Жылдың желтоқсанынан бастап

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................2

1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметінің ұйымдастырылуы ............ 3-6

1.1 Іскерлік қарым-қатынас этикасы..........................................................7-9

1.2. Есеп-операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның

құрылуы.Банк саясаты..........................................................................10

1.3 Клиенттерге кассалық есеп айырысулар қызметін көрсетуді

ұйымдастыру........................................................................................11-20

1.4 Клиенттерге банктік шоттар ашу немесе жабу ережелері ............21-23

Негізгі бөлім

2. Есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебі..............24-46

2.1 Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі......................47

2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ депозит түрлері...............................48-51

2.3 Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есебі.........................52-53

2.4 Бағалы қағаздар операцияларының есебі және оны

ұйымдастыру..........................................................................................54

2.5 Банктің инвестициялық операциялары .............................................55-56

2.6 Банктің шетел валютасымен операциялары бойынша жұмысын

ұйымдастыру.............................................................................................57

3. Негізгі құралдардың,материалдық емес активтердің есебі...............58-63

3.1 Банктің меншікті капиталының есебі...............................................64-65

3.2 Банктің кірістері мен шығыстарының есебі.....................................66-68

3.3 Еңбекақы шығындары есебінің ерекшеліктері.................................69-71

3.4 Банк қызметінің нәтижесі және таза кірісті бөлу.................................72

3.5 Банктің қаржылық, статистикалық есептіліктерінің құрамы және

нысандары.................................................................................................73

3.6 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар..........................74

3.7 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау................................ 75-76

3.8 Банктік тәуекелдер..........................................................................77-78

Қорытынды............................................................................................ 79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................80

Кіріспе

Мен Мұратбек Ұлдана 16 қаңтар мен 25 наурыз аралығында Талғар қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік Қоғамының Талдықорған Өңірлік Филиалында тәжірибеден өттім.

Тәжірибеден өтуімнің басты мақсаты – білімімді жетілдіру және практикалық тұрғыдан тәжірибе жинау. Өйткені тәжірибе әр адамның болашаққа деген қадамын нық басуына көмектеседі.

Менің тәжірибеден өту кезеңдегі мақсатым – банк қызметімен және оның клиенттерінің құрамымен және оларға көрсетілетін қызмет түрлерімен танысу. Банктің тәртібімен және ережелерімен танысу.

Клиенттерге банктік есеп шоттарды ашу және жабуды,олардың шоттарына түскен немесе аударылған қаражаттарды тексеруді,ақшалай чек кітапшасын беруді, бланкілерді, құндылықтарды,қолма-қол ақшаларды алу және өткізу бойынша құжаттардың дұрыстығын тексеруді және төлем талап тапсырмаларымен, чекпен, аккредитивпен есеп айырысуды, сонымен қатар, төлем карточкаларымен есеп айырысуды, төлем карточкаларының түрлері және олардың әрқайсысының көрсететін қызметін меңгеру және есеп айырысулар бойынша операцияларды жүргізуді үйрену. Сонымен қатар, несие операцияларын ұйымдастыруды, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру операцияларымен танысу. Қарыз алушының бизнес жоспарының және оның несиені төлей алу қабілеттілігін бағалауды,несиені өтеу мерзімін құрастыруды үйрену.

Ендігі менің мақсатым осы жоғарыда айтылғандарды толық меңгеріп, тәжірибелік есебімде ашып, көрсетіп жазу.

Азақстан Халық Банкі» АҚ қызметінің ұйымдастырылуы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі шағын,орта бизнесті дамыту және орта класты қолдау мақсатында қызмет ететін әмбебеп банк.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған және сол уақыттан бер ең ірі коммерциялық банктердің бірі болып келе жатыр.

Жылғы банктік реформа бойынша

банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

жылдың желтоқсанынан бастап

Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

Наши рекомендации