Сызықтық модельдер арқылы бизнес-шешімдер қабылдау

Бизнес–шешімдерді модельдеу” пәнінен аралық бақылауларды өткізуге арналған есептер жиыны

Көңіл аударыңыз! Аралық бақылау 8 және 15 апталарда өткізіледі. Әрбір аралық бақылауда студент 2 тапсырысты MS Excel-деөзбетінше орындап, орындаған жұмысы бойынша компьютерде презентация жасауға міндетті.

1-ші аралық бақылауды (8-аптада) өткізуге арналған тапсырыстар

Сызықтық модельдер арқылы бизнес-шешімдер қабылдау

1-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір студентке нақтылы нұсқаның нөмірін қарастырылып отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

1-нұсқа.Кәсіпорында 3500 м2 егіске көкөніс өндірілмекші. Барлық көкөніс өнімдері 100 ц кем болмауы міндеттелген және 1 ц көкөніс өндіруге кететін шығындар төменде кестеде келтірілген.

Көкөніс түрлері 1 ц көкөніс өндіруге кететін шығындар
Ақша шығыны, мың.теңге Егіс ауданы, м2
Көк жуа
Қияр
Помидор

Жалпы өзіндік құн минимальды болатын көкөніс өндіру жоспарын анықтаңыз.

2-нұсқа. Үш фермерлік қожалық 10 мың центнерден кем емес сүт өндіруге тиіс. Әрбір фермерлік қожалық туралы керекті мәлі-меттер төменгі кестеде келтірілген. Жалпы сүттің өзіндік құны минимальды болатын өндіріс жоспарын құрыңыз.

Фермерлік қожалықтар 1 ц сүттің өзіндік құны, теңге Сиырлар саны, бас Бір сиырдан өнді-рілетін өнім, ц
І
ІІ
ІІІ

3-нұсқа. Фермерлік қожалықты максимальды пайда алуға жеткізетін өндіріс жоспарын құру керек. Өндірістің 1 га есептелген экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде берілген.

Көрсеткіш Бидай Арпа Картоп
Өндірілетін өнім, ц
Механикаландырылған жұмыстағы еңбек шығыны, адам-күн
Қолмен істелетін жұмыстағы еңбек шығыны, адам-күн
1 ц өнімнен түсетін табыс, мың теңге 12,5 12,5
1 га егіске кететін толық шығын, мың теңге

Фермерлік қожалық, 5000 га жыртылған жер мен механика-ландырған жұмыс үшін 15000 адам-күн мен және 30000 адам-күн жұмысшылар қорымен қамтамасыздандырылған.

4-нұсқа. Бір кәсіпорын екі түрлі (А және В) заттарды құрастыру үшін үш түрлі технологиялық құралдар қолданады. Заттардың әрқайсының бір данасын құрастыру үшін осы үш құралдың қанша уақыт қолданылатыны төмендегі кестеде келтірілген.

Құралдар Заттың бір мөлшеріне қажетті уақыт, сағат
А В
І
ІІ
ІІІ
Шығын, мың теңге

Кәсіпорын бірінші және үшінші құралды, сәйкесінше 26 және 39 сағаттан артық қолдана алмайды. Екінші құралды 4 сағаттан кем қолдану тиімсіз.

Мақсат құрастырылған заттардың жалпы өзіндік құны өте аз болу үшін кәсіпорын әрбір затты қандай мөлшерде құрастыру керек.

5-нұсқа.Бұршақ, сұлы және азықтық қызылша өндірілмекші. Шаруашылықта егістік жер – 500 га, еңбек қоры – 4200 адам-сағат, қаржы – 100000 тенге. Азықтық қызылша өндірілетін егіс ауданы 50 га аспау керек.

1 га есептелген көрсеткіштер

Егіс өнімдері 1 га шығындар 1 га өндірілетін өнім мөлшері, теңге
Еңбек, адам-сағ. қаржы, тенге
1. Бұршақ 5,2
2.Сұлы 4,8
3. Азықтық қызылша 42,0

Өндірілген өнімдердің жалпы бағалар сомасы максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтайлы сәйкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

6-нұсқа.Шаруашылықта көк азық және ірі азық үшін көпжыл-дық және біржылдық шөп өндіріледі. Егіс ауданы – 400 га, еңбек қоры – 2000 адам-сағат, көк азық үшін көпжылдық шөптің егіс ауданы 100 га аспауға тиіс.

Мал азығы дақылдарын өндірудің тиімділігі

Көрсеткіштер Көпжылдық шөп Біржылдық шөп
көк азыққа ірі азыққа көк азыққа ірі азыққа
1. 1 га еңбек шығыны, ад.-сағ. 2,0 3,0 3,5 4,5
2. 1 га өндірілетін азық, ц а.ө.б. 30,0 25,0 25,0 20,0

Оңтайластыру критериясы – барлық егіс ауданынан макси-мальды азық өндіру (ц а.ө.б. бойынша), есептің шешімін талдау.

7-нұсқа.Бұршақ, сұлы, қыстық бидай және картоп өндіріл-мекші. Шаруашылықта егістік жер – 700 га, қыстық бидайдың егіс ауданы, барлық дақылдардың егіс ауданының 1/3 бөлігінен аспау керек және картопқа қажетті егіс аудан 200 га көп болмауға тиісті.

1 га алынатын өнім және 1 ц өнімнің сатылатын құны

Өнім түрлері 1 ц алынатын өнім, ц/га 1 ц өнімнің сатылатын құны, мың теңге
1. Бұршақ 65,0 20,0
1. Сұлы 20,0 9,0
2. Қыстық бидай 25,0 13,0
3. Картоп 150,0 6,0

Өндірілген өнімдерді сатып, алынған табыс максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтайлы сәйкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

8-нұсқа.Шаруашылықта сұлы, жүгері силосқа және ірі азық үшін көпжылдық шөп өндірілмекші. Егіс ауданы – 600 га, еңбек қоры – 3000 адам-күн. Сұлының егіс ауданы 200 га көп болмасын. Силосқа арналған жүгерінің егіс ауданы қалған жердің ауданының жартысынан аспау керек.

Өндірілген мал азығының азық өлшем бірлігі максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтай-лы сәкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

Мал азықтық өнімдерді өндіру көрсеткіштері

Көрсеткіштер 1 га алынатын азық, ц а.ө.б. 1 га еңбек шығыны, адам-күн
1. Сұлы 25,0 3,0
2. Силос үшін жүгері 24,0 2,0
3. Ірі азыққа көпжылдық шөп 16,0 2,0

9-нұсқа.1000 га жерге көпжылдық шөп егілген. Осы көп-жылдық шөпті ірі азыққа, көк шөпке және силосқа жинамақшы. Оның ішінде кем дегенде 21000 ц а.ө.б. ірі азық және 12000 ц а.ө.б. силос алынуы керек. Шаруашылықта жалпы еңбек қоры 15760 адам-сағат.

Жинау тәсіліне байланысты көпжылдық шөпті өндіру төмен-дегідей көрсеткіштермен сипаталынады:

Көрсеткіштер Көпжылдық шөп
Ірі азыққа Көк шөпке Силосқа
1. 1 га алынатын өнім, ц 50,0 125,0 250,0
2. 1 ц өнімге керекті еңбек шығыны, адам-сағат 0,2 0,128 0,1
3. 1 ц азықтағы азық өлшем бірлігі (а.ө.б.) 0,5 0,4 0,16

Оңтайластыру критериясы – максимальды азық өндіру, а.ө.б. Есептің шешіміне талдау жүргізіңіз.

10-нұсқа.Кәсіпорнында төрт түрлі: Ө1, Ө2, Ө3 және Ө4 өнімдер өндірмекші. Олардың бір бірлігін өндіруге керекті еңбек, материальдық және қаржы қорлар шығындары төменгі кестеде берілген.

Сұранысқа байланысты әрбір өнімнің төменгі және жоғарғы өндіру шектері анықталған (кестені қараңыз). Осы деректермен есептің максимальды пайдаға көзделген математикалық моделін тұрғызыңыз. Есептің шешіміне экономикалық-математикалық тал-дау жасаңыз.

Қорлар Өнім түрлері Қорлар мөлшері
Ө1 Ө2 Ө3 Ө4
Еңбек шығыны
Материалдық шығын
Қаржы
Өнім өндіру шегі Төмегі -
Жоғарғы -
Пайда

2-ші тапсырыс

(Магистранттар журналдағы реттік нөмірі бойынша орындайды)

Төмендегі шартпен өнім өндірудің оңтайлы жоспар-ын құру есебін шығарыңыз.

Екі түрлі өнім үш түрлі шикі заттардан жасалынады. Бірінші өнімнің бір данасын жасау үшін шикі заттар, сәйкесінше: а1, в1 және с1 кг мөлшерде, ал екінші өнім үшін: а2, в2 және с2 кг мөлшерде қажет. Кәсіпорында шикі заттар мөлшері, сәйкесінше: А, В және С кг. Бірінші өнімнің бір данасынан түсетін пайда Р1 а.б. (ақша бірлігі) және екінші өнімнің бір данасынан – Р2 а.б. Алынған оңтайлы шешімге экономикалық-математикалық талдау жүргізіңіз.

Нақтылы мәліметтер кестесі

№ нұсқа а1 в1 с1 а2 в2 с2 А В С Р1 Р2

2-ші аралық бақылауды (15-аптада) өткізуге арналған тапсырыстар

Наши рекомендации