Ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы. 3 страница
Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Шығындар – бұл кәсіпорынның өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді: 1.өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар; 2.өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Бұл жаңа немесе ерекше өндірілетін өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары; 3.өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады. Шығындар практикалық маңызы жағынан тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығыдарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары т.б.Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болатын шығындар. Олар: еңбек ақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия т.б. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Кәсіпорынның айналым капиталының мәні мен құрылымы.Кәсіпорындардың іс әрекеттерін қаматамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымын білу үшін төрт белгі бойынша топтастырады: айналым саласы; элементтер; нормамен қамту; қаржыландыру көздерімен. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы.
Сонымен, айналым қаражаттары – бұл өндіріске айналым қорлар мен айналыс қорларды құрастыру үшін арналған кәсіпорынның ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның баға саясаты Кәсіпорын шығарған өнімнің бағасы, оны анықтайтын пайдасының маңызды факторығана емес, сонымен қатар тауарларды ойдағыдай өткізудің жағдайына да байланысты болады. Баға бұл жағдайда тактикалық құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артықшылықтар әкеледі: біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешілігі, бағаны пайдалану қосымша қаражатты қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын, өнімді дараландыру, жылжыту және т.б.; екіншіден, тұтынушылар белгіленген бағаны, жарнама негізінде қарағанда оңай, өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауарлардың тартымдылығын табады; үшіншіден, соңында тіпті, басқа да ынталандыру әдісі, атап айтқанда, дербес сату және жарнаманы ұйымдастыруең бастысы болады, баға оларды қолдауда ең қуатты құралы болып табылады. Бағаның тұтынушыға ықпалы қандай болмақ? Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады. Сөз болыпотырған әселе белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығын, олардың оларды сол немесе басқа да өнімді сатуда алатын болжалды пайданы көрсетеді. Шынында, егер тауарға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды, ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Практикада баға стратегиясының тұтас сериясы болады: жоғары баға стратегиясы әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді.төменгі баға стратегиясы. Бұл сұраныс ынталандыру мақсатында жасалады, не өткізудің көп мөлшерінің рыноктағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігі, сатып алушылар бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныс та сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудің есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады.Сараланған баға стратегиясы бағаны белгілеуде түрлі рыноктар, олардың саралымдары және сатып алушыларүшін түрлі-түрлішегерім және үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көрсетеді;жеңілдікті баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарларды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға құштар;икемді, икемділік баға стратегиясы. Баға сатып алушылардың мүмкіншілігіне, олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді;тұрақты, стандартты, өзгермес баға стратегиясы;жинақталмаған баға стратегиясы;жаппай сатып алу баға стратегиясы;баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру баға стратегиясы; Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқа да баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайдағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық түрлері.Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирма аралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:Шаруашылық серiктестiк;Акционерлiк қоғам;Өндiрiстiк кооператив;Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Кәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік"депаталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері: - басқару істеріне қатысуға; - серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға; - оның құжаттарымен танысуына; - несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге; - тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар. Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар: - негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар); - айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар); - ақша қаражаты; - басқа да құндылықтар кіреді. Серіктестіктің мүшелері: - құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; - алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне; - коммерциялық құпияларды сақтауға; - құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бірадам болуы да мүмкін. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.
Кеден салықтарының құрылымдық мінездемесі Барлық тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды, Кеден кодексімен анықталғандай төлемдерді тауарды шығарғанға дейін төлеу қажет болған жағдайдан тыс, кедендік рәсімдерге дейін және кедендік жүк декларациясын бергенге дейін төлеу қажет.Тауарлардың импорты кезінде төлемдердің мынадай түрлерін ажыратады, кеден жинағы, кедендік импорт баж салығы, акциздер және СҚҚ. Импортты кедендік баж салығы салынатын тауарлар және баж салығының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы Қаулысында көрсетілген.Акциз салынатын тауарларға акциз салынатын тауарлар тізіміне сәйкес кейбір мұнай өнімі, темекі және ішімдік өнімдері, алтыннан жасалған заттар, мотор қуаты 3 мың куб см. Асатын көліктік құралдары және ҚР Үкіметімен бекітілген акциздеуге жататын тауарлар тізімдері жатады. Тауарлардың импортын рәсімдеу кезінде қосылған құнға салық төленеді, ол салынатын импорттан орнатылған 15%. Салық импортының мөлшеріне, импортталатын тауардың кедендік құны енгізіледі, сонымен қатар салық және т.б міндетті төлемдердің соммасы, сонымен қатар импортқа СҚҚ санамағанда, Қазақстан Респубикасына тауарлардың импортталуы кезінде бюджетке төленетін міндетті төлемдер.Тауарлардың экспорты кезінде кедендік жинақ төленеді және экспорттық кеден баж салығы кейбір тауарларға төленеді. Экспорттық тауар баж салығы салынатын тауарлар және баж салығының мөлшері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.МКҚ негізгі парақшасы үшін 50 ЕВРО мөлшерінде кедендік жинақ және әрбір қосымша парақшаға 20 ЕВРО Үкіметпен белгіленген кеден жинағының мөлшеріне сәйкес төленеді.Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін тауарлар және Қазақстан Республикасымен Кедендік Одақты құратын мемлекеттерден әкелінген тауарлар немесе еркін сауда шегінің саудаларының тауарлары тек қана СҚҚ мен салық салынады.Басқа мемлекеттер әкелінген тауарлар кедендік құннан 10% мөлшерде кедендік төлемін төлейді.
Кедендік заңдылықтарды халықаралық реттеу Барлық тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды, Кеден кодексімен анықталғандай төлемдерді тауарды шығарғанға дейін төлеу қажет болған жағдайдан тыс, кедендік рәсімдерге дейін және кедендік жүк декларациясын бергенге дейін төлеу қажет.Тауарлардың импорты кезінде төлемдердің мынадай түрлерін ажыратады, кеден жинағы, кедендік импорт баж салығы, акциздер және СҚҚ. Импортты кедендік баж салығы салынатын тауарлар және баж салығының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы Қаулысында көрсетілген.Акциз салынатын тауарларға акциз салынатын тауарлар тізіміне сәйкес кейбір мұнай өнімі, темекі және ішімдік өнімдері, алтыннан жасалған заттар, мотор қуаты 3 мың куб см. Асатын көліктік құралдары және ҚР Үкіметімен бекітілген акциздеуге жататын тауарлар тізімдері жатады. Тауарлардың импортын рәсімдеу кезінде қосылған құнға салық төленеді, ол салынатын импорттан орнатылған 15%. Салық импортының мөлшеріне, импортталатын тауардың кедендік құны енгізіледі, сонымен қатар салық және т.б міндетті төлемдердің соммасы, сонымен қатар импортқа СҚҚ санамағанда, Қазақстан Респубикасына тауарлардың импортталуы кезінде бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Кеден тарифі – елдің кеден аумағы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кеден баждары мөлшерлемесінің жинағы, яки тауарлардың топтары бойынша елге әкелінетін және елден әкетілетін тауарлардан алынатын баждардың тізбесі. Онда тауарлардың атаулары, салық салу бірлігі және баж мөлшерлемесі мазмұндалады. Баждан басқа кеден алымдары да мазмұндалады. Кеден тарифітері елдің үкіметі заңнамалық тәртіппен белгілейтін дербес кеден тарифі, халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекеттер белгілейтін конвенциялық (келісімшарттық)кеден тарифі түрлеріне бөлінеді. Кейбір елдер (Канада, Үндістан) кеден тарифінің екі түрін де бірге қолданады, яки бір елдерге дербес тарифті, екінші бір елдерге конвенциялық тарифті қолданады. Қазақстанда кеден тарифінің құралу және қолданылу тәртібі, сондай-ақ, ел шекарасынан алып өткізілетін тауарларға баж салу ережелері “Кеден тарифі туралы” Заңда белгіленген, бұл заңның күші елдің бірыңғай кеден аумағында қолданылады. Кеден тарифі елдің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жүйелендірілген тауарларға қолданылады.
Көлік инфрақұрылымының ағымдағы жағдайын талдау Экономиканы ырықтандыру жəне көлiк кешенiндегi құрылымдық өзгерiстер көлiк қызметiн көрсету нарығын қалыптастыруға алып келдi, нормативтiк құқықтық орта, саланы басқару жүйесi өзгеруде. Аталған жағдайларда қажеттiктердi болжауға ғана негiзделген көлiк қызметiн дамытуға дəстүрлi қағидаттар салааралық бағдарлауды талап етедi.Сонымен бiрге əлемдiк үрдiстерге сəйкес болу қажеттiлiгi, сондай-ақ көлiк түрлерi бойынша тасымал құрылымы көлiк-коммуникациялық кешен элементтерiнiң дамуы үшiн жауапкершiлiктiң неғұрлым айқын бекiтiлуiн талап етедi.Iлiктес салалардағы өзiндiк құнның едəуiр жоғарылығы жəне өнiм шығарудың төмендеуi, ауылдағы қатынас жүйесiнiң құлдырауы, жұмыспен қамтудың төмендеуi көлiктен тысқары əсердің (көлiктiң басқа салаларға ықпал ету əсерi) бұлтартпас салдары болып табылады.Нəтижесiнде, саланың басты мiндеттерi: көлiк қызметiн неғұрлым аз шығынмен, толық көлемде жəне жоғары сапалық деңгейде ұсыну сондай-ақ транзиттен табыс алу толық көлемiнде орындалған жоқ.Дегенмен, соңғы уақытта ұлттық экономикадағы көлiк кешенi ролiнiң тұрақты түрде өсуi байқалады. Көлiк қызметiн көрсету нарықтарын игеру жолындағы iшкi (басым жағдайда автомобиль жəне авиация көлiгiнде) жəне салааралық (басым жағдайда автомобиль жəне темiр жол, темiр жол жəне су көлiгi түрлерiнiң арасында) бəсекелестiк, сондай-ақ шетел тасымалдаушыларымен бəсекелестiк көлiк жүйелерiнiң белгiлi бiр дəрежеде өзiн-өзi сақтауын қамтамасыз етедi.Көлiктiк жобалардың едəуiр бөлiгiнiң құнының жоғарылығы болуы бүгiнгi таңда елдiң стратегиялық инвестор рөлiнде көрiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан транзиттiк əлеуеттi iске асырудан келетiн экономикалық пайданы көбейту, сондай-ақ жобаларды iске асыру үшiн қолайлы экономикалық жағдай жасау, жеке инвесторлар мен мердiгерлердi тарту, стратегиялық маңызы жоқ объектiлердi бөлу жəне жекешелендiру жолымен инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестициялық шығыстарды азайту негiзгi мiндет болып отыр.
Көлік инфрақұрылымының іс-қимылдар стратегиясы Коммуникациялар халық тұрмысының сапасын арттыру жəне шаруашылық жүргiзудің нарықтық мүмкiндiктерiнiң құралы ретiнде, сондай-ақ тұтыну нарығын тұрақтандырудың факторы ретінде қарастырылуға тиiс.Қазақстан өнеркəсiптiң кен өндiру, тамақ жəне басқа салаларына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге, транзиттiк тасымалдауға маманданады, олардың тиiмдiлiгi едəуiр дəрежеде жол желiсiнiң сенiмдiлiгiне тəуелдi. Сондықтан экономиканың аталған секторлары жол шаруашылығын дамытуға тiкелей мүдделi болуға тиiс, ал аса маңызды басымдықтардың бiрi автомобиль жолдарының желiсiн сақтау жəне ұлғайту болып табылады.Егер темiр жол, теңiз жəне авиациялық тасымалдардың едəуiр бөлiгi транзиттiк тасымалдауларға жатқызылса, автомобиль мен өзен көлiктерi көп жағдайда iшкi қажеттердi, соның iшiнде жекелеген аймақтардың қажеттерiн қанағаттандыруға бағдарланған.Бұл көлiктiң неғұрлым маңызды екi түрiн дамытуға қаржы басымдығында бекiтiлуге тиiс. Өйткенi темiр жол көлiгi едəуiр дəрежеде республикалық функциялар атқаратындықтан, ол басым жағдайда республикалық көздерден қаржыландырылуға тиiс. Автомобиль көлiгi үшiн республикалық жəне аймақтық ресурстардан үлестiк қаржыландыру жағдайын туғызу талап етiледi.Экономиканың ғаламдану барысында ХХI ғасырдың басындағы халықаралық көлiк дəлiзiн қалыптастыру iс жүзiнде аяқталатын болады. Қазақстанның Еуропа - Оңтүстiк-Шығыс Азия бағытындағы объективтi бəсекелестiк басымдықтары қолда бар көлiк тораптары мен дəлiздерiн пайдалана отырып қатарға жаңа көлiк коммуникацияларын енгiзумен қысқа мерзiмде iске асырылуға тиiс.Əлемдiк сауда технологияларының өзгеруi, тауар алмасу процесiн кешендi ақпараттандыру логистика принциптерiнiң негiзiнде көлiк-бөлу технологияларын өзгерту мiндетiн қояды.Күш-жiгердi екi бағытта: транзиттiк саясат пен iшкi қажеттердi қанағаттандыру бағыттарында шоғырландыру талап етiледi.
Көлік кәсіпорынындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін. Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді. Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері:♦ Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;♦ Еңбекақының кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау;♦ Нақты еңбекақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни, жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері:♦ Еңбекақы қорын қалыптастыру;♦ Еңбекті нормалау;♦ Тарифтік жүйені сақтау;
лік потенциалы, көлік кешені Ел инфрақұрылымының маңызды құраушыларының бірі көлік жүйесі болып табылады. Көлік еліміздің және біздің аймағымыздың шаруашылық салаларының бір бөлігі ғана болып табылмай, бүкіл экономикамыздың ойдағыдай жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі болып саналады. Ол еліміздің және аймақтардың өндірістерін дамытуға территориялық пропорцияларды қалыптастыруға белсенді әсер етеді. Материалдық өндіріс барысында көлік халық шаруашылығы салаларының түрлі типтегі тасымалдауларға: аймақ ішіндегі ішкі өндірістік, салааралық; аймақаралық тасымалдауларға, жұмыскерлерді тасымалдауларға және т.с.с. қажеттіліктерін қанағаттандырады Көлік түрлері су (теңіз, өзен), жерүсті (теміржол, автомобиль, құбыр) және әуе көліктеріне бөлінеді. Құбырдан басқа барлық көлік түрлері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл көлік түрлері дәстүрлі көлік түрлеріне жатады. Көліктің дәстүрлік емес түрлеріне пульпа құбырлары (үйінді жүк ұсақталып, сумен бірге құбыр арқылы айдалынады), пневмокөлік, магнит жастықшасындағы көлік жатады. Әрбір көлік түрінің жүктерді тасымалдау үшін пайдалануға қатысты өз ерекшелігі бар. Кез келген мемлекет экономикасының көліктік секторы оның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси бағытталуының негізгі компоненті. Көлік мемлекетаралық сауда-экономикалық қатынастардың материалдық базасы рөлін атқарып, дүниежүзілік экономикалық кеңістікті қалыптастырушы фактор ретінде қызмет етеді. Қазақстанның геосаяси басымдықтары мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия аумағындағы интеграциялық үдерістердегі рөлі контексінде Көлік және коммуникация министрлігі жүзеге асырып жатқан мемлекеттік саясат еліміздің транзиттік әлеуетін толыққанды әрі тиімді пайдалануға, көлік инфрақұрылымын жетілдіруге және көліктік қызмет түрлерінің сапасын арттыруға бағытталған. Экономиканы ырықтандыру жəне көлiк кешенiндегi құрылымдық өзгерiстер көлiк қызметiн көрсету нарығын қалыптастыруға алып келдi, нормативтiк құқықтық орта, саланы басқару жүйесi өзгеруде. Аталған жағдайларда қажеттiктердi болжауға ғана негiзделген көлiк қызметiн дамытуға дəстүрлi қағидаттар салааралық бағдарлауды талап етедi. Iлiктес салалардағы өзiндiк құнның едəуiр жоғарылығы жəне өнiм шығарудың төмендеуi, ауылдағы қатынас жүйесiнiң құлдырауы, жұмыспен қамтудың төмендеуi көлiктен тысқары əсердің (көлiктiң басқа салаларға ықпал ету əсерi) бұлтартпас салдары болып табылады. Нəтижесiнде, саланың басты мiндеттерi: көлiк қызметiн неғұрлым аз шығынмен, толық көлемде жəне жоғары сапалық деңгейде ұсыну сондай-ақ транзиттен табыс алу толық көлемiнде орындалған жоқ Дегенмен, соңғы уақытта ұлттық экономикадағы көлiк кешенi ролiнiң тұрақты түрде өсуi байқалады. Көлiк қызметiн көрсету нарықтарын игеру жолындағы iшкi (басым жағдайда автомобиль жəне авиация көлiгiнде) жəне салааралық (басым жағдайда автомобиль жəне темiр жол, темiр жол жəне су көлiгi түрлерiнiң арасында) бəсекелестiк, сондай-ақ шетел тасымалдаушыларымен бəсекелестiк көлiк жүйелерiнiң белгiлi бiр дəрежеде өзiн-өзi сақтауын қамтамасыз етедi. Көлiктiк жобалардың едəуiр бөлiгiнiң құнының жоғарылығы болуы бүгiнгi таңда елдiң стратегиялық инвестор рөлiнде көрiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан транзиттiк əлеуеттi iске асырудан келетiн экономикалық пайданы көбейту, сондай-ақ жобаларды iске асыру үшiн қолайлы экономикалық жағдай жасау, жеке инвесторлар мен мердiгерлердi тарту, стратегиялық маңызы жоқ объектiлердi бөлу жəне жекешелендiру жолымен инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестициялық шығыстарды азайту негiзгi мiндет болып отыр.