Күтілген және күтпеген.
Сұраныс инфляциясы-толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.
Шығындар инфляциясы- өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.
Инфляцияның бұл түрі стагфляцияғаәкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.
Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол немесе болатындығына байланысты. Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, бұл байланыс Филипс қисығы (АD). Жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі.
44. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)-мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:
1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;
2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.
Мемлекеттік реттеу инструменттері:
1.Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін бақылау.
2.Құқықтық:бәсекені қорғау, стандарттау,норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.
3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.
1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
1.2. жанама: несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.
45. Өндіріс факторларының нарығы –жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының сферасы. Кез- келген тауардың нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасын, солардың әсерінен қалыптасатын бағаны туындайды.
Өндіріс факторлерінің нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары жүзеге асады.
Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігі:
1.соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда екіншілік сипатта, демек оларға сұраныс тұтыну тауарларын өндіруге қажет болғанда ғана туындайды.
2. өндіріс факторларына сұраныс осы фактор көмегімен өндірілетін тауарға сұраныстың көлеміне байланысты жоғарлайды немесе төмендейді. Мысалы: бидайға сұраныстың артуы оны егетін жерге деген сұранысты арттырады.
3. өндіріс факторлеріне сұранысты кәсіпкер және мемлекет білдіреді.
Нарықта іс жүзіндегі баға деңгейінде ұсынылатын өндіріс факторлері - өндіріс факторлерінің ұсынысынтуындайды. Өндіріс факторлерінің ұсынысын оса факторлерге сұраныс тудырады. Бірақ оның ерекшеліктері бар:
1. экономикалық ресурстардың щектеулігі, мысалы жер ұсынысы.
2. өндіріс факторлерінің ұсыныс нарығы ресурстар шектілігі заңының арқасында қызмет етеді. Егер олар шексіз болса, олар су сияқты ақысыз болар еді, тұиынушылар қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған болар еді.
46.Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Оның типтері: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
47. Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
48.Жер және оның қойнауы әкелетін табыс – рента.Басқа өндіріс факторлерінен жердің өзгешелігі:оның ұсынысының шектеулігінде,сондықтан оның ұсынысы икемсіз, демек оның бағасы қанша артқанмен ұсыныс көлемі өзгермейді.
Рента дифференциалдыжәнеабсолюттіболады.
Дифференциалды рента-сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасады, сапасыз жерлерде ол болмайды.
Абсолютті рента- жердің барлық учаскелерінде болады, ол ауыл шаруашылығының өнімдерінің құны мен оны өндіру құны арасындағы айырмашылықтан пайда болады.
Егер меншік иесі жерді жалға берсе, ол жал төлемін алады, оған жер рентасы және жердегі құрылыстарды пайдаланғаны үшін төлем кіреді.
Нарықтық экономикада жер сату объектісі болғандықтан, оның бағасы бар. Жер бағасының көлемі екі көрсеткішке байланысты:
1. жер иесі болып, алынатын жер рентасының көлемінен;
2. ссудалық процент ставкасынан.
Жер бағасы = рента көлемі * 100% ссудалық капитал көлемі
49. Еңбек ақы - жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны. Еңбек ақы деңгейін еңбек ұсынысы мен оған сұраныс анықтайды. Екеуі тең болған жағдайда тепе-тең еңбек ақы көлемі қалыптасады. Еңбекке сұраныс еңбек ақы деңгейін жоғарлатады және керісінше. Егер еңбекті пайдаланғаннан алынатын шекті өнім көлемі жоғары болса, еңбекке сұраныс артады және керісінше. Еңбек ақы нақтыжәне номиналды түрде болады.
Номиналды еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Нақты еңбек ақы- алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі. Ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты.
Еңбек ақы екі нысанда болады.
1. уақытылы- еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы.
2. даналы немесе келісімдік – өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы.
50. Меншікөндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. Меншік заңдық және экономикалық категория болып бөлінеді. Заңгерлік түсінік бойынша меншік формалдық және нақты құқықпен байланысты. Формалдық құқық немесе меншік атағы бұл – ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау. Нақты құқық – шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1.Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2.Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4.Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5.Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6.Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7.Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8.Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9.Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
51.Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Ол қисықты Маршалл кресті д.а.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Р
M
Ре
Qe Q
52. Бәсеке- (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:
-қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;
-көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);
-ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;
-қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.
Жағымды жақтары:
-өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;
-өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау және әрекет етуді қамтамасыз етеді;
-жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;
-өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.
53.Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:
1.нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- бірінен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді;
2.айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;
3.сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;
4.нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.
Жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландырупроцесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияныңпайда болуына әкелді.
Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.
Жетілмеген бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.
Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:
1. Монополиялық бәсеке
2. Олигополиялық бәсеке
3. Таза монополия.
1.Монополия:
-осы өнімді тек бір ғана фирма шығарады (сала бір фирмадан құралады);
- бағаны бақылау жоғары деңгейде.
2.Олигополия:
-осы өнім түрін шығаратын фирмалардың аз саны;
- өндірілетін өнім ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;
-бағаны жартылай бықылау.
3.Таза монополия:
- өндірушілер саны көп;
- өндірілетін өнім ерекшеленедіұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;
-бағаны әлсіз бақылау.
54. Инвестиция- пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталды ұзақ мерзімді салымдары. Инвестицияның негізгі түрлері:
-өндірістік инвестиция;
-тауарлы- материалды запастарға инвестиция;
-тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.
Жиынтық инвестициялар- ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.
Таза инвестициялар- негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.
Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.
Инвестициялық сұраныс- кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.
Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:
-таза пайданың күтілетін нормасы;
-проценттің шынайы ставкасы
Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.
Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.
55.Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- өндіріс көлемін өсіру;
- толық жұмысбастылық;
- инфляцияны төмендету.
56.Мемлекеттің негізгі функциялары:
1.нарықтың құқықытық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:
2.бәсекені қорғау, шағын бизнесті демеу;
3.табыспен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;
4.инфляциямен жұмыссыздықты бақылау;
5.экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;
6.тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.
Мемлекеттік реттеу инструменттері:
1.Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін бақылау.
2.Құқықтық:бәсекені қорғау, стандарттау,норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.
3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.
1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
1.2. жанама: несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.
57. Фискалды саясат-мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.
58. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.
ХС себептері:
-елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;
-елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.
ХС мәнікелесіде:
-ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;
-ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;
-шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.
ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.
ХС пайдалылығыәр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:
-меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;
-А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;
-Д.Рикардо “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.
59. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:
-экономикалық:елдебілікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;
-сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..
60.Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.
Бюджеттің табыстарбөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.
Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.
Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса-бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса-бюджет профициті немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты.
Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);қарыздарды тарту; мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.