Туристическая деятельность
Проживание.
Питание.
Страхование.
Виза.
Транспортировка.
Косвенные расходы.
Туристическая деятельность
3. Туристік нарықтар ерекшеліктері.
4. Туристік сұраныс мәні.
Туристік сұраныстың икемділігінің конъюнктураға, табысқа, білім деңгейіне, бағаға, жарнамаға және тағы басқа факторларға тәуелділігі
5. Туристік өнім ұсынысы.
Туристік өнім дегеніміз – саяхат барысында туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажеттітуристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
6. Туристік баға мәні.
7. Бәсекелестіктің артықшылығы және кемшіліктері.
8. Туристік айналым мәні.
9. Туристік күндер санының бағаға әсері.
10. Туристердің жалпы саны.
11. Туристік тұтынушылар.
12. Тур дегеніміз не?
13. Туризм экономикасының мәні неде?
14. Туристік нарық сыйымдылығы дегеніміз не?
15. Туристік сұраныс икемділігі дегенімі не?
16. Әлеуметтік сала және туризмдегі микроэкономика пәні мен әдістемесі.
17. Сұранысты талдау мен ұсыныс қызметінің негізі.
18. Тұтынушы талғамы теориясы.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.
Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.
19. Өндіріс пен шығындар теориясы.
Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:
1) шикізаттар мен материалдар;
2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;
3) еңбек құны;
4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар).
Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Өндірістік процесте п өндірістік факторлары қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін:
Х = (х1, х2, . . . , хп).
Мұнда хі – і - факторларының саны. Бұл факторлар п-түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:
У = (у1, у2, . . . , уп).
Мұнда уі – j - өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады. V = (X, Y)
Егер барлық өндіріс факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:
у =f (х1, х2, . . . , хп).
Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғ,андағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп атайды. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшн, өндіріс шығындары тек қана L – еңбек және К – капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:
у =f (К, L).
Мұнда, у – өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.