Еуразияшылдық идеясының Қазақстандық жобасы қалыптасуының кезеңдері.
Еуразияшыдық идеясының Қазақстандық дамуы 3 кезеңінен турады
1. Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1»атты жинақ шығарылады.
1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді. 1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады.
1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник» шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген. Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая»атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды.
2. Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.
1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.
3. Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады.Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды. . 1995 жылдың басында, баспасөз толық негізде, Н.Ә. Назарбаевты «еуразиялықтың идеологы» және жаңа заман еуразисі, яғни өткенге емес, болашаққа – XXI ғасырға назар аударушы деп атады. Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы еуразиялықты рухани зияткерлік тұрғысынан тиянақтауға үлкен мән берді. «Россия» газетіне (1995 жылдың қазаны) берген тұжырымдамалық сұхбатында Президент былай деген болатын: «Еуразияда бірқатар елдер бар – «Солтүстікте Ресейден бастап, оңтүстікте Үндістанға дейін», әзірге олар «Шығысқа да, Батысқа да жатпайды» дей келе, бұл кеңістікті «аңдысын аңду белбеуі» деп атады. Еуропаның, әсіресе Азияның болашағы едәуір дәрежеде осы геосаяси белбеу елдерінің өз бағытын қалай анықтауына тәуелді болмақ. Оларға Ресеймен бірлесе отырып, «қауіпсіздіктің жаңа жүйесін» құруға болар еді. Көрініп тұрғандай, Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, тек Еуразиялық жоба ғана осы аймақты геосаяси «аңдысын аңду» саясаты жағдайынан алып шығатын сындарлы күшке ие.