Компания жасұлан» жшс-ның тарихы

Кіріспе

Қазақстан Республикасы теміржол көлігін қайта құрастыру бағдарламасына сәйкес, «Компания Жасұлан» Акционерлік қоғамына Павлодар, Екібастұз станцияларындағы пайдалану деполары, вагон жөндеу базасының мүлкі тапсырылған болатын.

Тапсырылған мүлік базасында бөлімшелер «Компания Жасұлан» ЖШС–ның вагон жөндеу депосы ашылды. 2001 жылдың соңында вагон жөндеу депосымен жүк вагондарын жөндеу қызметін іске асыру үшін мемлекеттік теміржол көлігі – Ынтымақтастық қатысушыларының Кеңесі Дирекциясымен шартты клейм нөмірлері берілді.

Вагон жөндеу депосының жобалық сомалық күші жылына 9000 вагонды құрайды. Бұл – жүк вагондарын жөндеу түрлерінің жылдық мөлшерінің, барлық меншік түрлерінің - 40 % .

Депода вагон жөндеу әдіс – стационарлы, вагон құрастыру цехында бір уақытта 6 вагон жөндеуден өте алады. Жабық, жартылай вагондар, шандар (қазандықты жөндеусіз) және астық тасымалдаушылар жөндеуге мамандандырылған.
Орналасқан жеріне байланысты жобалық күші жылына 9000 вагонды құрайтын, шандар, жабық, платформалар, жартылай вагондар, астық тасымалдаушылар жөндеуге мамандандырылған

Компания Жасұлан» ЖШС-ның тарихы

Қазақстан Республикасының Үкіметімен «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің құрылымын қайта қарау бағдаралмасын» қабылдауына байланысты

2002 жылғы 30 сәуірде«Компания Жасұлан» ЖШС компаниясының құрылуына мүмкіндік береді. Компанияның негізгі стратегиялық клиенті, «Компания Жасұлан» ЖШС Қазақстанның энергетикалық саласы гигантының көмірін тасымалдау экспедициялауы басталды.

2002 жылдың қараша айы -«Алтайвагон» ААҚ-мен келісімшарт бойынша бірінші 70 жаңа үсті ашық вагондарды меншікке сатып алу, олар 2002 жылдың 15 қарашасынан Петропавл ст. және Екібастұз- Солтүстік ст. («Аксесс Энерго Петропавловская ТЭЦ-2» ЖШС, «Экибастузский энергоцентр» ЖАҚ және «AES Экибастуз» ЖШС) бағытында көмір тасымалдауына іске қосылады.

2003 жылдың ақпан айы – «Компания Жасұлан» ЖШС активтер бөлігін іске асыру бойынша «ҚТЖ»ҰК» ЖАҚ-пен жүргізілген тендерді ұтып, 2815 үсті ашық вагондардың иеленушісі болады, оның ішінде 2274 бірлігі жұмыс және 541 жұмыс емес паркінің. Сонымен қатар, компания № 16 Екібастұз эксплуатациялық вагон депосы – жөндеу базасын сатып алып, вагондарды жөндеу және вагон тораптары мен бөлшектерін қалпына келтіру жөніндегі қызмет көрсету спектрін кеңейтеді.

Осы жылы компания соңында ұзақ мерзімді серіктес болып қалған «Фрахт Сервис» ЖШС-мен өзара әрекет етіп, қызметтің жаңа түрін – темір кеңді шикізат тасымалдауын меңгереді.

2003 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» ЖШС «Миттал Стил Темиртау» АҚ («Испат Кармет» ААҚ) үшін 600 мың тонна темір кеңнің тасымалдауын жүзеге асырды.

Қазіргі кезде «Миттал Стил Темиртау» АҚ «Компания Жасұлан» компаниясының стратегиялық клиенттерінің санына енеді. «Компания Жасұлан » негізгі жүгі - көмір тасымалдау көлемі 2003 жылы 5,9 млн. тонна құрап, 26 есе өсті.

2004 жылы – Компания жүк үсті ашық вагондар меншік паркін 3000 бірлікке дейін, оның ішінде 200 жаңа үсті ашық вагондарды сатып алу жолымен көбейтеді. 2004 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» меншік жылжымалы құрамымен 13,4 миллион тонна жүк тасымалдаған.

2005 жылы –тасымалдау географиясы кеңейіп,Қазақстанның үш және Ресейдің екі аймағын қамтиды. 2005 жылы «Компания Жасұлан» ЖШС тасымалданған жиынтық көлемнен халықаралық тасымалдауға 85, ішкі тасымалдауға – 15 пайыз келеді.

2004-2005 жылдар ішінде Компания маңызды табыстарға жетіп, Қазақстан темір жолы саласы реформаларының белсенді қатысушысы болады. Компания құқықтық, нормативтік және тарифтік базаны бәсекелес орта талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп өткізеді. Осы бағытта жұмыс істей отырып, Компания басқа көлік кәсіпорындарымен және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-мен тығыз өзара әрекет етеді. «Компания Жасұлан» ЖШС «Қазақстан Тасымалдаушылары мен вагон операторлары қауымдастығы» құрылтайшыларының бірі болып, «ҚР Ұлттық экспедиторлары қауымдастығының» қызметіне қатысады.

Клиент базасы да маңызы кеңейіп, Компанияның стратегиялық серіктестері «КазЦинк» АҚ, «Қазақстан Темір жолы»ҰК» АҚ, «Жол жөндеуші» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ («Казжелдортранс» АҚ) болып табылады.

2005 жылдың желтоқсан айы – Компания ISO 9001:2000 халықаралық стандарты бойынша сертификатталады.

2005 жылдың қорытындылары бойынша «Компания Жасұлан» ЖШС «Quality Award 2005» және «Успешная компания 2005 года» сайыстарының жеңімпазы болып танылады.

2006 жыл – вагон паркінің қарқынды өсуі, тасымалдаудың рекордтық көлемі, жылжымалы құрам мен вагон қосалқы бөлшектерінің жөндеу нарығында жандандырылуы.

2007 жыл – Компания депосы базасында ТКОЖ вагон қызметтері басшыларының көшпелі кеңесін өткізу, жүк вагондарға күрделі-қалпына келтіру жөндеулерін өндіруге рұқсат алу. «Компания Жасұлан» ЖШС бес жылдығы.

2008 жыл –Компания «Жылдың үздік көлік компаниясы» номинациясындағы «Алтын Тұлпар» деген бірінші ұлттық қоғамдық көлік сыйының гран-приіне ие болып, «Компания Жасұлан» ЖШС бас директоры «Көлік саласындағы осы жылдың ең үздік басқарушысы» атағын алады.

2009 жыл –2008 жылдыңISO 9001 нұсқасы халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау.

«Компания Жасұлан» ЖШС филиалы –Екібастұз вагон депосы –бұл вагондар, доңғалақ жұптары жөндеуінің барлық түрлерін, тораптар мен бөлшектердің қалпына келтіруін жүзеге асыратын замануи вагон жөндеу кәсіпорны.

Деподағы жүк вагондардың жөндеуін ұйымдастыру мен технологиясы жүк вагондардың, тораптары мен бөлшектерінің жөндеуін реттейтін нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келіп, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Депо замануи жабдықпен қамтамасыз етіліп, Қазақстанда ең жақсының бірі болып табылады.

1-сурет.Депоның ішкі көрінісі

Жөндеу технологиясында санды бағдарламалық басқару жүйесі, доңғалақ жұптары бөлшектерінің параметрлерін іріктеу үішн автоматтандырылған кешендер, вагон бөлшектерін бұзбайтын бақылау (магнитті, ток құйынды, ультра дыбысты, феррозонды) құралдары, доңғалақ жұптарының осьтері мен жалдарын қалпына келтіру мен өңдеуге арналған жабдықтар қолданылады және тағы басқалары.

«Компания Жасұлан» ЖШС-нің маңызды стратегиялық артықшылығы меншік вагон жөндеу базасының болуы болып табылады. Ол меншік вагондардың жөндеуіне шығындарды мейілінше азайтуды және жөндеу сапасын арттыру есебінен вагон паркінің эксплуатациялық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Компания Жасұлан» ЖШС деполық жөндеу жасағаннан кейін ағымдағы жөндеулерді өткізу қажеттілігі 2-3 есе қысқартылады.

Депо жөндеулердің барлық түрлерін жасайды: деполық, күрделі, күрделі-қалпына келтіру, доңғалақ жұптарының учаскелік жөндеуі, сондай-ақ элементтерді ауыстыруымен доңғалақ жұптарын жөндеу.

Депода ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі сертификатталған.

Жөндеу сапасын «Компания Жасұлан» ЖШС –нің тұрақты клиенттері болатын көптеген қазақстандық жылжымалы құрам меншіктенушілері бағалауда.
Компания жеке істің ыңғайын тауып, жөндеуге келіп түсетін жеке және шеттегі вагондар арасында айырмашылық жасамайды. Кәсіпорынға жұмыс сапасы норма болғандықтан компания вагондар меншіктенушілеріне Екібастұз вагон депосында жөндеу нәтижесі ретінде вагон паркі эксплуатациялық көрсеткіштерінің жүйелі жақсартуына сенімді кепілдік береді.

«Компания Жасұлан» ЖШС жөндеу жұмыстарын толық көлемде сапалы жиынтықты бұйымдармен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Кәсіпорынмен вагондарды жөндеуде қолданылатын қажетті қосалқы бөлшектер, тораптар, бөлшектер мен материалдар барлық спектрінің тура жеткізілуі бабына келтірілген. Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның ең ірі өндірушілері компания жеткізушілері болып табылады.

«Компания Жасұлан» ЖШС темір жол көлігі нарығында көлік- экспедициялау, тасымалдау мен жөндеу қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның жеке компаниялары арасындағы көшбасшыларының бірі.

2002 жылдың сәуір айында құрылу кезінен бастап «Компания Жасұлан» компаниясы темір жол көлігінің қызмет көрсету нарығында аяққа нық тұрып қана қойған жоқ, өзі және өз клиенттері үшін де оны маңызды түрде тұрақтандырды. Компания көрсететін қызмет көлемдерін қарқынды күшейтіп, тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуда.

Қазіргі таңдағы «Компания Жасұлан» -бұл жыл сайын тасымалданатын 20 млн. тонна жүк 4000 астам үсті ашық вагон;

Казақстандағы ең жақсы вагон жөндеу депосы 460 кәсіпқойдан тұратын ұйымдастқан команда

ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сай келетін сапа басқару жүйесі;

Қазақстан Тасымалдаушылары және вагон операторлары қауымдастығының құрылтайшысы мен мүшесі (КазТОҚ);

Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлары қауымдастығының бірлескен мүшесі (ҚҰЭҚ);

Қазақстан Республикасы темір жол саласын реформалау процесінің белсенді қатысушысы.

Қызметіміздің стратегиялық мақсаты – қызмет көрсетулер мен тұрақты тұтынушылар мүдделерін барынша қанағаттануы арқылы Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамды жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетулердің вагондар операторлары мен жеткізушілер арасында жетекші көзқарасты нығайту мен сақтауы «Компания Жасұлан» ЖШС қызметтерге тұрақты сұранысты және орнықты пайданы қамтиды.

Көрсетілген мақсаттарға жету:

сапа саласында компания мен бөлімшелер белгіленген мақсаттардың өткізілімдігін, процесстердің нәтижелігін талдау арқылы сапа менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту мен осы Саясаттың мақсаттарына сапа менеджмент жүйесінің жарамдылығымен;

сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің ұйымдастыру мен техникалық деңгейін жетілдірумен;

компаниямен басқару стратегиялық, операциялық, бюджеттік, қаржы қазіргі жүйелер мен тәуекел-менеджмент дамуымен;

компанияның табысты қызметінде тұтынушылар, жеткізушілер, акция иесілер және қоғамның түгелінде барлық мүдделі тараптар қанағаттануымен қамтамасыз етіледі.

Қызметіміздің негізі – қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығының қорғауын қамтамасыз ету, олардың әл-ауқаттарын арттыру; барлық бизнес серіктестерімізге құрмет көрсету ; тұтынушылар және жеткізушілер қатынастарында ашықтық, оларға тең құқылық және өзара пайдалық серіктестік талаптарын жасау.

Біздің Саясатымызды жүзеге асыратын негізгі қағидаттар:

Кепілдік сапасы қызметінен бизнес сапасының түгел жоғарылауына көшу.

Сапаны сақтай, жылжымалы құрамға жасалатын жөндеудің өзіндік құнын төмендету.

Қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін көтеру мақсатымен жүйелі оқу өткізу.

Әлуетті тәуекелдерді азайту және нәтижелерді арттыруға көзделген ұжым ұйымдастыру.

Үдерістердің нәтижелігін қамтамасыз етуге қызмет көрсетудің барлық циклы бойынша қызметкерлердің жауапкершілігі мен өкілеттіктерін бөлу.

Өнегелік пен материалдық жағдай жасау арқылы жоғары өнімді мен сапалық еңбек қызметкерлер уәждемесі.

Анықталатын сәйкессіздіктерді ескертуге ғана емес түзетуге де көшу.

Компанияның әрбір қызметкерінің ойлау мен іс-әрекеті арқылытұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын барынша қанағаттандырудың есебі.

Басшылық көрсетілген қағидаттарға жетуге ниеттенген, осыған кәсіпорынның барлық қызметкерлерін шақырады. Басшылық ISO 9001 талаптарына сай болу, сапа менеджмент жүйесінің нәтижелігін арттыру және көрсетілген қызметтер сапасының үздіксіз жақсартуына талап ететін қаржы және материалдық қорларын бөлу, қажетті ұйымдастыру талаптарын құруға міндеттенеді.

Наши рекомендации