау платформасын пайдаланғанда өсімдіктің зақымдануы азайып, кейінгі жиналымдарда өнімділік кемімейді, жинауға қатысатын тасымал көліктері және адамдар саны екі еседей азаяды. Өнімді жинағанда еңбек өнімділігі 50-60 % артады (бір терушіге 400-500 кг).
Үлгіқалыптағы (1726-85 МҮҚ) жеміс жаңа (жас), бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, механикалық жарақатсыз, қиқы-жиқысыз, сұрпына тән пішінде және әртүрлі реңдегі жасыл түсті болуы керек. Ерте пісетін сұрыптардың жемістерінің ұзындықтары 11 см аспағаны дұрыс, басқаларынікі – 14 см, барлық сұрыптардың диаметрі 5,5 см артық емес.