Дәріс тақырыбы. Экономикалық өсу және экономиканың кезеңдік ауытқуы.
1. Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар
Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық параметрлердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады. Яғни экономикалық өсу барасында экономикалық бір тепе-теңдік деңгейден екіншіге ауысуына талдау жасау.
Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын сипаттайды.
Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1.1-сурет).
ЖҰӨ
экономикалық бумы өсу
бум
жандану
құлдыр. тоқырау
t (жылдар)
40-60 жыл
1.1-сурет
Экономикалық даму циклы 40-60 ж аралығында жүреді. Экономикалық циклдың сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да болатындығын білдіреді.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске анализ жасалмай, экономикалық өсу мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу – бұл экономиканың дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) даму тенденциясы. Мысалы, жай экономикалық өсу емес, тұрақты экономикалық өсу. Сонымен қатар экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу – мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі.
Экономикалық өсу тиімділігі «өндіріс тиімділігі» түсінігінің барлық құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:
· тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
· қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
· халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен қауымдастыруды тереңдету;
· өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын жаңарту;
· белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б.
Экономикалық өсудің кезкелген түрі, мейлі ол өндiрiс масштабын ұлғайту немесе оның сапалы сипаттамаларын жаңарту болсын, қосымша инвестицияны талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы мен реттеушісі болып табылады. Инвестициялық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттар жасауын талап етеді.
Өндірістік мәселелерді шешудің қиыншылығы нақты себептерге: нашар тамақтану мен әлсіз денсаулыққа, өмір деңгейінің төмендеуіне; институционалдық жағдайлар мен еңбек рыногының жетілмегендігіне байланысты. Оның ойынша, кейнсиандық бағытты бұл елдерге қолдауға болмайды. Мюрдаль бойынша дамуы төмен болудың себебі – шетелдік капиталдың жетіспеушілігінде емес, еңбек ресурсын толық пайдаланбауда болып табылады.