Бюджеттен берiлетің субидеялар есебiнен

4) ерiктi жарналар мен заныи ж-е жеке тұлғалардың кайрымдылықтары.

Әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Тақырып 8. Мемлекеттiк кредит пен мемлекеттiк борыш.

Сабақтың мақсаты-мемлекеттiк кредит пен мемлекеттiк борышты терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

1. Мемлекеттiк кредиттің мәні.

2. Мемлекеттiк борыштын мәні.

3. Мемлекеттік кредиттің функциялары.

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңы және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге , басқа елдердің және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Слайд №1

Мемлекеттiк кредит-жалпы мемлекеттiк қаржының басты буындарының бiр ж-е кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердiн де, карыз алушының да, гаранттын да ролiнде көріну мүмкін. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттар:

· қайтарымдылығында,

· мерзімділігінде

· және ақылығында.

Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл бірінші функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады.

Мемлекеттiк кредиттің екншi функциясы-реттеушi функциясы. Бiрiншi кезекте мемлекет несиелiк пайыздың мөлшерiне ыкпал жасай отырып, ақша агындарын реттейдi: несие капиталын рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы арттырады.

Халықаралық кредите:

мемлекеттiк укiмет,

билiктің жергiлiкты орғандары,

кәсіпорындарын, т.б пайда болады.

Слайд № 2

Мемлекеттік кредит рөлі халықтың , кәсіпорындардың , ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға арналған.

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша:

· ішкі,

· сыртқы,

· шартты болып ажыратылады.

Ішкі кредите мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті орғандарының , кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредите қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті орғандарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері , банктері , компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет –донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент- ел деп аталады.

Слайд № 3

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер:

· кәсіпорындар,

· ұйымдар,

· фирмалар,

· жергілікті билік орғандары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.

Мемлекеттiк борыш-бұл алынған және белгiлi бiр күнге отелмеген карыздардың сомасы.Мемлекеттiк борыш улгаймалы удайы өндірістi және қоғамдык қажеттiлктердi канагаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бiр ретіңде мемлекеттiк карыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекеттiк борыштын пайда болуы мен өсуінiн себебi мемлекеттiк бюджеттің тұрақты тапшылыгы болып табылады.Экономикалық жағынан дамыған елдердiн эдуiр мемлекеттiк iшкi борышы болады. Дамыған елдерде мемлекеттiк борыш ж-е оны тудырған бюджет тапшылықтары болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Наши рекомендации