Мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясаты
Бюджет кодексі мемлекетгін экономикалык саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат - ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімді әлеуметгі-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдык мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, екіншіден, жүргізіп жаткан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді. Келесі қаржы - жылға бюджет жасаудың негізі болғандықтан, фискалдық саясат мемлекетгің ңаржы ресурстарын жұмылдыру мен оларды тиімді пайдалануға, экономикаыың басыңдылык секторларын ынталандыру аркылы мемлекеттік билік оған нақты әсер етуге және халыққа әлеуметтік демеуді қамтамасыз етуге себепші болады. Бұл құжат мәнінен ел экономикасын басқарудың, ягаи макроэкономикалық тиянакгылықты камтамасыз ету мен қаржы ресурстарын қайта бөлісу құралдарының бірі болады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты жасауда келесі негізгі мақсаттарға көңіл бөлінеді:
• ағымдағы және болашақ нысандарға жетуді қамтамасыз ететін фискалдық стратегияны тағайындау;
• алдағы үшжылдық мерзімге қажетті қаржы ресурстар көлемін анықтау;
• стратегиялық басымдылықтардың негізінде бюджеттік құралдарды бөлісу бағыттарын анықтау;
• мезгілінде жоспарлауды іске асыруға кажетті болжамдық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
• бюджеттік процестің мөлдірлігі мен тиімділігін қамтамасыз етету үшін оны ретке келтіру;
• бюджеттік процестің жалғастырушылығын қамтамасыз ету;
• фискалдық тәртіпті жоғарылату.
Орта мерзімдік фискалдық саясат мазмұны бойынша өз алды тізбекті түрде фискалдық саясаттың нысаны мен мақсаттарын, негізгі бағыттары мен оларды іске асырушы механизмдерін баяндайтын құжат. Бұл кұжатта республиканың әлеуметті-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асыру әдістері, бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері, бюджеттік құралдарды жұмсайтын басымдылық бағыттары, бюджетаралық қатынастардың даму бағыттары, фискалдық мүмкіндік тәуекелдер анықталады.
Демек, бұл құжат мемлекеттің алдыңғы үшжылдық мерзімге арналған салықтық-бюджеттік саясатын баяндайды, яғни салықтық пен кірістер саясатын, шығындар саясатын, бюджеттік несиелеудің саясатын, каржылык активтер саласының саясатын, бюджаралық қатынастар саясатын, мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу мен борыш саясатын.
Тұжырымдама
Бюджеттік жоспарлау - әр түрлі статистикалық, экономика-математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану аркылы іске асырылады. Негізінде бюджет - толық көлемдері бойынша барлык кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен карастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз аныкталса, онда мүндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бюджеттік құралдардың қалыптасуы қагдай процестер арқылы жүзеге асады?
2.Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып не табылады?
3.Бюджетті жоспарлаудың просецесінде негізгі мақсаттарды қандай?
4.Бюджеттің болжамдауының негізгі мақсатың атап көрсетініз
5.Бюджетті жоспарлаудың принциптері қандай?
6.Бюджеттік жоспарлау қандай әдістер арқылы жүзеге асады?
Әдебиеттер тізімі:
1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.
2. Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.
3. Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.
4. Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.
5. Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.
6. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.
7. Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.
8. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.
9. Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.