Азақстандқ кәсіпорындардағы басқару тәжірібесі

3.1 «БанкЦентрКредит» АҚ кәсіпорынының жалпы сипаттамасы

“Банк ЦентрКредит” АҚ (бұдан кейін – “Банк”) 1988 жылы 19 қыркүйекте Алматы облысының Кооператорлар одағының “Центр-Банк” Алматы Орталық Кооперативтік Банкі ретінде негізі қаланып, КСРО-да құрылған алғашқы коммерциялық банктердің бірі болды.

1991 жылдың тамыз айында Банк “Центрбанк” Қазақ Орталық Акционерлік Банкі болып қайта тіркелді.

Өз кезегінде “Центрбанк” Қазақ Орталық Акционерлік Банкі 1996 жылдың қараша айында “БанкЦентрКредит” Ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді. «БанкЦентрКредит» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде тіркелген (куәлік №3890-1900-АО 30.06.1998 жылдан бастап), ААҚ «БанкЦентрКредит» пен Алматы қаласында Әділет Басқару Министірлігінен қайтадан тіркеуден өткен ЖАҚ «Жилстройбанктің» қосылуымен құрылған.

Банк қызметінің басты мақсаттары:

• Қазақстанда шағын жəне орта бизнесті дамытуға атсалысу;

• Таза пайдаға қол жеткізу жəне оны акционерлердің мүддесінде пайдалану;

• Банк бизнесінің халықаралық стандарттарына сай банк қызметтерін көрсету аясын кеңейту.

1993 жылдың маусымында халықаралық төлем жүйесі SWIFT-тің және Қазақстандық Қор Биржасының мүшесі болды.

1994 ж. қыркүйек–Екі Қазақстандық банктердің бірімен кіші және орта бизнесті дамыту үшін ЕБРР несиелік жүйесін ұйымдастыру бойынша агент болды.

1996 ж. маусым– Банк Орта Азия мен Қазақстан бойынша Western Union ақша аударымдар жүйесінің өкілі болып табылады.

1996 ж. қараша – Банк " ЦентрКредит Банкі "ААҚ болып қайта тіркелді.

1997 ж. сәуір – Австриялық "Raiffaisen Investment AG" және Ирландиялық "Bank of Ireland International Services Ltd"-мен бірге Twinning бағдарламасына қатысу.

1997 ж. мамыр – Банк екінші деңгейлі банктердің бірінші тобына қосылды.

1997 ж. қазан - "Фронт және Бэк-Офис" принципі бойынша жаңа қызмет көрсету жүйесі еңгізілді.

1997 ж. желтоқсан – Банк "Жилстройбанк" ЖАҚ меншіктеу бойынша тендер ұтып алды.

1999 ж. сәуір– Twinning бағдарламасы аяқталды.

1999 ж. шілде – Thomson Bank Watch агенттігі халықаралық несиелік рейтинг ұсынды: Қазақстан деңгейіне сәйкес келетін В деңгейлі ұзақмерзімді, LC-3 деңгейлі қысқамерзімді – қарызға қызмет көрсететін және сыйлық беру қабілетін көрсететін инвестициялық топтың үшінші категориясы.

2000 ж. мамыр – Банк Visa International жүйесінің қатысушы мүшесі (Participant Member) болып алынды принят в качестве члена-участника системы.

2000 ж. маусым – Thomson Bank Watch агенттігі халықаралық несиелік рейтингті растауы.

2000 ж. шілде – Thomson Bank Watch агенттігі халықаралық несиелік рейтингті растауы.

2002 ж. қараша-Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «ЦентрКредит Банкі» АҚ-на келесідей рейтингтер тағайындады:
Ва2 – шетел валютасындағы банктік депозиттер бойынша ұзақмерзімді рейтинг;

NP – шетел валютасындағы банктік депозиттер бойынша ұзақмерзімді рейтинг;
D – қаржылық тұрақтылық рейтингі.
Барлық рейтингтер болжамы – «қолайлы».

2003 ж. сәуір – Fitch рейтингтік агенттігі «ЦентрКредит Банкі» АҚ- ң ұзақмерзімді рейтингін "В-" пен "В+"-қа дейін жоғарылатты.

2003 ж. тамыз-American Express төлем жүйелерінің карталарын таратуға кірісті.

2003 ж. қыркүйек–Банктің құрылуына 15 жыл толды.Мерей тойға «Жылдармен расталған сенімділік» ескерткіштік басылымы шықты.

2003 ж. қыркүйек–«Кәсіпорындардың қаржылық анықтылығы кіші және орта бизнесті несиелеудің кілттік факторы ретінде» атты конференция ұйымдастырылды. Оған мемлекет және қаржылық институттардың өкілдері, ғалымдар мен бизнесмендер қатысты

2003 ж. желтоқсан –Нарықты зерттеу бойынша Еуропалық Орталық кеңесі «ЦентрКредитБанкі» ААҚ- на «Кіші және орта бизнеске арналған үздік банк» номинациясында «Еуромаркет-2003 премиясы» сыйлығын ұсынды.

2004 ж. қараша– 28 шетел банктерінен тұратын синдикатпен 70 млн. АҚШ долларына займ пролонгациясына келісім құрылды.

2005 ж. қаңтар– Халықаралық рейтингтік агенттіктер Банктің еурооблигацияларына ұзақмерзімді рейтинг тағайындады: Moody·s Investors Service-тен - "Ва1" және Fitch Ratings-тен - "В+".

2006 ж. қаңтар – Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі CenterCredit International B.V. еврооблигацияларының шығарылуына көп күткен ұзақ мерзімді рейтинг "BВ-" тағайындады . [7]
Банктің ұйымдық құрылымы

2005 жылдың басында АҚ "БанкЦентрКредит" Қазақстанның барлық ірі қалаларында 19 филиалымен және 100 есептік-кассалық бөлімшелерімен ұсынылды.

Банк жарғысына сәйкес Банктің жалпы ұйымдық құрылымы келесідей:

1. Жоғарғы орган – Акционерлер жиналысы;

2. Басқару органы – Директорлар отырысы;

3. Атқарушы орган – Басқару;

4. Бақылау органы – тексеруші комиссия;

Акционерлер жиналысы
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Директорлар Кеңесі Төрағасының Офис Жетекшісінің Орынбасары
Директорлар Кеңесінің Атқарушы Хатшысы - Басқарма Хатшысы
Басқарма Төрағасы
Ішкі аудит
Қазынашылық департаментінің Басқарушы директоры
Несие тəуекелдіктері департаментінің Директоры
Бизнесті дамыту департаментінің Директоры
Корпоративтік қаржы департаментінің Басқарушы директоры
Төлем жүйелері департаментінің Басқарушы директоры
Шағын жəне орта бизнесті несиелеу департаментінің Басқарушы директоры
Əкімшілік департаментінің Директоры
Қаржы департаментінің Директоры
Талдау жəне тəуекелдіктерді басқару департаментінің Басқарушы директоры

Сурет 1. Банктің ұйымдық құрылымы

Наши рекомендации