Банк жүйесі мен оның қызметтерін сипаттаңыз.

Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады.

Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер.

Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

- Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.

55. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері

Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтің келесі ұйымдастыру – құқықтық нысандары құрылады:

· Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар;

· өндірістік копперативтер;

· мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.

Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:

· Шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдану;

· Шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа (фермер) шаруашылығын әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;

· Заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу;

· Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және басқа.

Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрстеілген “әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы кеңістікті тазартуға араласуы тиіс”.

Нарықтық инфрақұрылымы – биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және басқалар дамуда.

Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.

ҚР Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы” Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп саналады.

Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.

Кәсіпкерлік экономикада ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі процесінде басты роль атқарады.

Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай поцестің негізгі субъектісі ретінде шығады.

Наши рекомендации