ХІХ ғасырдағы құжаттаманың арнайы жүйелерін ашып көрсетіңіз.

Қазақ жеріне енгізілген империялық басқару жүйесі оны патшалы Ресейге толығымен басыбайлы тәуелді етті. 1826 жылы Император Кеңесі құрамында 1ші,2ші,3ші бөлімшелер,1828 жылы 4-ші бөлімше, 1836 жылы 5ші бөлімше,1842ж. 6шы бөлімше құрылды.Әр қайсысы жеке салалық басқару істерімен айналысты. Коллегиялық іс жүргізуді министрлік іс жүргізуі алмастырды. «Министрліктерді ортақ құру» заңы істердің келіп түсуі және қозғалысы тәртібін бекітті. Ол бойынша істерді тіркеудің белгілі нысандары, орындау мерзімі көрсетілген істердің министрлік ішіндегі қозғалысы, құжаттардың жолдануы, орындалуын тексеру және есеп беру тәрізді әрекеттер реттелді. Осы уақытта пайдаланылған құжаттарға қатысты ұғымдар қазіргі уақыттағы қолданыстағы ұғымдардан өзгеше. Мәселен, «құжат, «қызметтік қағаз», «істің куәландырма жазбасы» «резолюция» деп аталған.Құжаттарды жіктеу олардың мақсаты мен қызметіне қарай жүргізілген. Хаткерлік ережесінде жіктелген құжаттар түрлеріне жеке тоқталып өтсек. Предписание мен отношение бір бірін толықтыратын өзара тығыз байланысты құжаттар. Предписание жолданатын адамның бағынатынын не бағынбайтынын білдіреді. Әр бастық өзімен бірдей немесе жоғары шендегіөз бағыныштысына предписание береді. Отношениені бастық төменгі шендегі және төменгі лауазымдағы бағынышты емес адамдарға жолдайды. Хаткерлік ережеде құжаттарды әзірлеу және рәсімдеу тәртібі де тәптіштеліп баяндалған. Мәселен, императорға жолданатын баяндамалар, есептер, өзге құжаттар қарапайым ұсақ жазумен жазылды. Қызметтік құжат кімнің атынан жіберілсе сол адмның қолын қою тіртібі бекітілді.Куәландыру тиісті бөлімнің құзырында болды. Қол қою және куәландыру тиісті бөлімнің құзырында болды. XIX ғасырда Қазақстанға ендірілген патшалы Ресейдің басқару институтының тетіктері іс жүргізу саласымен бірге мемлекеттік деңгейде реттеліп отырды. Мемлекеттік іс жүргізу империяның саясатын бір орталықтан іске асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайда әрекет етті. Жоғарғы мекемелерге бағынған қазақ жеріндегі басқару мекемелерінің қызметі жан жақты іс жүргізу құжаттарында көрініс табады. Демек іс жүргізу де басқару жүйесіндей белгілі мақсатты көздеуге бейімдендіріледі. Заңдастырылған құжаттарды рәсімдеу, оларға қол қою және куәландыру, орындалған құжаттарды іске тігу тәртібі кеңестік дәуірге дейін сақталды.

Қазақ жерінде іс жүргізу жүйесінің қалыптасып дамуы империялық басқару жүйесінің қалыптасуымен қатар жүрді. Мемлекеттік қайта құруларға байланысты жүргізілген реформалармен қатар іс жүргізу жүйесі де жаңа заңдармен реттеліп отырды. 1811 ж. «Министрліктерді ортақ құру» Заңына сәйкес іс жүргізуде өзгерістер орын алды. Істерді тіркеудің белгілі нысандары, орындау мерзімі көрсетілген істердің министрлік ішіндегі қозғалысы, құжаттарды жолдау, орындалуын тексеру және есеп беру ретке келтірілді. Министрліктерді ұйымдастыруда, оның іс жүргізуінде және қызметінің принциптеріндегі бірыңғайлық империялық орталық аппаратты күшейтті. Мұның өзі біртіндеп басқарудың коллегиялық әдістерін ығыстыруға мүмкіндік беріп, уақытша болса да, барлық үкімет аппараты жұмысын күшейтті [5, 200 б.]. Бұл үдеріс қазақ жеріндегі империялық мекемелердің іс жүргізуін де қамтыды.
Қазақ жерінде басқаруды заңдастыруда 1844 ж. қабылданған Орынбор қазақтарын басқару ережесі бойынша Орынбор шекаралық комиссиясы құрылып, құрамында төраға, оның көмекшісі, кеңесшілер, заседательдер және кеңсе штаты бекітілді. Осы ережеде төраға лауазымымен қатар іс жүргізуші лауазымы да көрсетілді [29]. Ережені әзірлеуге байланысты Орынборға қазақтың дәстүрлі құқын білетін атақты билер мен сұлтандар шақырылады. Сұлтандар Ахмет Жантөрин, Айшуақ Баймұхамедовпен бірге қазақ тұрмысынан жақсы хабардар хаткер Половоротов қатысады. Орыс тіліндегі «письмоводитель» терминінің аудармасы «хаткер» лауазымы осы уақытта кең қолданыла бастады. Іс жүргізу ортақ басқарудың ажырамас элементі ретінде заңды түрде бекітілді.
ХІХ ғ. екінші жартысында патшалы Ресейде қаржы және ағарту салаларында реформалар жүргізу қолға алынды. Әскери реформа нәтижесінде полицейлік аппарат күшейтілді. Орталық басқарудың негізгі буыны – министрліктің құрылымы өзгерді. Бірақ мемлекеттік аппараттың қайта ұйымдастырылуы іс жүргізу үдерісін бекіткен ортақ заң нормаларына қатысты болмады. Бұл ең басты кемшілік еді. Басқару жүйесі кейінгі жылдары әскери және сот басқару жүйелерімен толықтырылып, оның басты мақсаты қазақ жерін империялық бір орталықтан басқаруға бағытталды. Біртіндеп әскери реформалар өздерімен қатар іс жүргізу саласын жетілдіруді де ала жүрді. Осы бағытта алғашқы іс жүргізу тәртібін реттейтін «Әскери ведомствода хаткерлік туралы ереже» әзірленіп, ол Қазақстандағы мекемелерде де басшылыққа алынды.
Хаткерлік ережесінің бірінші – «Жалпы ережелер» бөлімінде құжаттардың жіктелуі және анықтамалық түсініктемелері толық берілді. Әскери мекемелердің бір-бірімен жазбаша түрде қатынасуы үшін құжаттардың нақты түрлері белгіленді және азаматтық, діни мекемелермен барлық қызметтік қатынастарының тәртібі бекітілді. Құжат айналымын ұйымдастыру бойынша барлық деңгейдегі бастықтардың жауапкершіліктері күшейтілді. Орындалған құжаттардың сақталуы анықталды. Құжаттарды әзірлеуді іс қағаздарға жауапты мамандар, бөлімінде іс жүргізуші, іс жүргізушінің көмекшісі жүргізді. Құжаттардың жоғалып кетпеуін және сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы Далалық генерал-губернатордың бұйрығымен істер жүйелі түрде кеңсеге өткізіліп отырды [30].

Наши рекомендации