Арнайы мақсатағы аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды
Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды (есеп) – бұл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің арасындағы келісімшарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.
Арнайы мақсаттар төмендегілер болуы мүмкін:
· қаржылық қорытынды есептің жекелеген көрсеткіштері жөніндегі қорытынды;
· корпоративтік табыс салығы бойынша қорытынды есеп беру жөніндегі қорытынды;
· кәсіпорынның төлей алу қабілеті және жарғылық капиталының құралуы жөніндегі қорытынды;
· келісім-шарттардың орындалуы және дебиторлық, кредиторлық борыштардың шын бар екендігі жөніндегі қорытынды;
· шоғырландырылған (біріктірілген) қорытынды есептің нақтылығы жөніндегі қорытынды және т.б.
Арнайы мақсаттағы қаржылық қорытынды есептің растау кезінде аудиторға өзінің қорытындысында сілтеме жасау және ереже-нұсқауларға қайшы келмейтіндігіне көз жеткізу керек.
Аудиттің отандық тәжірибесінде, әдете, аудит жүргізіліп болғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісі жасалынады.
Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек кездеседі, теріс аудиторлық қорытынды еш уақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген компания үшін қандай да болмасын шарты қорытынды ерекше жағдай болып табылады.
Әдетте кәсіпорын басшылыры ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындағы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады.
Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мәжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде төмендегілер қарастырылуға тиісті :
«Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 200_ жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды (немесе дәл көрсете алмайды)» [6].
2.3 Тіркеме (аудиторлық қорытынды)
Мен, тәуелсіз аудитор Жұманов Кенесары (№0201 біліктілік куәлігім өзінің қызметін заңды тұлға құрмай – ақ жүзеге асырушы жеке кәсіпкер ретінде 2001 жылғы 10 қаңтарда Алматы қаласы Әуезов аудандық салық комитетінің тіркелген, 2001 жылғы 29 тамызда берілген мемлекеттік лицензияның №0000078) 203 жылғы 20 ақпандағы келісім шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясына бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге беру үшін «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының құралуына, сонымен бірге қаржылық жағдайына, төлей алу қабілетіне аудит жүргіздім.
Аудитке төмендегі қаржылық құжаттар тапсырылады:
· баланс;
· табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп;
Директорлар Кеңесінің 2003 жылғы 10 мамырдың өткізілген «Таза табыстың бір бөлігін үшінші эмиссиясының акцияларын сатып алуға пайдалану туралы» мәжілісінің №6 хаттамасы. Акционерлік қоғамның басшылары баланстың, табыстары мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің және басқа қаржылық ақпараттардың Қазақстан Републикасының заңдарына сәйкес жасалғандығына жауап береді. Менің міндетім аудиторлық тексерудің негізінде қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды (есеп) жасау болып табылады.
Мен аудитті Халықаралық аудит стандартына сәйкес жүргіздім. Алматы облысы Қаскелең қаласында орналасқан «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғам Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде 1995 жылы 22 желтоқсанда алғаш рет тіркелген болатын, ал 1993 жылы 23 желтоқсанда тіркеуден қайта өткізілді №32710 – 1926.
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында төмендегілер айқындалды:
· жарғылық капиталдың шамасы құрылтай құжаттарына сәйкес 120 млн. теңгені құрауға тиісті;
· жарғылықты капиталдың нақты құралған (төленген) шамасы 40318520 теңгені құрады;
· жарғылық капиталдың құралу көздері:
а) акционерлердің салған сомасы 7318520;
ә) директорлар Кеңеснің шешіміне сәйкес орналастырылған акциялардың құны (2003 жылғы 16 қаңтарда өткізілген мәжілістің №5 хаттамасы), опкцион бойынша 4161014 теңге;
б) сомасы 22838786 теңге мөлшеріндегі акцияның қалған бөлігі кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі есебінен сатып алында (директорлар кеңесінің 2003 жылғы 10 мамырда өткізілген мәжілісінің №6 хаттамасы).
Менің ойымша қаржылық қорытынды есеп өзінің барлық маңызды аспектілірі бойынша 2003 жылғы 1 маусымға «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының дұрыс әрі дәл бейнесін көрсетеді және Қазақстан Респуликасында қаржылық қорытынды есепті құрудың қабылданған методологиясының талаптарына сәйкес келеді.
2003 жылдың 1 маусымына:
· тәуелсіздік коэффициенті - 0,55 немесе жыл басымен салыстырғанда 0,15 пунктке жоғарлаған; қаржыландыру к оэффициенті – 1,21 немесе жылдың басымен салыстырғанда 0,54 пунктке жоғарлаған жалпы өтімділік коэффициенті – 1,39 немесе 0,4 пунктке көтерілген; аралық өтімділік коэффициенті – 0,63 немесе 0,6 пунктке жоғарлаған. Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес «Трансқұрылысмонтаж» акционерлік қоғамы 2003 жылдың бас айының ішінде өзінің қаржылық жағдайын едәуір жақсарқан және оны салыстырмалы түрде өтімді (ликвидті) кәсіпорын деп есептеуге болады.
Бухгалтерлік баланстың дұрыстығына аудиторлық тексеру жаппай әдіспен жүргізілді. Аудиторлық қорытынды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясына үш беттен тұратын 3 дана етіп дайындалды. Аудиторлық қорытындының әрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап үш ай. Аудиторлық қорытындыға акционерлік қоғамның 2003 жылдың 1 маусымындағы жағдайы бойынша құрылған бухгалтерлік балансы, кәсіпорынның 2003 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымыны дейінгі табыстары мен шығыстары жөніндегі қорытынды есебі, төлей алу қабілетін, өтімділікті және тұрақтылықты есептеу көрсеткіштері тіркелді.[7]