Программалау тілін таңдауды негіздеу
60 жылдары дерекқор жүйесі түсініктеріне негізделген, ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру үрдістеріне жаңа шешім табылды. Дерекқор деп – есептеу жүйесінде сақталатын, ұйымдастырылған мәліметтерді атайды. Деректер базасы белгілі бір пәндік аймақ үшін (банк, биржа, дүкен, қойма, кітапхана және тағы басқа) жасалады. Бүгінгі таңда деректер қорын шамамен барлық жерде кездестіруге болады. Дерекқор медицинада, транспортта, құқық қорғау органдарында, қалалық анықтама қызметтерінде, өндірісте және оқу орындарында қолданады. Дерекқор компьютер пернетақтасының бірнеше пернесін басу арқылы санаулы секундтарда алуға болатын әр түрлі ақпараттарды өзінде сақтайды.
Программалық жабдықтау аумағының мөлшерінде және біздің күнделікті өмірімізде ерекше орын алатын деректер қорын басқару жүйесі - дерекқор жасау және қолдану үшін қызмет атқарады. Деректер қорын басқару жүйесі дерекқор технологиялық негізінде ақпараттық жүйелер құру арқылы ақпараттық қызметтерді ұйымдастыруда жаңа концепциялардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйелердің жұмысы глобальді интернет желісі көмегімен ғана әрі қарай интеграцияланатын әр түрлі сәулетті немесе олардың қосындыларынан тұратын жергілікті есептеу желілерінде, яғни корпоративті желілер атына ие болған желілерде жүзеге асады.
Ақпараттық-есептеу жүйесінің жоғары деңгейде интернетті қолдану арқылы ұйымдастырылуы - мамандардың тек қана еңбегі мен уақытын үнемдеу ғана емес, осы жүйені жұмысында пайдаланатын әр түрлі категориялы жұмысшылар еңбегінің шығармашылық үлесін арттырады. Басқаша айтқанда, мұндай жүйені қолдану, ең біріншіден, еңбек сапасын артырып, кей жағдайларда, тікелей экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. Дерекқор басқару жүйесінің технологиясы – қолданбалы есептерді шешу үшін аз шығынданумен және өте жоғары әсерлікпен ақпарат жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, деректерді өңдеуде болашағы бар технологиялардың бірі болып табылады.
Деректер деп – кезекті өңдеуге, сақтауға және жіберуге қажет, белгілі формада бекітілген ақпаратты айтамыз. Деректер – белгілі объектілер немесе шынайы өмір құбылыстарының тіркелген факторларына сәйкес келеді.
Деректерді өңдеудің дәстүрлі технологиясында әрбір программа деректерді қосарлануға алып келетін, өзінің деректер файлдарымен жұмыс атқарады. Әр түрлі программаларды бір деректер файлдарын қолдану арқылы деректердің қосарлануын болдырмау әрекеттері, программалардың бір-біріне тәуелді болуына әкеледі. Осыған тоқталсақ, деректерді өңдеудің дәстүрлі жүйесінде сақталатын деректер пішімі мен деректер файлының құрылымын түзейтін программамен анықталады және осы файлды пайдаланатын программаларда ескерілуі керек. Деректер файлының құрылымындағы өзгерістер қолданатын программалардағы өзгерістерге алып келеді.
Деректер қосарлануының және деректер мен программалар арасындағы тәуелділіктің алдын алу үшін құрылымның өзгеруі белгілі бір нақты қолданушы программасымен анықталмайтын деректер файлдары болу қажет және осы файлдар жиынтығын дерекқор деп атайды. Ал, осы дерекқорды құру және басқару үшін ойлап табылған программалық жүйелер дерекқорды басқару жүйелер атына ие болды.
Дерекқор – есептеу жүйесінде сақталатын және оларды пайдаланатын программаларға, арнайы ұйымдастырылған деректер массиві. Пәндік аймақ деп – пайдаланушыны қызықтыратын шынайы әлемнің бөлігі, яғни нақты дерекқор қолданылу аймағы. Дерекқор ұжымдар мен серіктестіктерді басқару ортасында, транспорт, медицина, ғылыми зерттеуде және тағы басқада қолданылатын түрлерін ажыратады.
Дерекқор басқару жүйесі деп – дерекқор көптеген қолданушылардың түзету жасауға, жүргізуге және бірге қолданылған арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығын айтамыз.
Дерекқор жүйесі – бұл деректерді орталықтан жинақтауды қамтамасыз етуге және көп бағытты коллективті пайдалануға бағытталған, арнайы түрдегі ұйымдастырылған деректер, программалық, техникалық, тілдік, ұйымдастыру – методикалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе.