Бақылау сұрақтары. 2.Банктерді ашу, құру тәртібі

1. Банкті басқару құрылымы

2.Банктерді ашу, құру тәртібі

3.Банктердің қызыметтерін ұйымдастыру

Қолданылатын әдебиеттер :Н.Ә-1,2. Қ.Ә-9,10.

Тақырып. Коммерциялық банктер қызыметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мәні және коммерциялық банктер қызыметтерін реттеу үшін қолданылатын экономикалық (пруденциальдық) нормативтер

Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктер қызыметтерінреттеу үшін қолданылатын экономикалық (пруденциальдық) нормативтермен және қызыметін реттеу әдістері жөнінде студенттердің ілімдік білімдерін қалыптастыру.

Дәріс жоспары

1. Банк қызметін реттеу әдістері

2. Пруденциялық реттеу

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:банктің нормативтік құқықтық актілер,пруденциялық нормативтер, несие жүйесі, жарғылық қор, меншік қаражаттары.

1. ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметің реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші бойынша нормативтік құқықтық ақтілермен анықталады.

1995 – жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет түралы» ҚР заңының 41 – бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

· Пруденциялық нормативтер белгілеу;

· Банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

· Банктердің қызметін тексеру;

· Банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

· Банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

· Банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

ҰБ халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтермен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалармен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҰБ белгілі мөлшерді банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы. Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалармен лимиттердің нормативтік белгілерімен есептеу әдістемесін белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясын лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формаларымен оны тапсыру мерзімін ҰБ белгілейді.

2. Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебін құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді. Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикадағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ҰБ Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

1. Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;

3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

4. өтімділік коэффициенті;

5. ашық валюталық позиция лимиті;

6. негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1) Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін ҰББ бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез-келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

2) Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті. Меншікті капитал (К) - бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (1 деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі. Банк инвестициясы – акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдарының, сондай-ақ басқа заңды ұйымдарының субординнирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.

Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;

- жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс;

- жоғары аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Poors және басқа халықарлық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингімен төмен болмауға тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал (К1) мыналардан құралады:

- төленген жарғылық капитал;

- қосымша капитал;

- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер);

шегерілген ( -):

- материалдық емес активтер (Халықарлық қаржы есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру);

- өткен жылдардағы зиян;

- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.

Екінші деңгейлі капитал мыналардан құралады:

- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;

- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;

- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер ( провизиялар) мөлшері;

- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы;

Банктің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін, банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2) бканктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етуілмеуге тиіс;

3) адын ала (толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында).

Қазақстан Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен №6 (103) маусым 2003 жыл. Пруденциялық нормативтерді бұзатын банктердің санының азаюы Халықаралық стандартқа екінші деңгейдегі банктердің өтуіне байланысты бағдарлама шегінде жасалып отырған банктердің капиталдануы деңгейінің жоғарылау өсеріне болды. Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегң банктерге шекетлген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылды. Банктер пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар және лимиттерді; сондай-ақ Ұлттық банктің нормативтік – құқықтық актілерін бұзсса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің қаржылық жағдайына және тұрақтылығына, немесе депозиторларымен клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасаса, онда Ұлттық банк шекетлеген ықпал ету шараларының мындай түрлерін қолдануы мүмкін:

1. міндеттеме хаты талап ету ;

2. банкпен жазбаша келісім жасау;

3. ескерту жасау;

4. орындауға міндетті бұйрық хат беру.

Тұжырымдамалар

ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметің реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші бойынша нормативтік құқықтық ақтілермен анықталуы.

1995 – жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет түралы» ҚР заңының 41 – бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді пруденциальдық нормативтермен жүзеге асырылуы.

Наши рекомендации