Дәріс. Қылмыс құрамын қылмыстын объектісі бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыстың обьектісі бойынша қылмысты саралаудың маңызы
2. Қылмысты обьектісі бойынша саралаудың түрлері
3. Қылмыстың заты бойынша саралау
Негізгі ұғымдар: Жалпы және арнайы нормалар,обьективті шындық, зардап, жалпы, топтық, тікелей обьект
Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады. Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.
А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.
Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.
Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.
Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.
Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)
Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.
Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.
Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»
Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас.
Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.
Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.
Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.