АзМұнайГаз» компаниясының 2014-2016 жылдар аралығында төлеген салық көрсеткіштері.

2014 жыл бойынша өндірістік көрсеткіштер:
Мұнай және газ конденсаты өндірісі — 16,73 млн тонна
Газ өндірісі — 3,42 млрд шаршы метр
Мұнай тасымалы — 46,022 млн тонна (құрлық) және 7,235 млн тонна (теңіз)
Газ тасымалы — 77,98 млрд шаршы метр құрады.

Алдын ала ҚазМұнайГаз компаниясының 2014 жылғы жылдық жиынтық кірісін қарастырайық (2-кесте).

2-кесте. 2014-жылғы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп

  2014 жыл 2013 жыл (қайта есептелгені)
Өткізілген өнімнен және көрсетілген қызметтен түскен түсім 3.186.763.690 3.247.716.806
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2.322.161.894 2.347.831.136
Жалпы пайда 864.601.796 899.885.670
Табыс салығы бойынша шығыстар 132.101.042 193.200.138
Жер қойнауын пайдаланушыға салынатын салық 40.170.250 37.250.300

(2-кесте жалғасы)

[Қайнар көзі: 2014 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есеп]

2-кесте бойынша компанияның корпоративтік табыс салығын 2014-жылы 117.101.042 теңге, ал жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты 40.170.250 теңге төлегенін көре аламыз.

3-кесте. 2015-жылғы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп

  2015 жыл 2014 жыл (қайта есептелгені)
Өткізілген өнімнен және көрсетілген қызметтен түскен түсім 3.094.698.809 3.186.763.690
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 3.093.791.099 2.322.161.894
Жалпы пайда 907.710 864.601.796
Табыс салығы бойынша шығыстар 117.149.463 132.101.042
Жер қойнауын пайдаланушыға салынатын салық 30.155.160 40.170.250

[Қайнар көзі: 2015 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есеп]

3-кесте деректеріне қарап ҚазМұнайГаз компаниясының 2015 жылы корпоративтік табыс салығын 132.149.463 теңге, ал жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты 30.155.160 теңге төлегенін көреміз.

4-кесте. 2016-жылғы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп

  2016 жыл 2015 жыл (қайта есептелгені)
Өткізілген өнімнен және көрсетілген қызметтен түскен түсім 4.759.481.501 3.094.698.809
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 3.908.801.445 3.093.791.099
Жалпы пайда 850.680.056 907.710
Табыс салығы бойынша шығыстар 120.394.521 117.149.463
Жер қойнауын пайдаланушыға салынатын салық 35.201.255 30.155.160

(4-кесте жалғасы)

[Қайнар көзі: 2016 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есеп]

4-кесте деректеріне қарап компанияның 2016 жылы корпоративтік табыс салығын 46.394.521 теңге, ал жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты 35.201.255 теңге төлегенін көре аламыз.

Кәсіпорын төлейтін салықты есептеу және төлеу тәртіптері

3.1 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлейтін салық түрлерін есептеу, талдау және салыстыру

Жалпы «ҚазМұнайГаз» төлеген салықтарды 2014-2016 жылдар аралығында салыстыратын болсақ оны №1-диаграммадан қарауға болад.

Яғни 2014 жылы компанияның жалпы пайдасы 864.601.796 теңге болды, ал 2015 жылы 907.710 теңгеге түсіп кеткенін көріп отырмыз. Бірақ 2016 жылы жалпы пайда 850.680.056 теңгеге көтерілді. Осыдан компанияның жалпы пайдасы қанша жоғары болса салық мөлшері де соншалықты жоғары болатынын көруге болады. Өйткені корпоративті табыс салығы бойынша шығыстар 2014 жылы 132.101.042 теңгені құрады. 2015 жылы 117.149.463 теңгені құрады. 2016 жылы 120.394.521 теңгені құрады. Салық сомалары дәл жалпы пацда сияқты 2015 жылы түсіп 2016 жылы қайтадан көтерілді.

Диаграмма

азМұнайГаз» компаниясының 2014-2016 жылдар аралығында төлеген салық көрсеткіштері. - student2.ru

Корпоративті табыс салығын есептеу тәсіліне келетін болсақ бізге келесі формулалар қажет болады:

ЖЖТ = ЖЖТ – түзетім

ССТ1 = ЖЖТ – шегерімдер

ССТ2 = ССТ – шығын сомасы

ССТ3 = ССТ – ССТ1-ден 3% аспайды

Мұндағы, ЖЖТ- жылдық жиынтық табыс

ССТ- салық салынатын табыс

Корпоративті табыс салығы – 20%

Мысалы, ҚазМұнайГаз компаниясында 2016 жылы:

1) Өнімді өткізуден түскен табыс 4759481501 теңге болды.

2) 2000 тонна мұнай экспортқа шығарылды, 1 тонна 15000 теңгеден болса.

3) 1000000 теңге көлемінде дивиденд алынды.

4) Айыппұлдар – 30000 теңге болды.

5) Ақысыз алынған мүліктер – 5000000 теңге

6) Жыл ішінде қойма жалға берілді – 30000 теңге

7) Компанияның төленген қарызы – 600000 теңге

Шегерімдер – 6200000 теңге

Шешуі:

1) 4759481501*100%/112%= 4249537054

2) 2000*15000=30000000

3) 1000000

4) 30000

5) 5000000

6) 30000*12=360000

7) 600000

ЖЖТ = 4249537054+30000+5000000+360000+600000 = 4255527054

Түзетім:

4255527054 – 1000000 = 4254527054

ССТ1 = 4254527054 – 6200000 = 4248327054

КТС = 4248327054*20% = 120.394.521 теңге шығады.

Экспортқа салынатын рента салығын есептеу үшін 5-кестедегі деректер қажет болады:

5-кесте. Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығының мөлшерлемелері:

Рет N Әлемдік баға Мөлшерлеме, %-бен
1. бiр баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда
2. бiр баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
3. бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
4. бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
5. бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
6. бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
7. бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
8. бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
9. бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
10. бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
11. бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
12. бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
13. бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
14. бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
15. бiр баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
16. бiр баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
17. бiр баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
18. бiр баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда
19. бiр баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары

(5-кесте жалғасы)

Есептеу тәртібі:

1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.

Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:

К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы:

К барр. орт. – орташа-өлшемді баррельдеу коэффициенті;

V1, V2, …Vn – салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;

К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;

n – салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;

V жалпы өткізу – салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.

Мысалы, «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2015 жылы 10 млн тонна шикі мұнай өнімін экспортқа шығарды. 1-партияда 3 млн тонна, 2-партияда 2 млн тонна, 3-партияда 2 млн тонна 4-партияда 1 млн тонна өткізілді. Барлығы 4 партия болды. 1-партияда 1 баррель үшін 50 АҚШ доллары болды, 2-партияда 1 баррель үшін 60 АҚШ доллары, 3-партияда 1 баррель үшін 70 АҚШ доллары, 4-партияда бір баррель үшін 80 АҚШ доллары болды. Баррельдеу коэффициентін есептеу үшін осыларды формулаға қоюымыз керек. К барр. орт. = (3 млн*7+2млн*11+2 млн*14+1млн*16)/10 млн = 8.7 млн.

Қол қойылатын бонустардың мөлшерін белгілеу тәртібіне келетін болсақ ол мұнай келісімшарттары үшін:

егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;

егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:

Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;

Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған К2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны бойынша есептеледі.

Есеп. «ҚазМұнайГаз» компаниясының мұнай келісім шартына сәйкес бекітілмеген қоры 10 мың тонна болды. Қол қойылатын бонус мөлшерін анықтау үшін: 10 000*3000АЕК = 30 млн. болды.

Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленедi.

Үстеме пайда салығы 6-кестедегі мөлшерлемелердің өзгермелі шкаласы бойынша төлейді.

6-кесте. Үстеме пайда салығы бойынша мөлшерлемелер:

Деңгей N Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыз Мөлшерлеме (%-пен)
25 пайыздан кем немесе соған тең Белгіленбейді
25 пайыздан 30 пайызға дейін қоса алғанда
30 пайыздан 40 пайызға дейін қоса алғанда
40 пайыздан 50 пайызға дейін қоса алғанда
50 пайыздан 60 пайызға дейін қоса алғанда
60 пайыздан 70 пайызға дейін қоса алғанда
70 пайыздан жоғары  

Мысалы, ҚазМұнайГаз компаниясының 2016 жылғы таза табысы 65 378 976 теңгені құрады. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы 56% болды. Үстеме пайда салығы таза табысқа салынатындақтан 6 – кестеге сүйеніп үстеме пайда салығы мөлшерін есептейміз: 65 378 976 * 40% = 26 151 590 теңге болады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының әр жыл сайын осы аталып өткен салықтардан қанша төлегенін №2-диаграммадан көруге болады.

№2-диаграмма.

азМұнайГаз» компаниясының 2014-2016 жылдар аралығында төлеген салық көрсеткіштері. - student2.ru

Қорытынды

Сонымен, тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

1991ж. желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар. Ал алымдар: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы, аукциондардан алынатын алым, консулдық алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым. Төлемақылар: жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы, радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы, емлекеттік баж, кеден төлемдері.

Курстық жұмысыма мысал ретінде «ҚазМұнайГаз» компаниясын алдым. Бұл компанияның негізгі қызметі – мұнай өнімдерін, газ конденсатын өндіру және оларды экспортқа шығару болып табылады. Осыған байланысты компанияның негізгі төлейтін салықтары – корпоративті табыс салығы, экспортқа салынатын рента салығы және жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық болып табылады. Осылайша «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2014-2016 жылдар аралығында қанша салық төлегенін көрсете отырып, салықтардың есептеу тәсілдері мен тәртіптерін көрсетіп, талдыдым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Т.Н Крамаренко, А.М Қомбарова «Салық және салық салу»;

2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Заңы

3. http://www.kmg.kz/kz/

4. http://www.kmg.kz/kz/investors/reports/reports/

Наши рекомендации