Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы
Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы ұлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған».
1269 ж. үлы ханнан тәуелсіз Хайду мемлекетінің күрылуы жергілікті халықтан шыққан феодал билеушілердің бас көтере бастағанынын куәсі еді. Осы жылы Талас бойында шакырылған кұрылтайда олар отырықшы-егінші аудандарды кұрып кетуден қорғау әрекеттерін жасады.
Алайда Шыңғыс әулетінін арасындағы толассыз талас-тартыс пен Хайдудын ұлы хан армиясымен үзакқа созылған соғысы кұрылтай шешімін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Хайду ізбасарлары арасында басталған өзара тартыстар XV ғ. алғашқы жартысында Жетісудың экономикалык кұлдырауын шегіне жеткізді. Махмуд ибн Уәли Хайду ұлдары мен Шағатайдың шөбересі Доба арасындағы қақтығыстар туралы былай деп жазды: «Біздін аталарымыз өзара соғысып жатқан кезде көптеген адамдар жазыксыз қырылды, аудандар канырап калды, иелігіндегі жерлер сағымға айналды, егістік қурап қалды... кдлалар мен құрылыстар адамдар жылы орнын тастап, кезбе кайыршыға айналды».
Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында тұрға Казакстанның оңтүстік-шығысындағы — Баласағұн, Тараз, Алма-лық, Алмату, Қаялык, Ілебалық, Екіоғыз, т. б. үлкенді-кішілі калалац мен елді мекендер жер бетінен жоғалып кетті.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.
1380 ж. Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Ноғай Ордасына арқа сүйеп, Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, «Куликово даласы» деп аталатын жерде Қырым ханы 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскері жеңіліске ұшырады. Соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. XV ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. XV ғ. I жартысында онан Бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары империядан толық тәуелсіздігін алды.
Сол шамада бірінен соң бірі Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай, Көшпелі Өзбек, Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Ал Шағатай ұлысының орнына Моғолстан мемлекепті құрылған болатын. Ол да Ақсақ Темір шабуылдарынан әліреп, одан соң солтүстігіндегі ойрат-жоңғарлардың шабуылынан тыным көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде Жошы ұлысының орнына келген және далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі мемлекет соның ішінде Қазақ хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан Еділге дейінгі жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі өлтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.