Тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні және оның ролі.
Аудитор бұл (латынша - тыңдаушы) - жөндеуге қатысты бухгалтерлiк есепті (бухгалтерлiк кiтаптар, құжаттар және есеп берудi) тексерумен және консультациялық қызметпен шұғылданатын тұлға. Аудиторлық фирмалар акционерлік қоғамдар мен заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын тексерумен айналысқанымен, өз қызметiнде мемлекеттiң алдында заңды түрде жауапты. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз дәрежеде орындамау үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі.
Аудиторлық ұйым барлық елеулі қатынастарды экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кәсіби пікір қалыптастыратыны және оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Анық еместігі кейін анықталған қаржылық есептемесі негізінде қабылданған шешімнің нәтижесінде қаржылық зиян шеккен тұлға жалпы құқық бұзушылық әрекеті үшін аудиторға қарсы іс қозғайды. Сонымен бірге қаржылық есептемелерді дайындау, жасау және уақтылы ұсыну жауапкершілігі тексерілетін субъекті басшылығының мойынында болады.
Аудиторлар клинет алдында да және оның қызмет нәтижелеріне мүдделік танытатын яғни қызмет нәтижелерінің негізінде 3 жақ ретінде белгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты.
Сондай-ақ, аудиторлар өз жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін нақты әрі әлеуетті клинет инвесторларының алдында да жауап береді.Бұл тұлғалар аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығын немесе алаяқтық жасағанын дәлелдеуі керек.
Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың маңызды аспектісіне аудиторлардың жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:
1. Қызметкерлерді жалдау
2. Жұмыс кестесін жасау
3. Біліктілікті арттыру
4. Мансап
5. Басқарушы қызметкерлерді бақылау
6. Қызмет көрсетуге клинетті қабылдау
7. Кеңес беру
8. Тәуелсіздік
9. Фирманы бақылау
Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті өміріне біртіндеп еніп келеді.Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды.Бұл талаптар әлемдік іс тәжірбиеде кең таралған Халықаралық аудит стандарттарында көрініс тапқан өлшемдерге сәйкес келеді.Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңында және аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы ереже анықталған.
Аудитор ізденушісінің мінсіз репутациясы, жоғары білімі, экономика, қаржы, есептік талдама, ревизиялық бақылау немес құқық салаларында соңғы 7 жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірибиесі бар адамдар немесе жоғары оқу орнында ғылыми оқытушылық қызметпен айналысатын соңғы және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тәжірибелік еңбек стажы бар адамдар аттестациялауға жіберіледі. Олар белгіленген пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, аттестациядан өтуі қажет. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс берушімен жасалған келісімшарты қарастырылатын өз міндеттерін біліктілікпен орындауға жауапты.Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор өз есебінен де,сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.
«Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық қызмет пен айналысқысы келетін тұлғаны аттестациядан өткізеді.Комиссия «аудитор» атағын тиісті куәлік пен номерлік мөр береді.
Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде 2 адамнан құрылуға тиіс.Оның жарғылық капиталында аудиторларға және шетелде аудиторлық ұйымдарға тиеслі үлес кемінде 100 пайыз болуы тиіс.ҚР –да аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ(Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15 ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдермен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.Қазіргі уақытта елімізде 100 ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000 нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді.Аудиторлардың Республикалық палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлер саны шамамен 30000 адамды құрауы керек.Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст Энд Янк», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.