Лпынай бізтұмсығының ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы - Anthonomus rubi Hrbst. (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы). Бүлдірген мен таңқурайдың жапырақтары мен шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Қоңыздары сұрғылт-қара түсті, ұзындығы 3 мм дейін. Дернәсілі ақ түсті, Қоңыр басты, С-түріндегі формада, ұзындығы 3,5 мм дейін.Жыныстық жетілмеген қоңыздар өсімдік қалдықтары мен топырақ үйінділерінің астында қыстайды. Көктемде, бүлдірген қайта көктей бастағанда қоңыздар егіс алқабында пайда болады. Ересек дарақтар жапырақтармен, сағақтармен қоректенеді, сондай-ақ шанақ тозаңдықтарын жей алады. Аналықтары бүлдірген шанақтарының ішіне бір жұмыртқадан салады және гүл сағағын кеміріп тастайды. 6-8 күннен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады да, шанақтың солып, шіріп бара жатқан ұлпаларымен қоректенеді. Осы жерде дернәсілдер қуыршақтанып, 8-10 күннен соң жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады. Олар жапырақтарда кішігірім тесіктер жасап, сонымен қоректенеді. Қоңыздар таңқурайға ұшып барып, оның шанақтарын зақымдауы мүмкін. Жылына бір ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Бүлдірген алқабы таңқураймен қатар болмағаны жөн. Өсімдік қалдықтарын жинау және жою. Өсімдіктерді мұқият қарау.
60.Астық шыбыны және сабақ жегіш бүргенің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Гессен шыбыны - Мауеtiola destrucor Say. (Cecidomyidae – галлица )Гессен шыбынның имаго мен жалған пілләсы тұқымдасы, Diptera – қос қанаттылар отряды). Ересек зиянкестер масаларға ұқсас, дене ұзындығы 2,5-3,5 мм, мұртшалары 17 бунақты, ұзын. Денесінің түсі үстіңгі жағында сарғыш - күрең немесе қара - күңгірт, төменгі жағында ақшылдау.Дернәсілдері ақ, ұршық тәрізді, ұзындығы 4 мм. Олар бидай, қарабидай, жатаған бидайық, арпабастың сабақтардың негізінде жалған піллє немесе пупарий ішінде қыстайды (жалған піллє – қатайған түлеу терісі). Көктемде қуыршақтану да сол жерде өтеді. Жалған піллєдан шыбындардың ұшуы ұзақ мерзімде байқалады. Ересектерінде ауыз мүшесі кеміп дамыған. Аналықтары жұмыртқаларын топтап, жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Ауаның температурасы 150С төмен болғанда олар жұмыртқа салмайды. Эмбрионалдық дамуы 4-7 күн. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер жапырақтың қынабына енеді және сабаққа сүлікше қадалады да, оның шырынын сорады. Қаупітілігі жұмсақ бидайға жоғары, ал арпаға шамалы, сұлыға қауіптілігі жоқ. Өсімдік жапырақтары кеңейеді, сабақтары жуандау болып көрінеді. Жапырақтар сарғаяды және ерте зақымдаса - өсімдік өліп қалады, ал кейін (түтіктену фазасынан бастап) зақымдалған сабақтар тіке өспейді. Олардың зақымдалған жерлері жіңішкереді және бүгілістер пайда болады, астықты орып жинау жұмыстарын қиындатады.Маусым кезеңінде 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Гессен шыбыны ылғал сүйгіш. Ќұрғақшылықта олар жаппай өледі, дернәсілдерінің дамуы үзіліске ұшырайды. Көбінесе 1- ші ұрпақтың дернәсілдері зиян келтіреді.
Швед шыбындары: арпа - Oscinella pusilla Meig., сұлы - O. frit L. ( acтық шыбын тұқымдастары - Chloropidae, қос қанаттылар отряды - Diptera ).Биологиясы жєне морфологиясы жағынан айырмашылығы жоқ. Ересек шыбын қара, денесі дөңес болып келеді. Денесінің ұзындығы 1,5-2,0 мм. Дернәсілдері қаралау- ақшыл, ұзындығы 3-4 мм. Сұлы швед шыбыны сұлыны зақымдайды. Шыбынның ұшуы 1 айға дейін созылады. Сұлы швед шыбыны көбінесе ылғал сүйгіш. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50% дейін болғанда, шыбындар өле бастайды. Сондықан Солтүстік Қазақстанда арпа швед шыбыны кеңінен таралған. Жоғары жастағы дернәсілдер сабақта қоректенген жерінде жалған піллєда қыстап шығады. Көктемде сол жерде қуыршаққа айналады. Аналықтары жұмыртқаларын колеоптиль үстіне немесе астына, жапырақтың қынабына біреуден немесе екеуден салады. Барлығы орташа есеппен 30 жұмыртқа салады. 3-4 ұрпақ беріп дамиды.Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер сабақтың ішіне енеді. Дернәсілдер арпа, бидайдың жас сабақтарына ғана зиян келтіреді. Қара бидай, жүгері, ас-тық тұқыдас шөптер де зақымдануы мүмкін. Сабақ ішінде эмбриональды ұлпалармен қоректенеді, сонымен қатар ортаңғы жапырағы сарғаяды және солып қалады. Зақымдану фазасында 2-4 жапырақтар өсімдіктің өлуіне єкеп соқтырады.
Сабақ бүргелері: үлкен - Chaetocnema aridula Gyll. және кіші -Chaetocnema hortensis Geoffr. (жапырақ жемірлері тұқымдасы – Chrysomelidae, қатты қанаттылар отряды - Coleoptera). Ќоңыздар қара- қола түсті. Денесінің ұзындығы 1,6-3,0 мм. Артқы аяктары секіргіш. Дернәсілдердің ұзындығы 5 мм дейін, күрен - ақшыл дақтары бар. Басы, кеуде аяқтары және денесі қара. Жұмыртқаларын астық дақылдарының астыңғы жапырақтарына немесе топыраққа салады. Шыққан дернәсілдер сабақ ішіне енеді, сабақтың негізінде қоректеніп, ортаңғы жапырақтың солуына әкеп соқтырады. Кейін сабақтар мүжілуімен қатар, сынады. Дернәсіл сабақтың ішінде дамиды. Көп зиян бидай мен арпаға келтіреді. 2-3 аптадан кейін дернәсіл топыраққа қуыршақтануға кетеді. Ересек коңыз солып қалған жапырақтармен қоректеніп, аса зиян келтірмейді. Құрғақшылық өсімдікке сабақ бүргелердің көбеюіне қолайсыз жағдай тудырады. Жұмыртқалардың көбі кұрғап кетуден өледі.
Күресу шаралары. Шыбындардың қыстайтын қорын анықтау үшін күзде және көктемде аңыз сабағын 8-16 үлгіден 0,25 м2 алып талдау жасау керек. Егер 1м2 көлемде гессен шыбынының пупарийлер (жалған піллә) саны 10 данадан асатын болса, сүрі жер не болмаса аз зақымданатын дақылдарды (сұлыны, арпаны) орналастыру керек. Топырақты аудара жыртқанда дернәсілдің 90% өледі, ал аудармай өңдеген кезде шамамен 20 % өледі. Жаздық бидайды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан алшақ орналастыру қажет. Себер алдында тұқымдарды жүйелі әсерлі инсектицидпен уландырғанда (тұқымды токсикациялау) жақсы нєтиже береді. Кеш себілген жаздық астық егістер швед шыбыны әсерінен қатты зақымданады (солтүстік аймақтарда 25 мамырдан кейін). Олармен күресуде ең маңыздысы – астық дақылдардың оңтайлы себу мерзімін сақтау. Тіршілік кезеңінде бақылау жұмыстарды этномологиялық аулағышпен жүргізуге болады. Әр егістіктің 10 жерден 10 рет сермеп кағады, сонымен қатар өсімдіктердің 10-16 үлгілерін (әр үлгі 0,25м2 ) алады. Талдау жасағанда әр өсімдіктің сабақтарын, қынабын ашып қарайды. Сабақ бүргесі дернәсілдердің негізгі айырмашылығы - жұпты аяқтары және бастары бар, шыбын дернәсілдері аяқсыз, бассыз түрде болады. Егер ересек шыбын және бүргелердің саны аулағышты 100 рет қаққанына 30-50 дана, не болмаса өсімдіктердің 30% көлемінде гессен шыбынның жұмырт-қалары байқалса, инсектицидтер («Тізім …» бойынша) қолдану керек.